Home » Айдарлар » Тарих

Тарих

Еуразия кеңістігінде төрт мың жылдық тарихы бар жалғыз ұлт – қазақ

Қазақтың тұңғыш антропологы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Оразақ Смағұлов – атандай бір инс­титут арқалайтын жүкті жалғыз өзі көтеріп, еліміздегі антропология ғылымына із салып, мектеп қалыптас­тырған көрнекті тұлға. Бүгінде айтулы ғалым тоқсанға жақындаса да, тоқтап қалмай, бас қаладағы Ұлттық музейдің физикалық антропология лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарады. Талай игі жақсылардың көзін көріп, бірге жүрген академиктің кейінгі жас ...

Read More »

Жапандағы Жапония

Бұл посттың жазылуына Сингапур басшысы Ли Куан Ю дің еңбектерінің бір бөлімі арқау болды. Ол кісінің өз халқына қатысты “мен я бұл халықты ұшпаққа шығарамын, я өлемін” деген ұстанымда болған кісі екендігі белгілі, сол мақсатпен бұл адам Азия халықтарын терең зерттеген екен. Оның сол жазбаларынан жапон халқы туралы деректерін мен айналып өте алмадым. 60 – 70 жылдары Жапония күрт даму жолына ...

Read More »

Қайнар Олжай. Алпысыншы дуана – Арқарбай

Жаратылысы жай адамға ұқсамайтын көріпкел кезбелердің соңғысы туралы шындыққа бергісіз хикая. Ұшатын кісі Негізі қазақ жырлары мен ертегілерінде, көптеген қолжазбаларда “диуана” деген. “Алпамыс батыр” жырына бастап солай “диуана” деп айтылады. Ал Семей өңірінде неге екенін “дуана” дейді. Біздің кейіпкеріміздің атын жергілікті халық “дуана” деген анықтауышты қосып атайды. Шығыс Қазақстан облысындағы Қызылкесік пен Ақсуат ауылының арасында Дуананың сайы аталатын жер бар. ...

Read More »

Қызылбай көтерілісі

Қарағаштың батысында «Қызылбайдың қырманы» деген жер бар. «Бұл жерде Сыбаннан шыққан Қызылбай егін егіп, қырман салған деседі. Кейіннен мал-мүлкі кәмпескеленіп, қызылдарға қарсы көтерілісті басқарған…» деген әңгімені бала кезден жиі естуші едік. Осы кітапты жазу барысында Аягөзде тұратын Қызылбайдың Тұрдыбай атты тікелей ұрпағымен жүздесіп, төмендегідей деректерді алудың реті келді: «Қазақ жерінде 1928-29 жылдары басталған ірі байларды кәмпескелеп, жер аудару және тап ...

Read More »

Ұлы дала тарихын әлдекімдердің қамал тұрғызуынан бастау қиянат

«Өскеменнің пәлен жылын тойлаймыз» деген сөз әр он жыл сайын бір шығады. Осы әңгіменің шеті шықса болды берекесі айрандай ұйып отырған қала жұрты сиырдың бүйрегіндей бөлектеніп шыға келеді. Неге? Жауабы анық, бір тарап қаланың иесі біз, іргетасын өз қолымызбен қалағанбыз деген өктемдігін көрсеткісі келсе, екінші тарап бұл үстемдік жарасына тұз себетін сыңайлы. Тағдырдың салған жарасы туралы сәл кейінірек. Жаңағы әр ...

Read More »

ТАСТЫҢ ТІЛІН ТҮСІНГЕН ҚАЗАҚ НЕМЕСЕ ҚОСЫМ ПІШЕНБАЕВ ДЕГЕН КІМ? 

ҚОСЫМ ПІШЕНБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ Қойнын ашсаң қазынасы қоса ақтарылып жататын Атымтай Жомарт-Арқа даласының ана шетi мен мына шетiндегi кез келген кен ошағының арғы тарихына үңiлер болсаң, орыстың көпесi мен ағылшынның алпауыттарына барып тiреледі. Олардың сол замандарда орасан қаржы салып, кен ошақтарын iске қосқаны рас. Бiрақ қазаққа жаны ашығандықтан емес, өз байлықтарын еселеу үшiн. Бүгiнде береке-байлығымыз кiм көрiнгеннiң аузында жүр ...

Read More »

Алашқа тірек болған бай Әбдірахман

Былтыр және алдыңғы жылы, Алаш Орданың 100 жылдық мерейтойы өткен кезде, қоғамымызда Алаш үкіметін құрған зиялы қауым туралы ғана емес, Алаш қозғалысына қолдауын көрсеткен демеуші меценаттар жөнінде біраз әңгіме айтылды, ұмытыла бара жатқан есімдері аталды. Сол демеушілердің тізіміндегі бірі – Семейлік кәсіпкер Жүсіпұлы Әбдірахман. Алаш меценаттары туралы деректерді Сұлтан Хан Аққұлы терең зерттеп, бұл тақырыпты қоғам алдында бірнеше рет көтерді. ...

Read More »

ТАЛАСБЕК ӘСЕМҚҰЛОВ. ӘРІП ТАҒДЫРЫ

Бұл әскер қызметінде жүргенде пайымдай бастаған нәрсем еді. Мурманск облысының Дания, Норвегия жақ шетінде орналасқан Нерпичий Залив деген жер. Әскери құрылысшылар батальоны. Қырық ру адам. Осы түрлі нәсілдің ішінен бір топ адам біздің көзімізге жылыұшырап көрінген. Қараторы немесе аққұба өңді, шаштары бұйралау, мұрындары қоңқақтау, зор денелі, еңсегей бойлы кавказдықтар.   Бірақ барлығының тілі қазақ тіліне ұқсас. Алғашында Қазақстанда тұратын, қазақ тілін ...

Read More »

Сейфуллиннің қылмыс­тық ісі 20 минутта қаралып бітсе, Майлиннің тағдыры небәрі 15 минутта шешілген.

Сейфуллиннің қылмыс­тық ісі 20 минутта қаралып бітсе, Майлиннің тағдыры небәрі 15 минутта шешілген. БКП (б) ХVII съезінде (1934 ж. 26 қаңтар-10 ақпан) бұрынғы ескі лениндік кадрлар арасында Сталинді Бас хатшы қызметінен басқа жұмысқа ауыстырған жөн болар деген сияқты пікір айтыла бастап еді, С.М.Кировтың қазасын сылтау етіп, елде репрессияның жаңа толқыны пайда болды. «Ленинградтық», «мәскеулік», «троцкийшіл-зиновьевшіл» деген антисоветтік топтар «өмірге келді». ...

Read More »