• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Темірқазық » Ақын Бауыржан Халиолланың жаңа жыр жинағы жарық көрді

    Ақын Бауыржан Халиолланың жаңа жыр жинағы жарық көрді

    Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, танымал ақын Бауыржан Халиолланың “Жан тебіреніс” атты жыр жинағы оқырманға жол тартты. Айтыс пен жазба поэзияны қос қанатындай ұстап, халықтың ықыласына бөленіп жүрген ақынның бұл жинағы “Ана Арыс” баспасынан 2000 данамен жарыққа шықты.

    Жаңа кітап “Көне сүрлеу”, “Махаббат майданы”, “Жаңа соқпақ”, “Ағымнан ақтарылсам…” және “Көңіл пернесі” атты бірнеше бөлімнен тұрады.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақынның «Жұмбақ қыздың жанары» («Жазушы» баспасы, 2001 жыл), «Нәзік бұлт көшіп барады» (Орал қаласы, 2005 жыл), «Жұлдыз жауған жарық түн»(2012 жыл, Орал) атты жыр жинақтары жарық көрген болатын.


    massaget.kz

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

    Әскери қайраткер, даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, елім деп еңіреп, Отан үшін отқан түскен ...