Home » Айдарлар » Салт-дәстүр (page 9)

Салт-дәстүр

Діни секталар неліктен салт-дәстүрге қарсы?

Ұлттық ұғым-түсініктеріміздің түбіне балта шабуды көздеген ағымдардың қарасы күн санап артып келеді. Осыған орай, «Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы «Діни секталар неліктен салт-дәстүрге қарсы?» деген тақырыпта сауалнама ұйымдастырған болатын. Сауалнамаға «Адырнаның» жүз елуге тарта оқырманы ат салысты. Өз пікірін білдірушілердің басым бөлігі ағымдар «елдің өз тамырынан үзілгенін қалайтындығын» құптапты (50 пайыз). «Аңқау елге – арамза молда» (28 пайыз) деп есептеушілердің саны да баршылық ...

Read More »

Қазаққа еңбек сіңірген адам – ұрпағын намысты етіп тәрбиелеген адам

Таяуда Қазақстан Жазушылар одағында биыл жетпіс жасқа толған Зейнеп апай Ахметовамен кездесу өтті. Батыр Баукеңнің – Бауыржан Момышұлының келіні, Алаш жұртына әйгілі шаңырақтың иесі – жазушы Бақытжан Момышұлының жары, оқырман қауымға «Шуақты күндер», «Светлые дни», «Бабалар аманаты» тәрізді кітаптары арқылы танымал қаламгермен жүздесу сыр-сұхбат үлгісінде ұйымдастырылды. Зейнеп апай өзі қозғаған маңызды әңгімелерден бөлек, залға жиналған оқырман қауымнан, әсіресе жастар тарапынан ...

Read More »

Қайрат Лама Шариф: Хиджаб кию ұлттық болмысымыздың жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін

«Қазақстандықтардың хиджаб киюі ұлттық болмысымыздың жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін»,- деп есептейді ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Оның пікірінше, хиджаб кию адамның мұсылман немесе мұсылман емес екенін айқындайтын басты белгі болып табылмайды. «1981 жылы қабылданған Тунис заңында хиджаб ислам құндылығының негізі емес екені, арабтардың, бедуиндердің мәдениетіне көбірек негізделгені айтылады», – деп атап өтті Қ. Лама Шариф. «Біздің елдің ...

Read More »

Ағашқа ою салу өнерi

Ағашқа ою салу өнерi, әсiресе, солтүстiк аудандардан бастап, бүкiл Қазақстан аумағына кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен, ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап көркем бұйымдар жасаумен тығыз байланысты. Киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер мен тоқымалар кестелеу және халық өнерiнiң басқа да түрлерi тәрiздi ою-өрнек салынған ағаш бұйымдары киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп, үйге қажеттi ...

Read More »

Қазақтың салт-дәстүрін бұзу – ең ауыр қылмыс

Cейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институты ректорының көмекшісі, этнограф, жазушы: – Сейіт аға, сонау бір жұртшылықтың барлығы «партия», «үкімет» деп уралап жүргенде, жалғыз сіздің ол тобырға қосылмай, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын түгендеуге кіріскеніңізді қалай түсінуге болады? Осы бір жолға түсуіңізге не себеп? – Ең бірінші айтарым, біз – ана тілінің, халықтық мәдениеттің уызына қанған адамдармыз. Осы айтып отырған салт-дәстүр, жөн-жоралғы, ...

Read More »

Тұмар

Тұмар (ғұрып). Адамға, малға тұмар тағу ертеден келе жатқан дәстүрлі әдет. Ол көбінесе адамға (әсіресе жас балаға), малға көздің сұғынан, тілдің уынан сақтасын деп тағылады. Оны оқыған молдалар, ишандар, емшілер дұғалап береді. Тұмарды мойынға, бас киімге, киім жағасына тағады.               Тұмар көз тимесін деп жүйрік атқа, жаңа туған ботаға, құлынға, сүтті бие мен сиырға да тағылады. Мұндай әдеп – ғұрып ...

Read More »

«Салт-дәстүр заңнан биік»

«Қыр елінің Крыловы». Бұл оған ақын Сырбай ағасының қойған аты.Қойса қойғандай-ақ. Ол тарихы тұнған Торғай жерінде туып, тәлім алыпқоймай Атыраудан Алтайға дейінгі атырапты айналып өтіп, ұлтының ұлымұрасы салты мен дәстүрін жиып һәм жазып шыққан жан. Ақын інісіСерік Тұрғынбекұлы айшпақшы, «туған ел тарихының білгіші де, ғалымы, шешені, ұстазы да бір кісі». Ол — Сейіт Кенжеахмеұлы. Халқының құрметіне бөленген Сейіт аға Ұлыстың ...

Read More »

Дәстүрдің озығы бар…

Қазақта «бір дәуірдің куәсі» деген сөз бар. Осыдан-ақ қазақтардың ұзақ жасайтындығын білеміз. Осы орайда, біз де ұзақ жасаудың сырына үңіліп көрген едік, қызықты жайтқа құмартып. Сөйтсек, түп-төркіні салт-дәстүрлерімізді ырым-жоралғыларға келіп тіреледі екен ғой.  Адамның 100 жылдық ғұмыры жөнінде ел арасында мынандай бір аңыз әңгіме бар. Алла Тағала он сегіз мың ғаламды жаратып, әрбір тіршілік иесінің жасын белгілегенде адамға жиырма бес-ақ ...

Read More »

Жеті атасын білу — тектілігіміздің кепілі

Жалпы, халқымызда «Жеті атасын білмеген –жетесіз», «Жеті атасын білген жетімдік көрмейді», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деген секілді сөздер бар. Ал оның мән-мағынасына тереңдеп үңілдік пе? Ендеше ол туралы бір сәтке ойланғанымыз абзал. Себебі, жеті атаның биологиялық ғылыми негізі бойынша (әке мен шешенің қан тегі ортақ, тең бөлінген жағдайда) әке қаны балаға 50 пайыз, немереге — 25, шөбереге ...

Read More »