Home » Айдарлар » Тарих (page 3)

Тарих

Ұлылар да көрген түсіне сенген

 Абылай ханның түсі де бүгінгі күнге Міржақып Дулатұлының жазып қалдырған нұсқасы бойынша жетіп отыр. Абылай хан жасы ұлғайып келе жатқан шағында ата жұртым Бұқараны аламын деп, Үш жүздің атақты батырларын жиып аттанды. Ешкімнен беті қайтпай келіп, Түркістанға өзінің бір баласын, Шымкентке Ғабдолрахман деген сартты һәм Ташкентке Мырза Ахмет деген сартты хәкім қойып, Самарқантқа қарай жүреді. Абылай хан Самархант шаһарының бетіндегі ...

Read More »

Димаш есімін ойлап тапқан азамат кім

«Біріншіден сонша жыл ел басқарып отырып, біреуге нақақтан нақақ жала жауып, қиянатқа барған емеспін, біреуден бір сом пара алған емеспі, ҚОЛЫМ ТАЗА! Екіншіден, 1937-1938 жылдарғы қаралы күндерде, боздақтарды атып жатқанда, бір қағазға қол қойған емеспін, АРЫМ ТАЗА! Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген емеспін, ЖҮЗІМ ТАЗА!» Бұл қазақтың өр тұлғалы ұлдарының бірі, көп жылдар Қазақ КСР Үкіметінің төрағасы, Қазақ КСР ...

Read More »

Маңғыттар дегеніміз кімдер?

«Маңғыт» этнонимі XIV ғасырдан белгілі бола бастағанын білеміз. Деректерде түркі тілдес маңғыт жұрты Қазақстан территориясының батыс аймағында, Орал аумағы, Еділ-Жайық, Астраханмен шектесетін аумақтарда мекен еткен. Этникалық-саяси құрылымы  ноғай тайпалық тарихи бірлестігімен қатар аталады. Тарих сахнасында көріну кезеңі XIV-XV ғасырлар шамасы. Кейбір құжаттарда маңғыт жұртын шығыс аймақтан (монғол жерінен) келген, генелогиялық жағынан монғолдардан таратады. «Маңғыт» этнонимін қарастырған ғалымдар атауды монғолдық тілдік бірлікке жатқызып ...

Read More »

Мұздауан-Мергенбай

Асу бермес Мұздауан. ХХ ғасырдың басында түсірілген сурет (ғұмырбаяндық эссе)   Мергенбай Жаманкөзұлының туғанына 135 жыл толуына орай   Ұлы даланың ең биік нүктесі Хан-Тәңірі маңындағы Мұздауанның қойнауы толған адам сүйегі… Қыста сол Мұздауанның қар-мұзы жүзін жасырған, жазда қасат қар жіпсігенде беті ашық қалатын көп қаңқа кімдікі? Ол – менің бабаларым, ол – менің аналарым… Бабаларым мен аналарымды ғана емес, ...

Read More »

АТТИЛАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СОҒЫСЫ

«Ол бүкіл халықтарды сілкіндіру үшін жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі маңғаз, көзқарасы мен қимыл қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді». Бұл V ғасырда өмір сүрген византиялық тарихшы және елші ...

Read More »

Мысыр пирамидалары: Қаланған ба? Әлде, құйылған ба?

  (Рим мен Спартактан басталып Сейiлбек Қышқашевпен аяқталған хикая) Бұл хикаяны баян етпес бұрын осының бәрiне себеп болған, осы мақаланы жазып отырған автордың дүниета­нымына елеулi дәрежеде әсер еткен адамды үстiртiн болса да таныстырып өткен дұрыс шығар. … Мен онымен 1977 жылы таныстым. Әскерден келiп ҚазПИ-дiң филология факультетiне түсiп, бiрiншi курсты тәмәмдап, екiншi курсқа өткен кезiм. Ол да әскерден келiп, осы институттың ...

Read More »

Аналар туралы аңызға бергісіз әңгіме

  Әкемнің маған деген мейір-шапағаты бізді қысталаң уақыттан алып шыққан сенім нұры болды. Мұғамила Мұхтарқызы. Көпшілік Мұхтар Әуезұлыны  «Абай жолы» атты үлкен шығарма жазған ұлы жазушы деп біледі. Бірақ жазушының өз өмір жолы да сондай бір үлкен романның жүгі боларлықтай күрделі болғанын біле бермейді. «…1932 жыл болатын. Мен абақтыда жатқан әкем Мұхтарға әдеттегідей ас-суын апарып беруге жинақталдым. Ыдыс-аяқ жуып жатқанымда ...

Read More »

Сұраған Рахметұлы. Алтайдан Жездіге дейін (Сапарнама)

Сарыарқаны сарыала күз көмкерген алтын шуақты сәттің бірінде – Моңғолдың нөмірі бірге санатты ақыны, осызаманғы ғұламасы Гүн сойлы Аюурзана екеуіміз 20-21 қыркүйекте Елордада өткізілген “Қазіргі заман сөз энергиясы” Еуразиялық әдеби форумға шақырылған едік. Бұл реткі шара КСРО тұсында 1973 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған дейді. Арада 45 жыл өткеннен кейінгі халықаралық әдеби басқосуды ҚР Мәдениет спорт министрлігі қолдауымен жуық шамада жаңарған ...

Read More »