Home » Айдарлар » Жас талант

Жас талант

Тарихи тұлғаларды тербеткен аналар

Кез келген адамның ақылдылығы мен инабаттылығы балаға ақ сүтін беріп, аялап, мәпелеп өсірген анасының шынайы жылулығы мен баласына деген адал махаббатынан тарайды. Ана баласына махаббатын төгіп қана қоймай, жақсы, түзу жолды көрсетіп, болашағына бағыт-бағдар береді. Ана бойындағы бүкіл асыл қасиеттерді санамалай отырып: «Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем» деп Төлеген Айбергенов ананың жер бетіндегі қаншалықты қастерлі ұғым екенін айтып, ...

Read More »

Студенттер қандай салаларда жоғары жалақысы бар жұмыстарға орналаса алады?!

Негізі мамандар түрлі курстарға қатыстқаны туралы сертификат болса оны түйіндемеде көрсетіп, жұмысқа қабылдануға ықпал етуге болатынын айтып отыр. Рекрутинг мамандары 2019 жылдың I тоқсаны бойынша еңбек өтілі жоқ адамдарға және ЖОО-ның түлектеріне компаниялар тарапынан мынадай жұмыстар ұсынылғанын айтты: 1. Компанияның сатушы мамандары 2. Туризм, қонақүй және мейрамхана 3. Қаржы, құрылыс салаларының кеңесші қызметкерлері 4. Мекеменің әкімшілік қызметкерлері 5. PR-маркетинг, жарнама және PR саласы ...

Read More »

«Балапан» арнасының ұлт-ұрпағын тәрбиелеудегі рөлі қандай?

Жиырма жылдан бері, көгілдір экран арқылы, балғын көрермендер мен олардың ата-аналарының көз айымына айналған “Балапан” арнасының мақсаты – келешек ұрпағымызға, рухани нәр беріп, адамгершілігі мол, мәдениетті, білім мен ғылым шыңына шыға алатын ұрпақ тәрбиелеу.         “Балапан” – Қазақстандағы тұңғыш балалар арнасы. Телеарнаның ең басты ерекшелігі, ол тек қазақ тілінде хабар таратады. “Балапан” арнасы 2010 жылы 27 қыркүйекте құрылған болатын. Содан ...

Read More »

Таразда дарынды оқушылар марапатталды

Таразда халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары марапатталды. 2018-2019 оқу жылында жамбылдық оқушылар 130 медаль иеленген. Оның 29 алтын жүлде. Ұшқыр ойы, терең білімімен ерекшеленген 94 жеткіншекке облыс әкімінің алғыс хаты және 100 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Мәселен, Әділет Тұртемір Канаданың Торонто университеті ұйымдастыратын жыл сайынғы пән олимпиадасына қашықтықтан қатысып, екінші жыл қатарынан жүлдегер атанды. Ол биология ...

Read More »

КӨШПЕЛІ ЖӘДІГЕРЛЕР ЖАНДЫ ЖАДЫРАТТЫ

Биыл мен 11-сыныпты бітірем. Демек, қарбалас сәт күннен күнге көбеймесе азаймайтыны анық. Күнделікті қосымша сабақтар бізді шаршатады. Алайда, сол қарбалас күндердің өзі бізге жақсы әсер сыйлай алады. Оның бір мысалы ретінде біздің мектепте ұйымдастырылған көшпелі музей жайлы айта аламын. Бізді музей тамашалап, қызықтау үшін мектеп залына жинады. Бейтаныс адамдар, түрлі чемодандар мектеп залын толтырып тастапты. Бір кезде көрме ұжымының өкілі ...

Read More »

Алдар Көседен алатын өнеге                         

(Үздік қазақ киносы туралы бір үзік сыр) “Алдар Көсе” фильмін көріп, менің өмірге деген көзқарасым өзгерді.Өмір туралы  терең ойлай бастадым. Бұл кинофильм адам бойындағы қайырымдылық сезімін оятады. Алдардың образы мейірімділіктің нұрына толы. Алдар – қазақ халқының жан дүниесінің жарқын бейнесі, дархан пейілінің,  ізгі ниетінің символы. Алдар – Көсе әрдайым кедейлердің, мұқтаж адамдардың қорғаушысы болды. Ол үнемі жатып ішер байларды, халықтың ...

Read More »

   Қайталанбас Қасымхан Бегманов өнегесі

      Қазақ поэзия жанрында жанқиярлықпен өзін тек әдебиетке арнап жүрген санаулы ұлтшыл ақын бар екендігі көзі қырақты оқырман қауымға белгілі. Міне, осы саусақпен санарлықтай топтың ішіндегі алашшыл бағыттағы алаш рухты ақын Қасымхан Бегманов ағамыз. Ақынның қаламынан туған әрбір дүниеден оның шексіз дүниетанымы, талғамы танылатыны даусыз. Бүгінгі қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылып отырған Қ.Бегмановтың шығармалары – шын мәніндегі бірегей ...

Read More »

Абай әлемі және мен.

                                                                                                            “Жүректен қозғайын,                                                                                     ...

Read More »

Туған жер туралы толғаныс

Туған жер- әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Әр адам үшін өзінің туған жерінің күні де, түні де, тау-тасы да,  тоқтамай аққан өзені мен жайқалған гүлдері, еркелей ескен желі , сайраған құстары ыстық әрі қымбат екені сөзсіз. Менің Отаным-егеменді Қазақстан. Мен-осынау тоғыз әріптен құралған алапат, байтақ, тәуелсіз елдің перзентімін.  Мен-қаныммен, жаныммен, ...

Read More »