Home » Айдарлар » Сөз – құдірет (page 6)

Сөз – құдірет

Бұралған тал шыбықтай ару Баян

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанының кейбір деректерде 33 нұсқасының бары көрсетіледі. Қазақ арасында әріден келе жатқан бұл жырды Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, Арыстанбай, т.б. ақындар өздерінше жырлаған. Ең көп тарағаны әрі толымдысы – Жанақ нұсқасы. Туыстас түркі тілдерінде де жырдың мазмұндас-сарындас түрлері сақталған. Осыншама ұланғайыр дүниені жинап, жариялауда, зерттеуде халқымыздың төл перзенттері Ш.Уәлихановтан бастап, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, ...

Read More »

«Бұлт шайнап, мұз бүркіп…»

«Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе – өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат.«Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел ...

Read More »

«Ақ беті айдай жарқырап…»

«Қырық қыз» эпостық жырын 1907 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы қазіргі «Саралжын» кеңшарында дүниеге келген атақты жырау Қайролла Иманғалиұлы ел аузынан жазып алған. Сондай-ақ қарақалпақ тілінде де осыған ұқсас көлемді жыр бар екен. Қазақ жырында басты кейіпкер – Ханшайым аталса, оларда Гүләйім деп аталады. Алайда сөз саптаулары мен өзіндік ерекшеліктері бар аталмыш дастан қыздардың ер-азаматтардан қалыспайтын намысқойлығын, елжандылығын, сезімталдығын тілге ...

Read More »

Арийлер. Олар кімдер?

Арийлер мәселесі жөнінде бірден-бір ғана сүйенетін жазба деректер – «Ригведа» және «Авеста» кітаптары. Осы туындылар – арийлер деп аталатын этностың тарихы мен тұрмысы сәулеленген зороастрийлердің қасиетті кітаптары. Б.з.б. VI-IV ғасырларда «Авеста» парсы тілінде жазылса, б.з. XIII-XIV ғасырларында оның парсы тілінде жазылған нұсқасы бізге жеткен. Парсы тілі үндіеуропалық тілдер тобына жатады. Морфологиялық жолмен зерттегенде дүниежүзіндегі барша халықтардың тілдері грамматикалық құрылысының ұқсастығы ...

Read More »

Ел қамын жеген Ер Едіге

Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық қамқоры болған Едіге батырдың Тоқтамыспен арадағы соғысын арқау еткен аңыз-әңгіме, дастан-жырлар халық арасында кеңінен тараған. Оның өмірі мен соғыстары туралы жырлар қазақ қана емес, татар, ноғай, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, құмық, түрікмен, т.б. халықтар арасында да кездеседі. Жырдың дәстүрлі нұсқаларын кезінде Ш.Уәлиханов, П.М.Мелиоранский, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, И.Н.Березин, А.Беляев, Н.И.Веселовский, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты ғалымдар мен жазушылар ...

Read More »

«Авестадағы» ортаазиялық атаулар

Өткен басылымдарда «Арийлер. Олар кімдер?» деген мақалада зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаға» негізделіп, Арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия болғанын дәлелдейтін деректер келтірген болатынбыз. Енді сол ойымызды жалғастырып, «Авестада» кездесетін Орталық Азиядағы кейбір географиялық атамаларға тоқталайық.Видевдаттың бірінші бөлімінде Спитама Заратуштра пайғамбарға Ахура-Мазда тәңірі өзі жаратқан үлкенді-кішілі 16 ел туралы әңгімелейді. Олардың біріншісі: «Арианам-Байда (Арианам Вайджа) – «арийлықтар елі», ...

Read More »

Оймақ ауыз, күлім көз Құндызша

Халық арасында кең тараған «Қарқабат» дастанының оншақты нұсқасы белгілі. Дастанның ең көне қолжазба нұсқалары Батыс Қазақстанда табылған. Олар, негізінен, «Шеризат-Күлшат» деп аталады. 1870-1880 жылдары қағазға түсірілген қолжазба Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы, 309-папка, жинаушысы – З.Сейітғаппарова. «Қарқабат» дастаны Қарқабат және Зұлмат есімді адамдардың балаларының арасындағы шынайы махаббат жырымен көпшілікке ұнамды. Ал жастар әкелерінің арасындағы түсініспеушіліктің нәтижесінде өмірде бірталай қиындықтар ...

Read More »

Сөзтаным

Қазақтың көрген-баққаны, естіп-ұққаны, сеніп-тұшынғаны – бәрі-бәрі тілінде тұр. Өмір үйреткен тәжірибесі ауыздан-ауызға тараған фольклорында, одан бергі дәуірлерде арындап өткен от ауызды алдаспан жыраулар поэзиясында, ел, жер, тіпті тұтас ұлт мәселесін өрелі ойына өрнекті сөзін бұлтартпас дәлелімен қоса беретін сұңғыла би-шешендер сөзінде өрілген. Бір сөзбен айтқанда, көшелі сөзінде, таңбалы жазу-сызуында өзіне тән мәдениетін, өзі жасаған тарихын, өзі түзген әдебиетін қалдыра білген. «Ана ...

Read More »

Бата – тілектің анасы

Қазақ – батаға ерекше мән беріп, құрметпен қараған халық. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Бата – тілектің анасы» деп бекер айтпаған аталарымыз. Наурыз – нағыз тілек пен игі сөздің ең көп айтылатын кезі.  Дегенмен, қазіргі күні ел арасында «бата беретін ақсақалдарымыз азайып бара жатыр» деген пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл пікірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын білу үшін біз халыққа қызмет ...

Read More »