Home » Айдарлар » Сөз – құдірет

Сөз – құдірет

ЕРКЕК қырыққа келгенше есі кірмесе – ҚАСІРЕТ

Өміріңіз тозаққа айналмасын десеңіз, мұндай еркекке жоламаңыз! Ғабит Мүсірепов атамыз «Еркек қырыққа келгенше ес кірмесе – қасірет!» деп дөп айтқан. Ал, мұндай еркектің белгілері қандай? Оны жігіт шағында қалай «тануға» болады? Бұл сұрақтар босаға аттамаған, оң жақта отырған және алғашқы некесі сәтсіз болып екінші рет тұрмысқа шығуды ойлап, жоспарлап жүрген қыз-келіншектерді қызықтырары анық. Осы орайда «Қасірет» еркектің бойындағы белгілерін тануға ...

Read More »

ӨКІНІШ

Зорға шыдап келемін. Қасымызда балалар болған соң ғана өзімді күшпен басып, зорға шыдап келемін. Қырсыққанда, жол да бітер емес. Әлде мұны да бұл сұмырай әдейі істеп келе ме? Қаным қайнап келеді, қаным қайнап… Оған айтар әр сөзімді іштей қайталап, айтып жатқан кезімді көз алдыма елестетіп, дайындалып келемін. Төзе алар емеспін, осы бір қылықтарына төзе алар емеспін. Содан арасында оған жалт ...

Read More »

Гүлнар Салықбайдың журналистерге ескертулері

ГҮЛНӘР САЛЫҚБАЙдың ескертулері (біздің де көкейімізде жүрген түйткілдер): журналистер, есте ұстаңыздар! 1. «Қажет», «тиіс», «керек» деген модальдық сөздердің ішінде тек «тиіс» сөзі ғана жіктеледі. Мысалы, «баруға тиіспін, баруға тиіссің, баруға тиіс». Ал «қажет», «керек» жіктелмейді. Қазір екінің бірі «бару керекпін», «баруыңыз керексіздер», т.б. деп сөйлейді. Бұл қате. 2. «-Ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе» сұрау есімдіктері жалғанғанда оның алдындағы етістік ...

Read More »

Таңдаулы мақал-мәтелдер: Қыз баланың қымбаты мен қимасы ұяты мен ибасы

1.Әйелді табағынан байқа,баланы талабынан байқа. 2.Шешесін ұқпайтын, әкеден ықпайтын ұл болмайды. шешеге тартпайтын, әкеге жүк артпайтын қыз болмайды. 3.Қыз бақыты – қырық құрақ. 4.Қой баққанға ат таңдатпа,тіс қаққанға қыз таңдатпа. 5 .Әйелге ана,балаға дана деп қара. 6.Қыз баланың қымбаты мен қимасы ұяты мен ибасы. 7.Қызда қылық жоқ деме,момында былық жоқ деме. 8.Әр әйелде болады мың сан қылық,қылықтың ең жаманы жасандылық. 9.Кербез ...

Read More »

Әке қарғамайды, қарғаса оңдырмайды

60 жылдардың басы болатын. Ол кезде сендердің шешелерің Ақшолпан құлдыраңдап жүгіріп жүрген кезі. Батыс жаққа атаңмен бірге ағайынға сәлем берейін деп барғанымызда, осы бір оқиғаны кемпірлерден есітіп қайтқан едім.  Бір үйдің ерке, әдемі қызы болыпты. Үш ұлдан кейін көрген қызғалдағын әкесі де, шешесі де мәпелеп өсірген. Ауызынан шыққан әрбір сөзін жерге түсірмей қағып, әп сәтте орындайды екен. Отағасы ауылдың завхозы, ...

Read More »

Жар таңдауға байланысты Жүсіп Баласағұн бабамыздың өсиеті

Есімі орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен белгілі ақын, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» деп аталатын еңбегінде әйел адамдарды бірнеше топқа жіктеген. Жастық шақтың буымен жігіттердің көбісі сыртқы сұлулыққа көп назар аударып алдамшы сезімнен аса алмай жатады. Ал сырты сұлу арулардың ішкі сұлулығының қос кездесуі – өте сирек құбылыс. Сұлулықтың көп адамға мойын бұрғызатындығы анық, сұлуға үйленген азаматтың бар ...

Read More »

Абайдың оныншы қара сөзі

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? ...

Read More »

Ақан серінің нақыл сөздері

Ақан сері Қорамсаұлы — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Жұртшылыққа кең танылып, “Ақан сері” атануы және атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Көкшенің сұлу табиғатын албырт сезімге, әсерлі музыка үніне бөлеп, артына талай мұра қалдырып кетті. ...

Read More »

Сөзге жауап тапқан жігіт

Бір бай қонақ қондыруға өте тар адам екен. Елінің салты бойынша қызы айтқан өлеңге жауап тауып айта алмаса, беттеп келген қонақ ауыл иесінің қондырмағанына кінә қоя алмай, кете беруге тиісті екен. Сол қыздың өлеңіне ілік тауып айта алмай, талай қонақ қона алмай кетіпті. Сондағы қыздың өлеңі: “Өнер тапса жігіттің бағы болды, Кеше келіп қонақтар тағы болды. Ай топырды күн сайын ...

Read More »