Home » Айдарлар » Салт-дәстүр (page 8)

Салт-дәстүр

Жүсіпбектің ән-ғұмыры

1. Ән- бұлақтың бастауы Ерлан Төлеутаймен бетпе-бет жүздескен емеспін. Бірақ ара-тұра эфирден әндерін тыңдап жүремін. Өзіндік тартымды үн өрнегі бар, қоңыр дауысты. Зерделі әнші. Телеарна хабарларынан оның музыка шежіресіне қатысты айтқан ойлары көңілге қонымды, дәйекті. Салмақты сөйлейді. Тарихты терең білетіндігі айқын аңдалып тұрады. Жуырда осы Ерлан інімнің «Жүсіпбек Елебеков» атты ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық әртісі, тенорәнші Жүсіпбек Елебековтің шығармашылық ...

Read More »

Қазақтың байырғы дәстүрі. Бала асырап алу

Бала асырап алушы отағасының әйелі үлкен бәйбішенің көйлегін киіз үйдің оң жағына ұзынынан тастайды. Бала сол көйлектің жағасынан кіріп етегінен шығады. Бала асырап алу дәстүрі атам қазақ заманында өте жиі кездеседі. Оған негізгі себеп елдің басындағы жаугершілік, қоғамда үстем болып отырған туысқандық байланыстар жүйесі, ата баласы  ру-тайпа ішіндегі адам саны көп болсын деген мүдде, себебі сан кейін сапа туғызады. Қазақ ...

Read More »

Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді. Атбайлар (салт). Мұның  да екі түрі бар. Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын-туыстар оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек ...

Read More »

Киіз үйдің түрлері

Киіз үйге байланысты қазақ тұрмысында қолданылған салттар, ғұрыптар мен ырым-тыйымдар аз болмаған. Олар — қазақ халқының менталитетінен сыр шертетін этномәдени ақпараттар көзі. Бұрынғы уақытта қарындасын, яки жиен қызын т.б. ұзатқанда қыздың ағайын-туыстары: «Мен қарындасымның болыс үйін аламын», — дейді екен. Оның мәнісі — сол адам өз үйінде келген қонақтар мен ауылдағыларды шақырып, бір кеш ойын-сауық өткізіп, ас-ауқат, қонақтардың көліктеріне қарау ...

Read More »

Адамзат ұрпағын өрбітер анаға құрметпен жол беріңдер!

 Кейінгі уақытта жаңа туған шаранасын керек қылмай, тастай салатын, тіпті, тас жолға лақтырып кететін безбүйрек аналар көбейді. Өкінішке қарай, ғаламтор мен телеарна жаңалықтарынан таралған жантүршіктірер оқиғалардың кейіпкерлері – өзіміздің қазақ қыздары, қазақтың әйелдері. Соғыс кезінде бір таба нанның жар­тысын бөтенге бөліп беріп, жатты жатсынбай құшағы­мызды ашып, қаншама жетімді бауырымызға басқан едік қой.  Ешбір ұлтта жоқ қазақтағы мейірім мен көл-көсір пейіл ...

Read More »

Той туралы ой

Тойдағы дастарқанның сәнін дұрыстадық, ал той өткізудің мәнін дұрыстадық деп айта алмаймыз. Тойдан көбіне демалып емес, сарсылып отырып, шаршап қайтамыз. Кінә кімнен… Қазақтың тойы – ұлттық тәрбие бесігі болған. Әдет-ғұрыптың, салт сананың, өнердің бағын ашатын бақ сынайтын кезі той үстінде өткен. Әрине, қазір емес. Бұрындары… Ал қазіргі тойлардың түр-түсі бөлек, мазмұн, маңызы да өзгеше. Жаңашаланды деп жүргендеріміз де бар. Жалықтыратын, жалпақшешейлікке, ...

Read More »

Қазақтың тыйым сөздері

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі — тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау — жалғыз қалудың, қолды төбеге қою — ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу — әдепсіздіктің, асты төгу — ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған. Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. ...

Read More »

Ырым-тыйымдар туралы түсініктер

Еңбекшiқазақ ауданының Нұрлы ауылында Қытайдан көшiп келген туыстарымыз тұрады. Енем Қабираның үлкен ағасы 1921 жылы шамасында туған Қажақыман Белдеубайұлы ақсақалдың ҚХР-дың Алтай аймағының Буыршын ауданында тұратын 34 жастағы немересi жүрек талмасынан қайтыс болғанын естiп, көңiл айтуға барған едiк. Қытайға баратын «визасын» күтiп, аза тұтып отыр екен. Көңiл айтысып, мән-жайды бiлiсiп болғаннан кейiн, тоқсанның сеңгiрiне келсе де тың ақсақалымыз әңгiменiң желiсiн ...

Read More »

Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ, жазушы: Ұлттық дәстүріміз дінге қайшы ма?

Соңғы кезде ұлттық дәстүріміз бен дінімізді бір-біріне қарама-қайшы қою үрдістері көрініс тауып жүр. Ата-бабамыздан келе жатқан болмысымыздан айыру үшін қасақана әрекеттер қарадай қанымызды қайнатты. Барған сайын мұндай келеңсіз жағдай өршіп барады. Өз басым әлгіндей көзқараспен осыдан он бес жыл бұрын (2000 ж.) кездескен едім. Елге белгілі бір басылымда «Түркі әлемінің ғұламасы» деген атпен  Халифа Алтай ағамыздың мақала-сұхбаты жарияланған екен. Сондағы ...

Read More »