Home » Айдарлар (page 271)

Айдарлар

Назерке ЖҰМАБАЙ. ҚЫДЫР АТА: АҢЫЗЫ МЕН АНЫҒЫ

Наурыздың басты кейіпкері – Қыдыр Ата десек, осы бір бейнені төңірегінде әртүрлі пікірлердің айтылатыны жасырын емес. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша «21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен» деген сенім қалыптасқан. Жаңа жылға, жаңа күнге, жаңа таңға сәлем жасау, жаңа нұрға шомылып, жан мен тәнге қуат алу уақыты  – осы наурыз айының 21-нен 22-не қараған түнді халық «Қыдыр түні», яғни ырыс түні ...

Read More »

Қатаған қырғынына жаңаша көзқарас немесе Есім хан мен Тұрсын хан мәселесі

IV ғасыр бойы халық ауыз әдебиетінде жиі еске алынып, тарихи дау туғызып келген бұл проблемаға тарихшылар тек бір жақты ғана пікір ұстанып келеді. Есім ханның Қатаған ұлысына жасаған шабуылын Тұрсын ханның сатқындығымен ақтап алғысы келетіндігі мәлім. Ал, енді өткенге бір сәт зер сала отырсақ, ортағасырлық тарихшылар Хафиз Тыныш, Әбілғазы Баһадүрлердің еңбектерінде Тұрсын ханның таққа Есімнен бұрын келіп, ел арасында үлкен ...

Read More »

Қытай ғалымының зерттеуіндегі “Қасқа жолдың” құрылымы

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi» атты энциклопедиядағы «Қасым ханның қасқа жолы» туралы деректер бар. Қасым ханның қасқа жолы – қазақтың ұлы хандарының бірі Қасым ханның (1511 – 1523 жж.) тікелей бастамасымен көшпелі ортада ежелден орныққан әдеттік құқықтың нормаларының жүйеленіп, кодификацияланған жинағы. Бұл жинақтың «Қасқа жол» деп аталуына қарағанда, ол Қасым ханның хандық жүргізген кезеңде көшпелілердің бір орталыққа ...

Read More »

«Алтын адамның» есімі кім?

Ғалымдар Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» есіміне қатысты болжам айтты. Әзірбайжан ғалымы Заур Гасанов алтын киімді сақ жауынгерінің есімі Сыңлы болуы мүмкін деген қорытындыға келді. «Алтын адамды» Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан 1969 археолог Кемел Ақышев тапқан болатын. Археологиялық зерттеулер бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір ...

Read More »

Жоңғар мен қазақты туыс деу қиын, бөтен деу – қате

Кез-келген қысылтаяң шақта «ондықтарды» құраудан басталатын Шыңғысхан кезінен қалыптасқан әскери жүйе негізінде жұптарын жазбай, шоғырлана қоныстанған Жоңғария ойраттарының көшіп-қонған аймақтары төмендегідей болды. Торғауыттар мен дүрбіттер Жоңғарияның солтүстік аудандарында – Ертістің жағасында Моңғол Алтайында, Тарбағатайда көшіп жүрді. Чоростардың иелігінде Іленің жоғарғы-орта ағысы және аталған өзенге құятын үлкенді-кішілі өзендердің сағаларындағы жерлер болды. Ал одан ары шығысқа қарайғы жерлерді хошауыттармен 1701 жылы Еділ ...

Read More »

Ұлттық идеологияның темірқазығы – мемлекеттілік

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы әкімдігінде сөйлеген сөзін қалың жұртшылық зор ықылас сезіммен қабылдап, қызу талқылауда. Әсіресе, Президенттің Астана активімен кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы мәлімдемесі ақпараттық кеңістіктегі негізгі тақырыпқа айналды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі ...

Read More »

550 жылдықты тойлау – халықты тарихпен тәрбиелейтін маңызды шара

Қазақ мемлекетінің тұңғыш рет өз атымен тарих сахнасына шығуының 550 жылдығын тойлау жайында аса биік дәрежедегі шешім жария болды, ең бастысы осы. Мемлекеттілігіміздің айтулы даталарын атап өту арқылы халықты тарихпен тәрбиелеуге, еліміздің әр азаматының бойындағы отансүйгіштік сезімін ұштауға   бағытталған маңызды қадам жасаймыз. Осы мерейтойға дайындық кезеңі әркімнің өзін өзі тануына кең жол ашады, соған жәрдемдесу ләзім. 1465 жылы Қазақ Ордасы ...

Read More »

Абысын тату болса…

Абысын – қазақ этномәдениетіндегі ағайынды адамдардың әйелдерінің бір-біріне жақындық қарым-қатынасын білдіретін туыстық атау. Алайда бұл сөздің алғашқы мағынасы тек қана әйелдер арасындағы ілік,  жақындыққа арналған сөз екендігін еске ала отырып, төркінін тап басуға болады. В.В.Радлов сөздігінде: «Абы» қойбол тілінде біздегі «әйел» сөзінің орнына қолданылады,– деп жазылған еді. Ал Л.3.Будагов сөздігінде: «Абысын» тұлғасына жақын «епчи» сөзін ұшы­ра­тып, «әйел» мағынасын беретіндігінен хабардар ...

Read More »

Қойдың пірі – Шопан ата

Міне, күнтізбе бойынша 2015 жылға да қадам бастық. 2015 жыл – Қой жылы. Осы орайда біз қой жылының кейбір ерекшеліктеріне, сонымен қатар қойға байланысты салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, ырым-тыйымдарға, наным-сенімдерге тоқталуды жөн көрдік. Қой жылы – он екі жылдық жыл санау жүйесіндегі жетінші жыл атауы болып есептеледі. Дәстүрлі түсінік бойынша, әр жануарға телінетін жылдардың өз ерекшеліктері бар. Мәселен, қой жылы қойдың мінезі ...

Read More »