• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Салт-дәстүр » Діни секталар неліктен салт-дәстүрге қарсы?

    Діни секталар неліктен салт-дәстүрге қарсы?

    Ұлттық ұғым-түсініктеріміздің түбіне балта шабуды көздеген ағымдардың қарасы күн санап артып келеді. Осыған орай, «Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы «Діни секталар неліктен салт-дәстүрге қарсы?» деген тақырыпта сауалнама ұйымдастырған болатын. Сауалнамаға «Адырнаның» жүз елуге тарта оқырманы ат салысты. Өз пікірін білдірушілердің басым бөлігі ағымдар «елдің өз тамырынан үзілгенін қалайтындығын» құптапты (50 пайыз). «Аңқау елге – арамза молда» (28 пайыз) деп есептеушілердің саны да баршылық екен. Сауалнамаға қатысушылардың 13 пайызы «түпкі мүдделері қазаққа жат» деген күдіктерің жасырмайды. Салт-дәстүрді «діни ұстанымдарға сәйкес келмейді» (9 пайыз) деп топшылайтын жұрт та жоқ емес екен.

    Қазақ халқының бай мұрасы, болашағы салт-дәстүрінде, ұлттық құндылықтарында жатыр. Қазақы болмысымызды қорғауды қазірден ойламасақ, кейін тіпті кеш болады-ау…


    «Адырна».

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қаралы көш – қазақ салттарының көнесі

    Қазақтар ғасырлар бойы мал шаруашылығымен өмір сүрген ұлт. Ауа райының төрт мезігіліне байланысты қыстау мен ...