Home » Айдарлар » Салт-дәстүр (page 10)

Салт-дәстүр

Зейнеп АХМЕТОВА: Қазақтың тыйымында да ұлттық қасиет сақталған

Өзге халықтарды қайдам, біздің халықта тыйым сөздер өте көп. Өзіміздің ұлтымызға қатысты ырым-тыйымдарымыз қаншама! Оның барлығын газет бетіне тізбелеп шығу мүмкін емес. Сондықтан өте жиі айтылатын, бала кезімізден естіп келе жатқан әрі балаларымызға да үнемі айтып отыратын тыйым сөздер жайлы Зейнеп апайымыз не дейді екен? Сонымен… ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ ҰЛЫ КІТАП — ЖАРАТЫЛЫСТЫҢ ӨЗІҚазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-тыйымы, киген киімі, тіпті күнделікті ...

Read More »

Зейнеп Ахметова: Наурыз – шаруа тойы, табиғат мерекесі

Ұлыдан ұлағат Әрбір жылды хайуан атымен атайтынын кез келген қазақ біледі. Сөз реті келіп тұрғанда марқұм атаның немересі Ержанға жыл атауларын қалай үйреткенін айта кетейін. «Тышқан жылы – тыныштық; Сиыр жылы – сыйлық;  Барыс жылы – бірлік; Қоян жылы – қамбалы; Ұлу жылы – үлгілі; Жылан жылы – жайлы; Жылқы жылы – жұтсыз; Қой жылы – құтты; Мешін жылы – ...

Read More »

«Көрісу» батыстікі ғана емес, барша қазақтыкі

Ел «көрісуді» Қазақстанның батыс өңіріндегі ағайынның салты деп ұғады. Тіпті кейбірі мұны ұлттан бөлектену деп алып-қашпа әңгімеге дейін ұластырып жатады. Шындығында ұлан-ғайыр жеріміздің батысын мекендеген жұрт «көрісуді» меншіктеп алмағанын, барша қазақтың дәстүрі деп танитынын көбіміз біле бермейміз. Сан-саққа жүгіртіп жататынымыз да сондықтан болар. Биыл осы «көрісу» амал-салты Маңғыстау облысының Отпантау ауылында дүркіреп өтті. Мерекеге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та келіпті. Әрине, ...

Read More »

Ұлыс күні атауына ресми мәртебе беру қажет

Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ, филология ғылымының кандидаты, доцент, төрүктанушы: – «Наурыз» сөзін «Ұлыстың ұлы күні», «Ұлыс күні» деп өзгерту жөнінде бастама көтеріп жүрсіз. Әлемнің 50-ден астам елі осы мейрамды тойлайды. «Наурыз» солардың көпшілігіне ортақ сөз. Сіздің бастамаңыз – жаһандық атаудан бас тарту емес пе? – Сөз – магия. Егер өзімізде барды менсінбей өзге жұрттың сөзін қолдансақ, сол елдің мәдениетін қабылдаған боламыз. Жылдың ...

Read More »

Көз — жарық пен түнектің мекені

«Алас, алас, алас,Пәле-жаладан қалас,Көздінің көзіне,Тілдінің тіліне,Жақсылығы да өзіне,Жамандығы да өзіне,Сұғынған тілден сақта,Сұқтанған көзден сақта,Алас, алас, алас»… Сөз танып, сан айырмаған кезімізден аналарымыздың осы дұғасы, осы тілегі таныс. Қазақтың танымында әр аурудың өз иесі болады. Балаға көз тисе, я сөз тисе, ата-ана сол көз бен сөздің иесін тауып, соның ұл­тарағының, шұлығының немесе тұ­тынатын бір затының бір бөлігін бай­қатпай кесіп алып, соны тұтатып ...

Read More »

Наурызтану ғылымын дамытпайынша, наурызнаманы нәшіне келтіре аламыз ба?

Наурыздың түпкі пәлсапасы әр адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы, отбасы, ұлттар және адамзат пен күллі табиғаттың жаңаруына дейінгі салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды, жөн-жоралғыларды, наным-сенімдерді қамтиды. Ұлыс күнінде өткенге тәубе етіледі, келешекке үміт артылады. Қазақтың ілкі һәм бүгінгі мәдениетінің ажырамас бөлшегі – наурызнаманың нәші болуы үшін наурызтану саласын жүйелі зерттеп, кешенді бағдарламалар, тіпті заңдар қабылдау қажет. Наурыз хақында сөз қозғаған ғалымдардың ойы осыған ...

Read More »

Қазақтың тойы ұлттық дәстүрден алшақтап барады…

Қазақ – ежелден тойшыл халық. Содан ба екен, «шілдехана, бесік той, қыз ұзату, сүндет той… а-ай, шіркін-ай» деп қойып, бірінен кейін бірі басталып жүре беретін шаңырақ қуанышын үсті-үстіне еселеп, дүркіреген тойға айналдыруға құмар келеміз. Әрине, ағайын-туыс, дос-жаран, құда-жекжаттың басын қосып, жақсылықты жа­рия еткен жақсы-ақ. Қазір кез келген үйдің төрінде күнде думан болмаса да жылдың екі-үш айында атап өтуге әбден лайықты ...

Read More »

Дәстүрдің озығы бар…

Тәуелсіз ел болып, етек-жеңімізді жиғалы бері жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанып отыр. Ұлтымызға қатысты салт-дәстүрлеріміз де, тарихымыз да қайта жаңғырып жатқаны қуантарлық жағдай. Осы ретте болмысымызға жақын бір мерекені айтып өтпесе болмас. Ол – 22-Наурыз, Ұлыстың Ұлы күні. Еліміздің батыс өңірлерінде бұл мереке ертерек басталады. Осы мерекеге орай 14-наурыздан бастап көрісу дәстүрі басталады. Қыс ызғары кетіп, көктемнің шуағымен бірге келетін ...

Read More »

Қазақтың қара сабыны

Халық мұрасын жаңғыртушы Тұрымқан Оспанқызы – қазақтың қара сабынын қайнату ісінің шебері. Атадан балаға мирас болып жеткен бұл шаруа бүгінде күн санап көмескіленіп, мүлде ұмыт болуға айналғаны жасырын емес. «Сақар жасау үшін алдымен сексеуілдің күлін қайнатамыз. Оны бір күн тұндырғаннан кейін сақар пайда болады. Сақар болғаннан кейін май құйып қара сабын әзірлейміз. Сақарды дәстүрлі сабынға айналдыру үшін көбінесе қойдың немесе ...

Read More »