• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Саясат » Халық күткен сөз!!!

    Халық күткен сөз!!!

    Мұрат Бақтиярұлы,
    ҚР сенатының депутаты;

    “Қарағандыдағы “қанды” оқиға ешкімді бейжай қалдырмаганы анық. Өрімдей жас азамат қанішерлердің қолынан ажал құшты. Барлық туған туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Қанішерлер тиісті жазаларын алу керек.
    Жалпы “Қазақстан көп ұлтты мемлекет” деген қағидатты өзгертуіміз керек.
    Ықылым заманнан бері Қазақстанда мекендейтін, қазақ мемлекетін құрайтын, ұланғайыр даланың иесі де, киесі де бір- ақ ұлт бар, ол – қазақ ұлты. Қалғандары этникалық диаспоралар. ОЛАРДЫҢ барлығының дерлік өз отандары бар. Қазақтың Қазақстаннан басқа ОТАНЫ жоқ. Сондықтан да қазақ ұлтының мүддесі тек осы елде ғана қорғалады. Әлемде этникалық аз топтарға барлық жағдайлар жасалған мемлекет Қазақстанда ғана. Тек Қазақстанда ғана.
    Үлкен өкінішке орай, мемлекеттік тілді білмей-ақ мемлекеттік қызмет атқаруға, бизнес жасауға болады. Соны бағалап, қадірлей білмеген өзге этностардың кейбір өкілдеріне “тарихи отандарыңа жолдарың ашық” дегім келеді. Кеше Армения парламентінің депутаты Э. Марукян Армениядағы Қазақстанның елшісін шақыртып, Қазақстандағы “армяндарға көрсетіліп жатқан қысымдарға” байланысты түсіндірме беруін талап етіпті. Бұл – Қазақстанның ішкі істеріне қол сұғушылық. Бұған біздің СІМ тез арада тиісті ресми жауабын беруі тиіс.”

    “Адырна” ұлттық порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Қытайды қоршаған АҚШ әскери базалары: АҚШ-тың Қытайды бөлшектеу жоспары болған ба?

     Соңғы жылдары АҚШ пен Қытай экономика, қорғаныс сынды ең негізгі салаларда бәсекелесе бастады. Құрама Штат ...