• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Салт-дәстүр » Тоқтау айту – қазақтың дана салты

    Тоқтау айту – қазақтың дана салты

    Адамның қазасына байланысты түрлі салттар баршылық. Қазақтар әдетте «Тас түскен жеріне ауыр» деп айтады. Дегенмен, қайғы жамылған жанұяның қайғы-қасіретін өзінікіндей жақын сезінетіні де рас. Бұндайда барлық туған-туысқан, құда-жекжат, таныстар мен достар сол үйдің адамдарын мүмкіншілігінше рухани қолдап демеушілік көрсетеді.

    Қазақта «Тірі тіршілігін жасайды» деген сөз бар.

    Марқұмның жетісі мен қырқын өткізген соң, барлық туыстар, достар марқұмның жанұясының қайғысын жеңілдету мақсатында қонаққа шақыратын болған. Бұл салтты “көңіл шай” деп атайды. Мал сойғанда оларға сыбаға берген. Бұл «қара сыбаға» деп аталған.

    Әдетте, қайтыс болған адамның жақындары қатты қайғырып, ұзақ уақыт өз-өзіне келе алмайтын кездері де болады. Бұндай жағдай орын алғанда олардың туысқандардының үлкендері, ауыл-аймақтың беделді ақсақалдары, немесе белгілі, атақты кісілер келіп тоқтау айтатын болған.

    <олған іске бекем болып, қайғыра беруді қою керек екенін ескертетін болған. Себебі қазақтар қайғыға берілген адамның жүйкесі тозып, түрлі ауруға шалдығуы мүмкін екенін жақсы түсінген. Әдетте тоқтау өлеңмен айтылған.

    Тоқтау айту туралы аңыз

    Арғын ішіндегі Сүйіндік руының атақты биі Едіге Кіші жүз ішіндегі құдасына  қонаққа барса, үлкеннің өзеннің бір жағында шулаған төрт түліктің төлі, екінші жағында енелері судан өте алмай желіндері сыздап, өзен бойын азан-қазан  етіп жатқанын көреді. Мұның мәнісін сұраса, ханның жалғыз баласы өліп, «құдай мені баламнан айырса, мен төрт түлікті төлінен айырып шулатам», деп әмір етіп, өзі бас көтермей жатып алды дейді. Едіге құдасын ертіп ханға барып:

    Ей, хан көтер басыңды, іш асыңды,

    Қас нардың қабырғадан қолы сөгілсе де елемес.

    Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес.

    Өткен қайтып келмейді, өшкен қайтып жанбайды» – дегенде, хан

    басын көтеріп – «көз таңбалы арғында ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін Едіге атты бала бар деп еді, соның өзімісің, жақ сөйлеп бір кеткен сөзімісің» дегенде, Едіге – «Кім болатынымды өзім де білмеймін, әйтеуір атым Едіге» – деген екен. Хан Едігені бірнеше күн қонақ етіп, райынан қайтып, төрт түлікті қайта жамыратып, сабасына түскен екен.

    Адам қайтыс болғанда әйелдер жоқтау айтады. Атақты ғалым Шоқан Уәлиханның әжесі Айғаным Сарғалдаккызы, жұбайы Уәли хан қайтыс болған соң бір жыл бойы жоқтапты. Күніге жоқтау айту үшін ордадағы қыз-келіншектерді жинайды екен. Олар бірігіп күніне үш рет – таңертең, түсте, кешке жоқтау айтады екен. Олардың зарын естіп басқалар да жылайды екен.

    Осы жағдайдан хабардар болған Байдалы шешен ханның ордасына келеді. Ханымның жоқтау айтуға ыңғайланғанын байқаған шешен «Сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын», деп былай депті:

    – Қайрат деген қыран бар,

    Қайғыға тізгін бермейтін.

    Қайғы деген жылан бар,

    Өзекті шағып өртейтін.

    Үміт, сенім тілек бар,

    Қуантып, қуат алдырар.

    Жылау деген азап бар,

    Қуартып отқа алдырар.

    Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ,

    Қайратыңды қолдағалы келдім, – депті.

    Шешеннің шын көңіліне риза болған Айғаным ханша бірнеше күн құрмет көрсетіп, аттанарда ханның қамқа тонын кигізіп, Көксырғанақ деген жорғасын мінгізіп аттандырыпты.

    Тоқтау айту салты әлі күнге дейін бар.

    Бердалы ОСПАН,

    “АДЫРНА” ұлттық порталы

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қаралы көш – қазақ салттарының көнесі

    Қазақтар ғасырлар бойы мал шаруашылығымен өмір сүрген ұлт. Ауа райының төрт мезігіліне байланысты қыстау мен ...