Home » Айдарлар » Темірқазық (page 4)

Темірқазық

Әлкей Марғұланның архивы: аңыз бен ақиқат

Қазақтың археология және этнография мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, тарихшы ғалым, академик Әлкей Марғұланның қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Әлкей Хаканұлы Марғұлан 1904 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. «Википедия» онлайн-энциклопедиясында мынадай мәліметтер берілген: – …Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдыңшөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашықадамдары болған. Сол дәуірдегі қазақ даласындағы ақындар мен жырауларбұл шаңырақта жиі бас қосатын болған, Хакан мен Нұриләнің шаңырағындаАбайдың өлеңдері оқылып, Жаяу Мұса мен Ақан серінің, Тәттімбеттіңшығармалары орындалған. Ауыл мектебінде, одан кейін үш жылдық орыс мектебінде оқыған Әлкейдіңбозбала шағы Қазан төңкерісіне тап келеді. 1919 жылы мұғалімдер курсынаоқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істейбастайды. 1920 жылы танымал фольклоршы Ә.Диваев қазақ кеңесфольклорын зерттеу мақсатында Жетісуға және Сырдария өзеніне ғылымиэкспедиция ұйымдастырады. Сол экспедицияның құрамында Әлкей деболады. Өз біліміне қанағаттанбаған Әлкей 1921 жылы Семей педагогикалықтехникумына оқуға түседі. Сол замандағы алғашқы орта оқу орныныңдиректоры Әлкейдің нағашы атасы Әбікей Сәтбаев (Алашорданың мүшесі) болған. Осы техникумда болашақ академик және геолог Қаныш Сәтбаев пенжазушы–драматург Мұхтар Әуезов те оқыған. 1928 жылы Мұхтар Әлкейдіөзімен бірге Ленинградта оқуға шақырған. Ол заманда жақсы оқитынстуденттердің бірнеше оқу орнында қатар оқуына рұқсат етілген. ӘлкейМарғұлан осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, үш жоғарғы оқу орнында, атапайтқанда, Шығыстану институтында, Материалдық мәдениет институтында(кейіннен Археология институты деп аталған) және Өнертану институтындақатар оқыған. Ә.Марғұлан В.Бартольд, С.Олденбург, И.Крачковский, А.Самойлович сынды ұлы орыс ориенталистерінен дәріс алған. Ленинградта оқи жүріп жас ғалым әйгілі Александр Затаевичпен танысқан. Жазғы демалыс кезінде Затаевичпен бірге туған жеріне келіп, халық әндерінжаза бастаған. 1929 жылы оқуын бітіріп, 1930 жылы ағарту саласындағыеңбек жолын бастаған. КСРО Ғылым академиясы жанындағы Материалдықмәдениет тарихы мемлекеттік академиясының аспиранты болған. Сталиндікрепрессия Әлкей Марғұланды да айналып өтпеген, 1934 жылы қудаланып, басы әрең аман қалған. Кейіннен аспирантураға қайта қабылданып, кандидаттық диссертациясын қорғаған. Сол сәттен бастап, өмірінің соңына дейін Әлкей Хаканұлы Марғұлан қазақ ғылымының дамуына, өсіп-өркендеуіне ...

Read More »

Мұхтар Шаханов: Біз тіл үшін күресіп жүргенде Мұқағалидың арақ ішуден қолы босамады

“Адырна” ұлттық порталының электронды почтасына Мұхтар Шахановтың мақаласы келіп түсті. Кейінгі кездері батыл ойларымен ерекшеленіп жүрген ақын ағамыздың кейбір пікірлерінің ақ-қарасы бізге беймәлім. Десек те, мақаланы сол қалпында жариялауды жөн көрдік. Мақала редакция көзқарасын білдірмейді.  Бүгінгі кезеңде бүкіл қазақ халқын рулық сезім жаулап алды. Біреумен жолыға қалсаңыз, ол міндетті түрде алдымен қай жүзден, қай рудан екеніңізді сұрайды. Рас, әркім ата-тегін, ...

Read More »

Қазақтың төрт құбыласы қашан теңеледі? Бақытты елдер қатарына қашан қосыламыз?

Қазір отбасылы, тұрақты жұмысы бар, дені сау адамды төрт құбыласы тең санайды. Алайда әлеуметтанушылар олай емес дейді. Қазақтың төрт құбыла дегені не? Бақыт өлшемі әртүрлі Әлеуметтанушы Нұрболат Әйекешовтың айтуынша, өзін бақытты сезінетіндерді де төрт құбыласы тең адам қатарына жатқызуға болады. – Ол бір сәттік те болуы мүмкін. Сондықтан адам өзін қаншалықты бақытты санаса, соншалықты төрт құбыласы тең адам ретінде сезінеді. ...

Read More »

Нағыз әйел қандай болуы керек?

“Нағыз әйел” ұғымын әрбір әйел заты өзінше түсінеді. Дегенмен, бәрінің де отбасында сүйікті келін, жақсы жар, аяулы ана болуға ұмтылары анық. Адам бір дүниені өзгерткісі келсе, әуелі өзінен бастағаны дұрыс. Сол секілді өзіңіздің қандай әйел екеніңізді өзіңіз ғана жақсы білесіз. 1.Нағыз әйел отбасын басты орынға қояды. Ол отбасындағы барлық жанның сүйіктісі, балаларының мақтанышы, аяулысы, қамқоршысы. Оның отырған жері көңілді. Үйінде ...

Read More »

Жүсіпбек Аймауыт. Қара бақсы

Қараңғыда қалқақтап үшеу келе жатты. Көтегейі – ауыл, беті – сұпының тамы. Үшеудің ортадағысы: қасқыр мүшелі, қапсағай Əбежан; оң жағындағысы: тапалтақ көкшіл көз Желдібай молда; солдағы – қара сирақ, қазаншы Асқар. Асқардың иығында темір күрек, молда таяқты, Əбежап құр қол. Алыстан қарауытқан мола таянған сайын құлазып, тымып, ішін тартқан іспетті үрейлі көріне берді. Ай туған жоқ, аспан бұлт, күн желтең. ...

Read More »

Жүрсін Ерман. АҚЫН мен АЖАЛ

АҚЫН мен АЖАЛ поэма (Сәкеннің соңғы сәттері) I ТАРАУ. ТАЙТАЛАС Тағы тап боп тағдыры бір кесірге, Ақын жатыр Алматы түрмесінде. Кеше жұртты тәңірдей табындырса Бүгін өзі кіріптар күн кешуде. Айналды ма шынымен күн бесінге? Жанашыр жоқ, Жақын жоқ тілдесуге. Қалың елдің қамқоры секілденіп Тұрушы еді үкімет мінбесінде. Басқа өлендер саңқылдап жыр кешінде, Дүбірлейді астана іргесінде. Білегінде шылдырлап темір кісен, Ақын ...

Read More »

Еркебұланның жиырма көгершіні, төрт жүзге жуық бөденесі бар

Еркебұланның біздің ауылға көшіп келгеніне көп уақыт болған жоқ. Қашан көрсең үй шаруасына көмектесіп жүреді. Достарымен қыдырып, бос жүргенін көрмейсің. Өткенде жұмыстан келе жатып, Еркебұланды көрдім. Қолында əппақ екі көгершіні бар, «Ақ көгершін, көгершін» деп əндетіп келеді екен. Мені байқайтын емес. – Сəлем, Еркебұлан! Көгершінің де, əнің де əдемі екен, – деп ем, ұялып қалды. Екеуміз үйге жеткенше əңгімелесіп бардық. ...

Read More »

Правозащитник: «Китай проводит политику ассимиляции меньшинств»

В интервью Азаттыку специалист в области международного права Есбол Омиржанов рассказал о притеснениях этнических казахов в Китае и миграции китайских казахов. Азаттык: В Китае, по официальным данным, живет около полутора миллионов этнических казахов. Это самая крупная казахская община за рубежом. Между тем переселенцы из Китая составляют всего 12 процентов от общего числа репатриантов, вернувшихся в Казахстан с 1991 года. Почему ...

Read More »

Бейбіт Сарыбай: Сәләпиттің саны артқаны кімге пайда?

Танымал жазушы Бейбіт Сарыбай бұған дейін де дәстүрлі емес діни ағым ұстанушыларын бірнеше рет сынаған болатын. Бұл жолы ол әзілдей отырып “діндарларға” ақыл-ұсынысын айтыпты. Өз пікірін жазушы Facebook-парақшасына қалдырған. Турасын айтқанда, Б.Сарыбай “сақалдылардың” сақалсыздарға көзқарасының дұрыс емес екенін жазып отыр. «Сақалды намазxан бауырларымыз біз секілді көселерді кемпірбет дейді. Жассың ба, кәрісің бе, бәрібір. Сақалың жоқ па, болды, кемпірбетсің. Алпыстан асқан, ...

Read More »