• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Саясат » Конституциялық Кеңес Назарбаевтың өтінішін талқылауда. Билік ауыса ма?

    Конституциялық Кеңес Назарбаевтың өтінішін талқылауда. Билік ауыса ма?

    Бүгін, 7 ақпанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияның 42-бабы 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    Қайрат Мәми. Фото: sud.gov.kz

    Мемлекет басшысы өз өтінішінде: “Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіздердің тізімі толық болып санала ма?” деген сұраққа жауап беруді өтінген.

    Ал бүгінгі отырыста Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Кеңестің негізгі заңға, шет ел конституцияларына жан-жақты талдауды және осы тақырып бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талап ететін өте маңызды мәселе болғанын атап өтті.

    Кеңес құрамы үкімет өкілдерінің, сенаттың, парламент мәжілісінің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның және Әділет министрлігінің пікірлерін тыңдады.

    Сарапшылар ретінде еліміздің белгілі құқықтанушы ғалымдары, заң ғылымдарының докторы, профессорлары өз қорытындыларын ұсынды:

    -Амандықова Сәуле Көшкенқызы, Л.Н.Гумилев атынағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы;

    -Ударцев Сергей Федорович, ҚазГЗУ Құқықтық саясат, Конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі;

    -Көбеев Еркін Қинаятұлы, Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану институтының директоры;

    Отырыс қатысушыларының талқылауы мен жауаптарынан соң Конституциялық Кеңес құрамы кеңесуге кетті.

    Бұған дейін кеңес Елбасының үндеуін қарастыратыны белгілі болған. Қазақстан Президентінің сұрағына объективті және жан-жақты жауап беру үшін ғалымдарды тартылмақ.

    Ал бірнеше күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаев өзінің үндеуіне түсініктеме берген еді. Мемлекет басшысының айтуынша, ол әр түрлі нюанстар бойынша Кеңестен 20 реттен астам түсініктеме сұраған.

    Ал елбасы мерзімінен бұрын сайлау мүмкіндігіне қатысты сұрақтар туындаса, Конституцияны оқу қажеттігін, онда барлық үдерістер мен мерзімдер жазылғанын айтты.

     

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Қытайды қоршаған АҚШ әскери базалары: АҚШ-тың Қытайды бөлшектеу жоспары болған ба?

     Соңғы жылдары АҚШ пен Қытай экономика, қорғаныс сынды ең негізгі салаларда бәсекелесе бастады. Құрама Штат ...