• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Темірқазық » Әдебиетшілерге “Алаш” сыйлығы берілді

    Әдебиетшілерге “Алаш” сыйлығы берілді

    Қазақстан Жазушылар одағында бір топ қалам­герге Халықаралық «Алаш» сыйлығы тапсырылды.

    Әлеуеті зор бұл сыйлық ең алғаш рет егемендіктің елең-алаңында Түркиядан қоныс аударған абыз ақсақал Халифа Алтайға берілген екен. Сыйлық содан бері үздіксіз иелерін тауып келеді.

    – Халықаралық маңызды сыйлықтың бүгінгі иегерлері бәсекеге түскен 74 адамның іші­нен іріктелініп алынды, – деді Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай. – Қазақ­стан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдық мерекесі қар­са­ңында, еліміз үшін ең ұлық мерекенің алдында осындай ма­рапатқа ие болуларыңызбен шын ж­ү­ректен құттықтаймын. От­ба­сы­ларыңызға аман­дық, шы­ғар­машылық қыз­­меттеріңізге бұдан да зор та­быс тілеймін!

    Сыйлық иелеріне арнайы дипломмен қоса лауреаттық төс­белгі, ақшалай сыйлық бе­рілді.

    Оза шауып бәйге алған дара­боздардың алдыңғы шебінде  ел газеті «Егемен Қазақстанның» екі бірдей қаламгері бар. Бірі – газеттің ардагері, жазушы-журналист, драматург Жұмагүл Қуа­ныш­бекқызы (Солтиева). Ол «Са­ғым қуғандар», «Әйел махаб­ба­ты» пьесалары үшін, ал  ақын-пуб­лицист Қорғанбек Аман­жол «Ала­па» өлеңдер жи­нағы үшін иеленді.

    …Алғашқы сол бір өлеңмен

    Өріліп шыққан өнермен,

    Құс жолы қалқып төбемнен,

    Қиқумен жаным жебелген,

    Әлі де ұшып келем мен!..

    – деп салтанаттың шырайын жырмен ашқан адуынды ақын Қорғанбек Аманжолдың сырлы өлеңінен соң ақсақал қалам­герлер  – Әдібай Табылдиев пен Әбіл­файыз Ыдырысов марапат иелеріне алғыс, тілектерін білдірді.

    Сонымен қатар, Мол­дах­мет Қаназов, Сұлтан Оразалинов, Өте­ген Оралбаев, Жанат Әскер­бекқызы, Қуанышбай Құр­манғалиұлы қатарлы бірқатар белгілі қаламгерлер әдеби сый­лықтың иегерлері атанды.


    Талғат СҮЙІНБАЙ,

    «Егемен Қазақстан».

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

    Әскери қайраткер, даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, елім деп еңіреп, Отан үшін отқан түскен ...