Home » Айдарлар » Сөз – құдірет (page 4)

Сөз – құдірет

Ұлт танымындағы бір ұғым немесе “обал” сөзінің түп-төркіні қайда жатыр

Баяғыда қазақтың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Дүниеде 77 тіл бар, соның ішінде араб тілі – асыл тіл. Өйткені Құран ғараби, араб тілінде түскен. Екінші асыл тіл – қазақтың тілі. Қазіргі жүрген замандастарымыздың бірде-біреуі қазақ тілін білмейді. Шіркін, білсе ғой. Дін де, ғылым да, әулиелік те қазақтың тілінде тұр», депті. Шамасы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында айтса керек бұл ...

Read More »

Сүйінбай би

  Би ұғымы дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі ретінде қабылданған. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше,«би»сөзі шамамен XIV -XV ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі«бек» атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бaстапқы семaнтикалық-тілдік реңкінен aжырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік aйтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданыла бастады. XVII ғасырда өмір сүргенМaхмуд ...

Read More »

Ұрпақ болашағына ұлт жауапты

 Біздің еліміздің мемлекет болып қалыптаса бастағанына, туын көтеріп, ордасын тіккеніне бес жарым ғасыр болыпты. Осы бір ауыз толтырып айтарлықтай уақытта Алаш жұртының алмаған асулары, шықпаған шыңдары жоқ екендігіне мына біздің кең көсіліп, еркін жайлап отырған ұлан байтақ даламыз бен заманалар ескерткіштеріндей заңғар тауларымыз, шалқар көлдеріміз, өлкемізді өрнектеген өзендеріміз куә.          Аруағынан айналайын ата-бабамыз осыншама кең, кемел, кенішті де өрісті, қасиетті ...

Read More »

Мысқал, батпан және дирхем…

ҚАЗАҚ, ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ӨЛШЕМДІК АТАУЛАР   Халық тіршілігінде өлшем бірліктерінің алатын маңызы ерекше. Қарап тұрсақ, өлшем бірліктері шаруашылық істерінде, кәсіпте, сауда-саттық түрлерінде кеңінен қолданыс тапқан. Бұл ретте, қазақ пен түрік халықтарының өлшем бірліктеріндегі өзара ұқсастықтардың, ортақ нұсқалардың бар екенін айта кеткен жөн. Мәселен, арпа, шымшым, мысқал, қадақ, батпан, т.б. өлшем түрлерін бауырлас халықтардың сөздік қорларынан көптеп кездестіруге болады. Енді осы ...

Read More »

«Айман-Шолпан» қиссасының тілі

XIX ғасырдың екінші жартысында «Баспа бетін көрген қисса» деген айдармен жарық көрген халықтық туындылардың бірі − «Айман-Шолпан» жыры. Бұл шығарманы ескі қазақ жазба әдеби тіл үлгілеріне жатқызуымыздың себебі, біріншіден, оның фонетикалық-орфографиялық жүйесінде көне түркі әдеби тілі дәстүрінің сақталуы болса, екіншіден, оның лексикасында ескі қазақ тілі сөздері мен араб-парсы элементтерінің жиі кездесуі, сондай-ақ көне түркі тілдік жалғау-жұрнақтардың ішінара ұшырасып қалатындығы. Жыр ...

Read More »

Қазақтың жазба әдеби тілінің қалыптасу кезеңі

Қазақ халқы басқа түркі халықтары тәрізді бірнеше ғасыр бойы басын Орхон-Енесей жазбаларынан алатын түркі әдеби тілін пайдаланды. Бұл тіл барлық уақытта біркелкі болған жоқ. Тарихи кезеңдерде үстемдікке ие болған тайпалар тілінің, сондай-ақ араб және парсы, моңғол тілдерінің әсеріне ұшырады. Алайда оның негізгі лексикасы мен грамматикалық құрылысы сақталып отырды. Бұған араб жазуының әмбебаптығы (универсалдығы) да себепші болса керек. Кейінірек Шыңғыс хан ...

Read More »

Мырзақоспақ

Табиғаттың әрбір жаратылысына жете мән беріп, өз өмірімен шебер үйлестіре білген дана халқымыз төрт түліктің де бабын жетік білген ғой. Күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қажетіне жаратып қана қоймай, төрт түліктің әрқайсысын баптап күтудің де негіздерін қалыптастырған. Бұл бүгінгі зердемен қарайтын болсақ, том-том ғылыми еңбектер жазуға болатын білім көздері. Көшпелі ғұмыр салттың өзіндік дәстүрлері төрт түліктің төл атауларының да молынан жасалуына негіз болғаны ...

Read More »

Сүт тайлақ

Халқымыздың тілдік қорында түйе атауына байланысты көптеген сөздер мен сөз тіркестері молынан ұшырасады. Бұл түйе жануарының қазақ халқының шаруашылығындағы алар орнының ерекше екенін білдіріп тұрғаны анық. Олай болса, түйе түлігіне қатысты атауларға, ол атаулардың қандай мән-мағына беретініне тоқталайық. Соқтан. Соқтан деп қазақ төрт жасқа шығар дөнен бураны айтқан.Тығыршын. Төрт жасқа шығар әлі қайымаған ұрғашы түйеге берілген атау. Бұл сөздің халық ...

Read More »

«Алпамыс батыр» жырындағы тектілік мәселесі

Ұлтанды құл деп таныстырып, оның сүйкімсіз етіп көрсетілгені 1956 жылғы дау-дамайда «Алпамыс» жырын сынап, халықтық сипаты жоқ деген ой айтуға итермелеген. Бірақ бұл образ туралы М.Ғабдуллин: «Оның ұнамсыз бейнеде алынуы Ұлтанның құл болғандығында емес, ісінде. Тіпті жырдың қай вариантын алсақ та, Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол – Алпамыстың немересі, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, Алпамыс секілді ел ...

Read More »