Home » Айдарлар » Салт-дәстүр

Салт-дәстүр

Үйіңіздегі сандықта сіз білмейтін СЫР бар…

Сандығы жоқ үйде не болмайтынын білесіз бе? Сенесіз бе? Біздің үйде қайың ағашынан жасалған, сыртынан темір қапталып, мыс жапсырмамен ою-өрнектер салынған 6 бірдей сандық бар. Бір сандықтың төменгі жағына үлкен ағамның есімі жазылған. Бұл көнерген заттар бір бөлмені меншіктеп тұр. Аптасына бір рет кіріп кілемін тазалап, еденін сүртіп қоймасақ, басқа күндері жан баласы кірмейді. Өткенде үйде кішігірім жөндеу жұмыстары жүргізілгенде ...

Read More »

Қалың мал-қыздың абыройы

Құда түсу рәсімі болып, екі жасты қосу шешімі тағайындалғаннан кейін дала заңы бойынша күйеу жігіт жағы қалың төлеуі тиіс болған. Бүгінде қалың мал төлеу еліміздің әр өңірінде әртүрлі жүзеге асады. Тіпті оңтүстік өңірінің әр аудан-қаласында әр басқа. Бұрын қалың мал қалай төленген? Тақырыпқа терең бойламас бұрын алдымен осы сауалға жауап іздедік. «Тең теңімен, тезек қабымен». Бұрындары да қалыңды әркім шама ...

Read More »

ӘБУБӘКІР ҚАЙРАН: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ ОҚЫТУЫМЫЗ КЕРЕК

Қырдың қызыл гүліндей қырмызы қыздарымыз бен жалаңа қылыштай жас жігіттерімізге өз ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпын әлі де болса сіңіре алмай келе жатқанымыз жанымызға батады. Өзбектердің «қазақ болам десең, алдымен орыс болып ал» деген әжуа сөзін еске алған сайын, отарлау саясатының осыншалықты төзгісіз екендігіне, тіпті көзің жете түседі, көңілің жабырқап, бұлдыр болашаққа үмітсіз көзбен қарағандай боласың. Ресей Империясы жерімізді жаулап, еліміздің ...

Read More »

Жақсы адам бір ай қонақ болса да жарасады

19 ғасырда қазақ даласында көп жылдар өмір сүрген поляк халқының азаттығы үшін күрескен революционер Адольф Янушкевич, қазақтардың қонақжайлылығына таң қалып, егер қазақтарды экватордың бойына орналастырса онда жерді тегін айналып шығуға болар еді деп жазған. «Қазақ» сөзінің мағынасы «азат адам» екені белгілі. Сонымен қатар «қонақжай адам» деуге де әбден болады. Себебі қазақтар үшін қонақты күтпеу қазақ болудан бас тартумен тең. Қонақ ...

Read More »

Жеңгетайлық – ғашықтарға көмектесетін салт

  Құрметті оқырман! Жақында “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі “Адырна кітапханасы” атты жобаны қолға алды. Біз осы жоба аясында “Қазақ салттарының інжу-маржандары” атты мәдениеттанушы Бердалы Оспанның кітабынан үзінділер ұсынуды жөн көрдік. Сонымен “Жеңгетайлық – ғашықтарға көмектесетін салт” атты мақаланы оқыңыздар. Қазақ қызын қолынан келгенше еркелетіп, көңілін қалдырмай өсіретін. «Жол мұраты жету, қыз мұраты кету», «Қыз жат жұрттық» деп айта отырып, қыз баланың ...

Read More »

Ерулік беру дәстүрі

Қазағымыздың кеңпейілділігін, жомарттығын, қонақжайлылығын паш ететін дәстүрлердің бірі – «ерулік» беру. Жаңа қонысқа көшіп келгендердің алғашында үйренісе алмай тосырқайтыны заңдылық. Сондықтан дана халқымыз ерулік беруді ойлап тапқан: бұрыннан отырғандар көшіп келгендердің үйін тігісіп, барлық көрші болып, кезек-кезек қоныстанушыларды бала-шағасымен қосып, түгел үйлеріне шақырып, танысып, білісіп араласып кетуге жағдай жасайды. Үлкендер де, бала-шаға да ерулік кезінде әбден танысады. Егер көшіп келгендер ...

Read More »

Қыздың жасауы алты жастан бастап дайындалады

Әр қазақтың басты арманы бала-шағаны өсіріп, ел қатарлы болатындай жанұялы етіп қатарға қосу. Немере, шөбере, немене сүю қазақ үшін үлкен бақыт. Қазақ одан кейінгі ұрпақты — туажат, жүрежат, жекжат, жұрағатты көруді де армандайды. Бұл қазақ ұлтының өмірсүйгіштіктігінің керемет белгісі.   Қызды ұл баладан артық жақсы көру Бұндай арманның айналасында көптеген халық салттары топтасқан. Осындай салттың бірі – жасау дайындау. «Жасау» ...

Read More »

Құда тартар – қазақтың қызық салты

«Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» дейді қазақтар. Екі жақ қалың мал мөлшері, той мен жасау-жабдық жөнінде келісіп болған соң – «құдалық» салтының кезегі келеді. Екі жақ бірін-бірі қонаққа шақырысады. Бұл салт барысында ең алдымен құдаларды құйрық бауырмен сыйлап беттерін ұнмен жағады. Бұлай ету жастар еш таршылық көрмесін, молшылық болсын деген тілектен туған.  Осылай жасалған соң екі жақ «Құйрық-бауыр жескен ...

Read More »

Қаралы көш – қазақ салттарының көнесі

Қазақтар ғасырлар бойы мал шаруашылығымен өмір сүрген ұлт. Ауа райының төрт мезігіліне байланысты қыстау мен жайлауға көшіп отырған. Көктем мен күз кездеріндегі көктеу мен күздеу тағы бар. Көштің жолы бірнеше жүз шақырымға созылатын болған. Сондықтан қазақтар бұндай сапарға жақсылап дайындалған. Межелеген жерге жету мақсатында отар-отар қойларды, табын-табын жылқыларды, түйелерді суаруға болатын жолдарды таңдаған. Осындай көштерге байланысты қазақта «Қаралы көш» салты ...

Read More »