Home » Айдарлар » Салт-дәстүр (page 11)

Салт-дәстүр

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

Тарихта «жаңа кезең» деп саналатын кезең болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстардың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің тұтастай түгел өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі кезеңдеріміз сондай құбылыстардың жақындағандарын сездіреді. Осыдан туындайтын ұлттық мемлекет идеясы ұлттың дәстүрі мен салт-санасына, әдет-ғұрпына келіп тіреледі. Кейбір азаматтарымыз жаһандану дәуірі басталды, ұлттық мемлекеттер тарих сахнасынан кетеді деп сәуегейлік айтады. Ал екінші ойшылдар керісінше кейінгі өзгерістер ...

Read More »

Ұлы Қазақ Елі тарихына, тағдырына тамсанған және таңданудан жалықпаған жолаушы

Азия мен Еуропа құрлықтарының түйіскен кіндігінде орын тепкен кең-байтақ қазақ жері ежелден түрлі мәдениеттердің диалогына, интеграциялық байланыстың алтын көпіріне арқау болып келеді. Ал Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырған Ұлы Жібек жолының Жетісуды жағалап, Сарыарқа мен Бетпақдаланы бойлай, Қазақстанды басып өтуі, тіптен, өз алдына бөлек шежіре. Шығысынан мұсылмандық түркілік және араб-парсылық, одан қалды, діні бөлек қытай-моңғол мәдениеттері, батыстан славяндық орыс, украин, ...

Read More »

Болат БОПАЙҰЛЫ, жазушы-этнограф: Қазақ Наурызды Уыз мереке деп атаған

Жер бетіндегі тіршілікке жан бітіріп, қайта түлететін төл жаңа жылымыз Наурыз да келіп жетті. Ұлтымыздың Ұлық меркесінде Жер Ананың тоңы жібіп, күннің көзі күлімдеп, айнала нұрланып адамзатты ерекше бір күйге бөлейді. Адамзаттың аузы аққа, малдың аузы көкке тиетін табиғаттың ең көркем мерекесі Наурызда қыс бойы сақтаған сүрін қазанға тоғытып, жеті түрлі дәмнен тіл үйірер көже пісіретін әжелеріміз өздерінің балалық шақтарында ...

Read More »

Этнографиялық жады

Ауылда көктемнің келгені ерекше мереке еді. Ең алғаш күн күркірегенде әжеміз шөмішіндегі суын үйді айналдыра шашып: «Сүт көп, көмір аз» деп күбірлейтіні бар. Біз күлеміз. Біздің күлкімізде әжемнің шаруасы жоқ. Жалпы, ауыл үлкендерінің әрбір қимылында бір ырым, бір салт, бір тиым жататын. Сүтті абайсызда жерге төгіп алсаң, сүттің жердегі қалдығын әкеп маңдайыңа жағатын: «Сүттің төгілген жеріне сенің де маңдайың тисін». ...

Read More »

Салқар даладағы спорттық дәстүрлер

Қазiргi Қазақстанның аумағы бұрынғы көне дәуiрде Скифия (Сақстан), Тұран, Дештi Қыпшақ даласы, Қазақ даласы деп аталған. Бұл жерлердi байырғы ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндар және т.б. көшпелi тайпалар мекендеген. – Ерте күнде отты күннен Ғұн туған,Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам.Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдiТуа сала жалынменен мен жуғам.Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,Мен – Күн ұлы, көзiмде күн нұры бар.Мен ...

Read More »

Назерке ЖҰМАБАЙ. ҚЫДЫР АТА: АҢЫЗЫ МЕН АНЫҒЫ

Наурыздың басты кейіпкері – Қыдыр Ата десек, осы бір бейнені төңірегінде әртүрлі пікірлердің айтылатыны жасырын емес. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша «21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен» деген сенім қалыптасқан. Жаңа жылға, жаңа күнге, жаңа таңға сәлем жасау, жаңа нұрға шомылып, жан мен тәнге қуат алу уақыты  – осы наурыз айының 21-нен 22-не қараған түнді халық «Қыдыр түні», яғни ырыс түні ...

Read More »

Абысын тату болса…

Абысын – қазақ этномәдениетіндегі ағайынды адамдардың әйелдерінің бір-біріне жақындық қарым-қатынасын білдіретін туыстық атау. Алайда бұл сөздің алғашқы мағынасы тек қана әйелдер арасындағы ілік,  жақындыққа арналған сөз екендігін еске ала отырып, төркінін тап басуға болады. В.В.Радлов сөздігінде: «Абы» қойбол тілінде біздегі «әйел» сөзінің орнына қолданылады,– деп жазылған еді. Ал Л.3.Будагов сөздігінде: «Абысын» тұлғасына жақын «епчи» сөзін ұшы­ра­тып, «әйел» мағынасын беретіндігінен хабардар ...

Read More »