• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Саясат » “The sick man of Europe”

    “The sick man of Europe”

    💪Кезінде мықты имерия, күшті халифат (соңғы халифат) болған Осман империясының Бірінші Дүниежүзілік Соғыстан жеңіліп, “Еуропаның ауру адамы” атанған кез.
    .
    💼1918 ж. 30 қазан – Осман империясының билеушілері мен Антанта елдері арасында, Осман империясының жеңілгенін білдірген, Мудросс келісіміне қол қойылды.
    .
    💀Келісімнің шарттарын қабылдау – Осман империясының тәуелсіздігін толықтай жоғалтуды және жеңген елдердің мүддесі үшін Империяның жерін бөлісуді білдірді.
    .
    👀13 қарашаның өзінде ақ одақтас Британ, Француз, Италиян, біраз уақыттан кейін АҚШ әскерлері Стамбулдағы Алтын Мүйіз шығанағына кіріп, десанттарын қондырып, Қара теңіздің бекініс аудандарын алып, Жерорта теңізі мен Қара теңіздегі түрік порттарынан көрінді.
    .
    🔍1919 ж. Анадолы мен Фракиядағы одақтас басқыншы әскерлердің саны 107 000 адамға жетті.
    .
    🔫Бұл Мұстафа Кемал басшылығымен басталып, басқыншылардың қуылып, Республикалық тәртіптің орнауымен аяқталған Түркияның ұлтшыл-патриоттарының шетелдік әскери интервенцияға  қарсы қарулы күресін тудырды.
    .
    🔪19 мамырда италияндықтардың тудырған қақтығыстары кезінде 71 түрік пен бірнеше грек жауынгерлері өлді. Басқыншылардың әрекеттеріне наразылық партизан жасақтарының құрылуына әкелді, олардың саны тез өсті. Бүкіл ел бойынша “Құқық қорғау қоғамдары” пайда бола бастады, олардың басшылығында офицерлер мен зиялылар негізгі жұмыс атқарды.
    .
    💡Елеулі ұлт-азаттық қозғалыс тек 1919 жылдың маусым айында Жалпыұлттық ұйым құруды Мустафа Кемалдың қолға алуымен басталды. Кемал бөлшектенген ұлттық ұйымдарды, қаруланған тұрақсыз ұлттық күштерді біріктіріп, ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ басқарды.
    .
    💣Соғыс 15 мамыр 1919 ж. грек әскерлерінің, халқының жартысынан көбін гректер құрайтын, грек әскерлерін азат етушілер ретінде қарсы алған Измир қаласын басып алумен басталып, Лозанна бейбіт келісім шартымен аяқталған.
    .
    💼Лозанна бітім шарты бойынша Түркияның жаңа шекарасы белгіленіп, Осман империясының құлағаны заңдастырылды. Осылайша қазіргі Түркия дүниеге келді. Оның әкесі де шешесі де Түркия елінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті – Мұстафа Кемал Ататүрік болған еді.


    Алишер Омар,

    Халықаралық қатынастар маманы,

    “Адырна” Ұлттық Порталы 

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Әлихан Бөкейханның бүгінге жолдаған аманаты

    Егер еліміздің егемендігіне ширек болған мына бақытты заманда ғайыптан бір мүмкіншілік туа қалып қазақтың ардақты ...