Home » Айдарлар » Темірқазық (page 3)

Темірқазық

Мұхтар Шаханов: Басымды кесіп алсаңдар да, Махамбетті Абайдан жоғары қоямын

Мұхтар Шаханов журналист Аман Тасығанның Talk like бағдарламасында қонақта болып, өмірі мен шығармашылығына қатысты әңгімелесті. Махаббат тақырыбы, азаматтық позициясы жайлы сөз қозғады. Ақын өз өлеңін оқи келе Махамбетті Абайдан артық қоятынын тағы бір мәрте атап өтті. «Абай ұлы тұлға. Бірақ ісі үшін Махамбетті Абайдан жоғары қоям. Басымды кесіп алсаңдар да, айтатыным сол. Махамбет шындық үшін басын берген адам», – деді ...

Read More »

Саят Ыбырай діни мәселелерге енді араласпайды

Техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ыбырай 2010 жылы «сопылар ісі» бойынша 12 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Міне, соңғы 8 жыл бойы зиялы қауым өкілдері мен қоғам Саят Мұратұлын бостандыққа шығару туралы билікке талап қоюмен келе жатыр. Осы талап-тілектің әсері болса керек, күні кеше профессор мерізімінен бұрын бостандыққа шықты. Матрица.kz Саят Ыбырайдың адвокаты Абзал Құспанмен хабарласып, аз-кем сұхбаттасқан еді. – «Сопылар ісі» ...

Read More »

Наразы топ: Шаханов Жазушылар одағынан шығарылсын!

Шахановтың қазақ халқының әйгілі тұлғаларына тіл тигізіп, оларға қатысты түрлі мәлімдеме жасауына қарсы шыққан наразы Қазақстан Жазушылар одағына жиналды. Олар “даңқты ақындардың аруағына тас атып, рухын, жырын қорлауға” жол бермейтіндерін мәлімдеп, Шахановтың одақтан шығарылуын талап етті деп хабарлайды “Жас Алаш” газеті. Осыдан бірнеше күн бұрын Мұхтар Шахановтың өз өлеңінде, ізінше жасаған мәлімдемесінде Жамбылға, Мұхтар Әуезовке, Сәбит Мұқановқа, Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы пікір ...

Read More »

Шахановтың «шындығы» елді шатастыра бастады

Әлеуметтік желіде «Мұқағали Мақатаев немесе «Жұқағали Бұқатаев» туралы ойтолғау» деген өлең жарияланғалы бері жырсүйер қауымның көкейінде «Осы өлеңнің авторының есі дұрыс па өзі? Басы кетіп қалған сияқты-ау…» дегендей күдік пен күмән туындады. Жазылу стилі қазақтың әйгілі ақыны Мұхтар Шахановқа қаншалықты ұқсап тұрса да оны жамандыққа қиғысы келмеген қайсыбір оқырманы әлеуметтік желідегі талқылауларда: «Қой, ол болуы мүмкін емес. Арандату мақсатымен соның ...

Read More »

«Өзге елде сұлтан болғанша…»

Ресейдің Кемер қаласындағы қайғылы оқиға талайдың қабырғасын қайыстырды. Қаншама бала ай-күннің аманында тірідей отқа өртенді. Олардың кейбірі ажалдың таяп қалғанын сезіп, ата-аналарына хабарласып, қоштасып үлгеріпті. Қаршадай балалар өмір мен өлім арасында арпалысып, қас пен көздің арасында о дүниеге асығыс кете барды. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, бейбіт заманда алдында құлдыраңдап жүрген баласынан қас-қағым сәтте көз жазып қалу – үлкен қасірет. ...

Read More »

Ұлықбек Есдәулет. Мен көрген Мұқағали (эссе)

Қазақ поэзиясының ХХ ғасырдағы алып шыңы – Мұқағали Мақатаев. Ақын туралы естеліктердің өзі де бірқыдыру. Солардың бірі де бірегейі – ақын, жазушы Ұлықбек Есдәулетовтың “МЕН КӨРГЕН МҰҚАҒАЛИ” атты эссесі. «ЖЫНДЫ» 1973 жылы қысқа салым Алматыда жас ақын-жазушылардың кеңесі өтті. Семинарларға бөле бастағанда мен Қадыр Мырзалиевтің секциясын таңдадым. Жазушылар одағының бірінші қабатындағы кең кабинет. Қадекеңнің көмекшісі ретінде ақын Аян Нысаналин шетімізден ...

Read More »

М. Шахановқа қарсы қолданылған “лом”

Бүгінгі күні әлеуметтік желі бетінде М. Шаxановқа қатысты өрістеген жала мен дау-дамайға көз жүгірткенде орыс xалқының: “Ломға қарсы тәсіл жоқ” деген мәтелі еріксіз еске түседі екен. Бұдан М. Шаxанов “оппоненттерінің” қазақтың бір туар айтулы тұлғасына күйе жағу үшін неден болса да тайынбайтындықтарын аңғаруға болады. Соған қарап отырып бүгінгі қалам иелерінің соншалықты ұсақталып кеткеніне еріксіз қынжыласың. Иә, Абай ғұлама айтпақшы, мөлшерінен ...

Read More »

Мұхтар Мағауин. Ғажайып ғұмырбаян

  Адам баласында пендешілік деген бар. Осы, әуел баста  таусылмайтындай көрінген, алдамшы, қысқа тіршілігінде біреулермен сыйыспайсың, айтысып, тартысасың, өліспей бітіспес, кереғар қалыпқа жететін жағдайлар да ұшырасады. Бұл, әлдебір себептермен саған ұнамаған кісінің бар болмысы қағай, қаймана ғана емес, қасас, тіпті, жиіркенішті көрінуі мүмкін. Керісінше, кейбір кісімен бірден тіл табысасың, мақсаттас, пікірлес қана емес, тілектес сияқты, жақыннан сүйеніш санап, алыстан айбар ...

Read More »

Әлкей Марғұланның архивы: аңыз бен ақиқат

Қазақтың археология және этнография мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, тарихшы ғалым, академик Әлкей Марғұланның қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Әлкей Хаканұлы Марғұлан 1904 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. «Википедия» онлайн-энциклопедиясында мынадай мәліметтер берілген: – …Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдыңшөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашықадамдары болған. Сол дәуірдегі қазақ даласындағы ақындар мен жырауларбұл шаңырақта жиі бас қосатын болған, Хакан мен Нұриләнің шаңырағындаАбайдың өлеңдері оқылып, Жаяу Мұса мен Ақан серінің, Тәттімбеттіңшығармалары орындалған. Ауыл мектебінде, одан кейін үш жылдық орыс мектебінде оқыған Әлкейдіңбозбала шағы Қазан төңкерісіне тап келеді. 1919 жылы мұғалімдер курсынаоқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істейбастайды. 1920 жылы танымал фольклоршы Ә.Диваев қазақ кеңесфольклорын зерттеу мақсатында Жетісуға және Сырдария өзеніне ғылымиэкспедиция ұйымдастырады. Сол экспедицияның құрамында Әлкей деболады. Өз біліміне қанағаттанбаған Әлкей 1921 жылы Семей педагогикалықтехникумына оқуға түседі. Сол замандағы алғашқы орта оқу орныныңдиректоры Әлкейдің нағашы атасы Әбікей Сәтбаев (Алашорданың мүшесі) болған. Осы техникумда болашақ академик және геолог Қаныш Сәтбаев пенжазушы–драматург Мұхтар Әуезов те оқыған. 1928 жылы Мұхтар Әлкейдіөзімен бірге Ленинградта оқуға шақырған. Ол заманда жақсы оқитынстуденттердің бірнеше оқу орнында қатар оқуына рұқсат етілген. ӘлкейМарғұлан осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, үш жоғарғы оқу орнында, атапайтқанда, Шығыстану институтында, Материалдық мәдениет институтында(кейіннен Археология институты деп аталған) және Өнертану институтындақатар оқыған. Ә.Марғұлан В.Бартольд, С.Олденбург, И.Крачковский, А.Самойлович сынды ұлы орыс ориенталистерінен дәріс алған. Ленинградта оқи жүріп жас ғалым әйгілі Александр Затаевичпен танысқан. Жазғы демалыс кезінде Затаевичпен бірге туған жеріне келіп, халық әндерінжаза бастаған. 1929 жылы оқуын бітіріп, 1930 жылы ағарту саласындағыеңбек жолын бастаған. КСРО Ғылым академиясы жанындағы Материалдықмәдениет тарихы мемлекеттік академиясының аспиранты болған. Сталиндікрепрессия Әлкей Марғұланды да айналып өтпеген, 1934 жылы қудаланып, басы әрең аман қалған. Кейіннен аспирантураға қайта қабылданып, кандидаттық диссертациясын қорғаған. Сол сәттен бастап, өмірінің соңына дейін Әлкей Хаканұлы Марғұлан қазақ ғылымының дамуына, өсіп-өркендеуіне ...

Read More »