Home » Айдарлар (page 249)

Айдарлар

Алақ көтерілісінің арысы

Бір ғасырдың ішінде болған төрт жүзге жуық қазақ көтерілістерінің барлығы бірдей тарих сахнасына шыға алды деуге негіз жоқ. Оған зерттеу ісіне деген саябырлық пен құлықсыздық,  көтерілісті көтеріліс ретінде тану үшін дәлелдердің жеткіліксіздігі, оны зерттейтін кейбір сала мамандарының да сын көтермейтін біліксіздігі, қаражат қатшылығы және басқа да толып жатқан себептердің көп екендігін мойындауымыз керек. Сондай-ақ көтеріліске мемлекеттік мәртебе бергізетін құзырлы орындар ...

Read More »

Қайдасың, кәусар бұлақтар?

Халықтың дәстүрлі өнері мен мәдениеті қашанғы қағажу көрмек? Қазақтың дәстүрлі әні мен күйі, ұлттық өнері мен мәдениеті дегенде көкіректері қарс айырыла толғанып, сол құндылықтардың бүгінгі хал-жағдайы, көкейкесті мәселелері хақында азаматтық әділ сөз айтар, бүкпесіз адал пікір-пайымдарын ортаға салар ұлтжандыларымыздың барына шүкір. Біздің бүгінгі сұхбаттасымыз – белгілі әнші, өнертанушы Ерлан ТӨЛЕУТАЙ. – Ерлан, қазіргі кезде жалпы қазақ өнері, оның ішіндемузыка өнерінің алуан-алуан толғағы баршамызды тол­ғандырар көкей­кес­тітақырып­тардың біріне айналды десек қате­леспейміз. Мәселенің мұндайалабө­тен ауқымды сипат алуын қалай түсіндірер едің? – Иә, қазіргі 15 пен 35 жас аралы­ғындағы жастарымыздың ...

Read More »

Ер туар ма бұлардай?!

Күштің тең емес екендігін Исатай Тайманұлы да жақсы түсінді. Бірақ, бұл жағдай оны жасыта алған жоқ. Махамбет ақынмен бірге ел аралап үгіт-насихат жүргізіп, халықты хан мен отарлаушы әкімшіліктің әділетсіз саясатына белсенді қарсылық көрсетуге шақырды. Сол арқылы билік орындарын халық бұқарасына байланысты ұстанған әлеуметтік саясатынан бас тартқызудан үміттенді. Осы бағытта тіптен мүлдем басқа көзқарастағы  мүдделері үйлеспейтін Қайыпғали Есімұлы сұлтанмен де ымыраға ...

Read More »

Моңғолиядан табылған көне домбыра сыры

Қазақтың қара домбырасының тарихы тым әріден басталатындығын айғақтайтын, қазіргі Моңғолия жерінен табылған мына көне домбыра туралы екі-үш жыл бұрын мерзімді басылымдарда жарияланған болатын. Оқырмандардың сұрауы бойынша біз осы жаңалықты тағы бір жаңғыртып, көне жәдігерді алғаш зерттеп, қазақтың қасиетті қара домбырасының түп атасы екенін дәлелдеп, ғылыми сараптама жасаған ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының пайымдарын жариялауды жөн көрдік. Бұл домбыраны әу баста моң­ғол­дың Дандар деген ...

Read More »

Сүгірдің шәкірті – Самар күйші

Жақында Кентау қаласында тұратын, сексеннің сеңгіріне шыққан күйші Самар (азан шақырып қойған аты Самариддин) Сүйіндікұлы редакциямызда қонақта болды. Түркістан ауданы «Абай» мектебінде музыка пәнінен дәріс беріп, ұстаздық еткен, Кентау шахтасында тер төккен қарияның ұсталығы да бар екен. Домбыра, үй жиһаздарын өзі жасай береді. Бәрінен бұрын он саусағынан бал тамған күйшілігін айтыңыз. – Қария, сізді әйгілі күйші Сүгірді өз көзімен көріп, ...

Read More »

Жәнібектің күміс шақшасы

Қазақтың маңдайына біткен тума талант, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жәнібек Кәрменов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жарқын Шәкәрім — бозбала сәттен өнер жолын қатарлас бастаған, көп жылдар бойы аралары ажырамаған адал достар. Өкінішке қарай, ажал құрығы әншінің қадамын алысқа жібермеді. Бірақ өзі кеткенімен көзіндей болып артында мол мұрасы қалды. Ән қоржынын айтпағанда, тұтынған тұрмыстық бұйымдары бір төбе. ...

Read More »

Азаттық әуендері шырқалды

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы­мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен «Тіл» орталығының ұйымдас­тыруымен «Азат рухтың алдаспандары» атты ән мен күй кеші өтті. Тәуелсіздіктің 21 жылдығы мен Жел­тоқ­сан оқиғасының 26 жылдығына орай­ластырылып  ұйымдастырылған концерттің ерекшелігі – мұнда азаттық жолында құрбан болған, қудаланған, жер айдалып, атылып, абақтыға жабылған композитор­лардың шығармашылығы көрініс тапты. Азаттықты аңсаған Махамбет, Иманжүсіп, Жаяу Мұса, Мәди, ...

Read More »

Бізге күйдің ғылыми негізін қалыптастыратын орталық қажет

Жанғали ЖҮЗБАЕВ, күйші, өнертанушы: – Жанғали аға, өзіңіз қазіргі күй өне­рінің ақылшы ағаларының біріне ай­налған жансыз. Бүгінгі күй өнерінің ал­ған бағыты қалай және жастардың осы бір тылсым өнерге деген ықыласы қан­дай? – Бұл күй деген жарықтықтың өзіне тән ке­зеңдері болады. Бір кезеңде дәуірлейді, ен­ді бір кезеңдерде тоқырайды. Бір кезде дағ­дарысқа ұшырайды, тіпті кей кезеңдерде жо­ғалып та кетеді. Күйдің гүлденген уақыты Құр­манғазы, ...

Read More »

Ақ туы төбесіне төңкерілген

Алаш жұртының арын арлап, елдік туын көкке көтерген Ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы әр кезеңде жазылған көркем шығармалар, эсселер мен ғылыми мақалалар, монографиялық еңбектер мен тарихи-ғұмырбаяндық зерттеулер аз емес. Батыр бабаның болмыс-бейнесін сомдап, ол өмір сүрген дәуір суретін қанықтыра түсетін Зейнолла Шүкіровтың «Сыр бойы» романы, Бекділда Алдамжаровтың «Ұлы сел» тетрологиясы, Молдахмет Қаназдың «Жанқожа» кітабы, Әбсаттар Оспановтың «Жанқожа батыр» деректі ...

Read More »