Home » Айдарлар » Саясат (page 3)

Саясат

Қызықты сайлау Түркияда өтіп жатыр

23 маусымда тура 3 күннен кейін Стамбул қаласының біздіңше айтқанда әкімі болуға Екрем Имамоглу мен Ердоғанның досы Биналы Иылдырым қайта сайлауға түседі. Негізі 31 наурыз күні өткен сайлауда Екрем Имамоглу жеңген. Көп ұзамай сайлау әділетсіз өтті деп есептеліп қайта сайлау өтетін болды. “Әділетсіз сайлау деген” сөз Ердоғанның да аузынан шықты. Ендігі билік партиясына қалғаны қалай да сайлауда жеңіске жетуі шарт. ...

Read More »

ІІМ Тұрғымбаевқа ашық хат

ҚР  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың назарына! Министрлік полицейлердің имиджін қалай жасауды білмей ме? Сайлау аяқталды. Сайлаудан кейінгі сарсаң да саябырсыды. Басқасын қоя тұрып, дәл осы жолғы сайлау қазақ полициясының, Қазақстан полициясының дүт тірлігін, ұрда-жық әрекетін айдай әлемге паш етті. Ел ішіндегі азды-кем абыройын аймандай қылды. Енді сол шелектеп төгілген абыройды қасықтап қайта жинауға министрлік барын салып жатыр. Бірнеше күннен бері ...

Read More »

Тоқаев: Қазақстанда митингілер өткізуге рұқсат беріледі

Қазақстан президентінің сөзінше, елімізде санкцияланған митингілерді өткізуге рұқсат беретін заң қабылданады. «Әрине, заңсыз жасалған әрекеттердің бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшелерде мұндай митингілер өткізудің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті. Себебі олар қатысқысы келмейтін адамдарға кедергі келтіреді. Сондықтан өз пікірін білдіру үшін шеруге шыққысы келетін адамдарға рұқсат беретін заң қабылданады. Ол бойынша, адамдар тиісті органдарға жүгініп, оларға жиналу және өз пікірін білдіру ...

Read More »

Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының(ҒЗИ) ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Басшылық қызмеітіне ҒЗИ орынбасары болған Талғат Молдағалиев тағайындалды. – Ғылыми-зерттеу институында жаңа мүмкіндіктер пайда болды, – деді Ермак Бидахметұлы. – Институтта үлкен тәжірибе жинақтаған кәсіби ұжым бар. Осы білікті мамандар ғылыми мекемені одан әрі дамытуға бар күш жігерін салатын болады. Қоғамдық кеңестің соңғы отырысында медицина ...

Read More »

Ермак Сәлімов Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасын таныстырды

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Ермак Сәлімов қаланың 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды. Ермак Бидахметұлы кешенді жоспар жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленгенін атап өтті. -Халықты сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Новобаженово ауылдық округінде 1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысын қарастырып отырмыз, – деді қала әкімі. – Біз шілде айының басында аталған жобаны іске асыратын компанияға ...

Read More »

Гонконгтің артында АҚШ тұр

Гонконгтегі жалпыхалықтық көтерілістің артында АҚШ тұр.  Тіпті осы көтерілісті АҚШ басынан аяқ қаржыландырып, Қытайға қарсы сес көрсетіп келеді. Қазір көшеге шыққан халықтың саны 2 миллионнан асып кеткен. Митингілер өте стихиялық сипатта өтуде. Бүліктер де шығып жатыр. Гонконг өкіметі мен полициясы көшедегі халықты таратуға өкіметтің қауқарсыз екенін тоқтамай жазып жатыр. АҚШ Қытайға қарсы ашық қарсылықты осы Гонконг жағдайымен айтып отыр. АҚШ ...

Read More »

Қанат Ислам: «Ауыл жастарын үлкен спортқа тарту қажет»

ШҚО Тарбағатай ауданында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Тұғыры биік Тарбағатай» халықаралық спорт пен өнер фестивалі өтті. Шара барысында Ақсуат ауылында «QAZAQ promotions» қазақ боксшыларының кәсіпқой бокста жетістікке жетуін қолдап жүрген промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Украина, Белоруссия, Армения мен Қазақстанның кәсіпқой боксшылары айқын шайқаста бақтарын сынап, мықтылары анықталды. – Тарбағатай төрінде осындай көлемде турнир өткізудегі мақсатымыз – ауыл жастарына бұқаралық спортты насихаттау, ...

Read More »

«Мәдениетті» министр кеткенімен…

Мұндай адам болашақта әлі талай сорақылықты көрсетеді деген еді. Расында солай болды. Әлемге, өз еліне келеңсіз жағдайлармен танылған Мәдениет министрі Қазақстан тарихында ғана болған шығар. Естеріңізде ме, Илья Ильин төртінші мәрте әлем біріншілігінің алтынын қанжығасына бөктеріп, Әнұранымыз ойналып жатқанда Арыстанбек Мұхамедиұлы Толағай ұлымызға ұялы телефонды тықпалай бергені. Сол кезде көпшілік БАҚ бетінде, әлеуметтік желілерде Мемлекеттік рәмізге құрметсіздік танытқан өресі тар ...

Read More »

Жанболат Мамай: Арон Атабек, Макс Боқаев, Мұхтар Жәкішев түрмеде отырған шақта, билікпен диалог орнату мүмкін емес

Қоғамдық комиссияға қатысты менің пікірім төмендегідей. Меніңше, бұл комиссияға Сіз сияқты тұлғалар және басқа да бірқатар адал азаматтар кіруі үшін билік ең алдымен, бірқатар маңызды қадамдарға баруы тиіс. Ол бірінші кезекте – саяси тұтқындарды босату. Арон Атабек, Макс Боқаев, Мұхтар Жәкішев және басқа да азаматтарымыз түрмеде отырған шақта, билікпен диалог орнату мүмкін емес. «Қылыш үстінде серт жүрмейтіні» сияқты, бейбіт митингіге ...

Read More »