Home » Айдарлар (page 242)

Айдарлар

Қазақ әні Келденбайынан айырылды

Ұлттық ән өнерінің қалың орманы қарағайдай қасқайған, қайыңдай жайқалған, кеудесі ән-жемісіндей мәуелеп тұрған бір ағашынан айырылды. Қасиетті жұма, 29 шілде күні Шәкәрім әндерін жаңғыртушы, орындаушы, мәдениет қайраткері Келденбай Өлмесеков 58 жасында дүниеден озды. «Ажал айтып келмейді», Алматыға теле­арнаның шақыртуымен ән жазуға кел­ген ән­шінің жүрегі сыр беріп, инфарктан кенеттен көз жұмуы мәдениет, ұлт­тық ән өнері саласында жүрген әріп­тес­те­рінің қа­быр­ғасын қа­йыс­ты­рып кетті. ...

Read More »

Күй құдіреті

Биыл өнер өлкесінің екі алыбы — заманымыздың заңғар жазушысы — Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен халық композиторы, күйші — Сүгір Әлиевтің өмірден өткеніне тура елу жыл толды. Осыған орай белгілі журналист, өнер зерттеушісі — Жаулыбай Иманәлиевтің естелігін ұсынып отырмыз. Бұдан екі жыл бұрын газетіміздің (9 маусым, 2009 жыл) 102 (1283) санында «Мұхтарды тәнті еткен өнер» атты естелігін жариялаған едік. Мына естелігі ...

Read More »

Жапондықтар «Кейін дәстүрлі әндеріңді бізден үйренетін боласыңдар» дейді

Жақында «Халық сөзі» газетінің ұйымдастыруымен Алматыда «Халық әндерін айтсақ» атты дәстүрлі әндер кеші өткені оқырман есінде болар. Сол кеште Ә. Қашаубаев атындағы дәстүрлі әншілер байқауының бас жүлдегері, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан ЖАНПЕЙІСОВ арқасы қозып, залдан суырылып шыққан еді. Сөйтіп өзі сұранып бір-екі ән айтып, тыңдарманды аяқ астынан дүр көтеріп тастады. Сол аралықта белгілі әнші Рамазан Стамғазиевпен «…» деген тақырыпта сұхбат ...

Read More »

Сағатбек Медеубекұлы: Күй тыңдай алмайтын қазақ көп…

– Қазақ халқы домбыра мен қобыз аспаптарына, күйге ерекше мән берген. Осының сыры неде? – Кезінде Потанин: «Қазақ даласы маған түгел ән салып тұрғандай көрінеді» деген екен. Маған да қазақтың кең байтақ даласы күй тартып, домбыраның қоңыр үнімен күмбірлеп тұрғандай көрінеді. Осындай даланың перзенті күй құдіретін түсіне алмауы мүмкін емес. Қазір өкінішке қарай, күй тыңдай алмайтын қазақ көп. Күйді тыңдай алмаса, ...

Read More »

Саят Ақбасов: Өнерде кімнің мықты екенін мойындау да ерлікпен пара-пар

– Саят, сіз есімі елге белгілі күй­шілердің бірісіз. Басылым бет­те­ріне қаншалықты жиі шығып тұ­ра­сыз? – Газет-журналдардан жиі кө­рі­ніп тұрамын деп айта алмаймын. Бір-екі рет күйшілік өнер, дәс­түрлі ән, ұлттық мұра төңірегінде кі­шігірім сұхбат бер­генім бол­ма­са, жеке өзіме қатысты сұх­бат­тар жасалған емес. Бірінші рет сіз­дердің ша­қы­руларыңыз бой­ын­ша, ре­дак­ция­ларыңызға келіп отыр­мын. – Ал телебағдарламаларға түсу жа­ғы қалай? – Ең алғаш «Мир» телеарна­сын­да ...

Read More »

Ләззат Жанаманова: Жетісу мақамдарын үйрететін мектеп ашқым келеді

– Ләззат, бір жылдары Жамбыл атын­­дағы Қазақ мемлекеттік филар­мониясында жұмыс істеген едіңіз. Соңғы уақыттары сол сахнадан көрінбей қал­ды­ңыз. Қазір қайдасыз? – 2003 жылы Құрманғазы атындағы ұлт­тық консерваторияны бітірген бойда аталмыш киелі шаңыраққа жұ­мысқа орналасқан едім. Үш жарым жылдан кейін Қазақ радиосына ауы­сып, музыкалық редактор ретінде ән­шілердің алып келген дүниелерін сұ­рып­тап, таразылап, көркемдік кеңеске дайындап берумен айналыстым. Дәл қазір Сүйінбай атындағы ...

Read More »

Тамара Базарханқызы, биші: «Қара жорға» билемей, қазақ тойдан қайтпайтын болды

– Тамара, сіз қазақтың ұлт­­тық биі «Қара жорғаны» на­­си­хат­тап жүрген өнер ие­сі­сіз. Жал­пы, би жанрын жа­ны­ңызға серік ет­келі неше жыл болды? – Шамамен, 23 жыл болды де­­­сем, қателеспейтін шығар­мын. Өйткені Қытайдағы әр қа­­зақ­тың баласы көзін тырнап аш­­қаннан «Қара жорғаны» тың­дап, аяғын қаз басқаннан би­леп өседі. Мен де солардың бі­рімін. Алғаш 3-4 жасымда құ­марта бастаған екенмін. Кей­ін он жыл Шәуешек қа­ла­сын­дағы ...

Read More »

Ұлттық музыка өнеріне Шәкір әкелген жаңалық

Шәкір ақсақалдың қатарынан озық әрі қарғадай бойы қазына өнерге бай болуы кездейсоқ емес. Оған, біріншіден, киелі ұлылар мекені, Абайдың ақындық ортасы әсер етсе, екіншіден, көрген тауқыметі, Алаш зиялыларымен араласуы сабақ болғандай. Ақындығы, жазушылығынан бөлек, қазақтың ұлттық музыка өнеріне өзіндік қолтаңбасымен келген Шәкір әндері – өз алдына бір мектеп. Сегіз сері, Біржан сал, Ақан мұрасынан бас­тау алған қазақ ұлттық классикалық ән ...

Read More »

Арық емес, қатумын

Ертеде Қаракесек пен Қыпшақ ру­ларының арасында бір дау болады. Дауға қаракесек Қаз дауысты Қазыбек келіпті.Амандасып болған соң Қыпшақ биі: «Арғынның биі, сөйле!» – депті. Сонда Қазыбек:Арық емес, қатумын,Қара жерден татумын.Көшершілік кезде түйе азады,Жетімдік көрсе, қыз азады.Елі жаугершілік болса,Тағында хан азады,Табындағы би азады, – депті.  

Read More »