Home » Айдарлар (page 20)

Айдарлар

Османованың үстінен құс ұшырмай жүрген кім, Бақауов па, әлде басқалар ма?

Павлодар облысында тіл мәселесі күйіп тұр! Ономастика саласында да шешілмеген проблемалар аз емес. Осы орайда республикалық БАҚ-та облыс әкімі Болат Бақауов бірнеше мәрте өткір сынның нысанасына айналды. Сондай шақтарда осы жолдардың авторы және өзге тіл жанашырлары Ертістің Кереку өңірі жұртшылығының абыройын, әкімнің ар-намысын мүмкіндігінше қорғап бақты! Ал облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова болса, тіл мәселесіне қатысы жоқ ...

Read More »

Сайлау. Интернет халқының дауысы аз

Кейде осы интернеттегі “қосанов – бойкот” деген айғай – шудың бәрі далбаса нәрсе ау деп ойлаймын. Әлеуметтік желіде, мысалы осы фейсбукте ары кетсе 150 мың адам, ютубте саяси роликтер көрілімі бойынша 1- 2 млн, инстаграмм, вк, ватсап бәрін қоссақ сол ютуб санындай болады. Ал елімізде 18 млн адам, оның басым бөлігі телевизорда отыратын “мещандар”, бізде бәрібір сайлаудың тағдырын шешетін осы ...

Read More »

“Алаш арыстары және ашаршылық”

Алматы қаласы А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Алаш арыстары және ашаршылық” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі тарихшы ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы баяндамалар жасалып, осы саланы зерттеуші тарихшы ғалымдардың пікірлері талқыланды. “Рухани жаңғыру” гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ...

Read More »

ТОҚАЕВТЫ ТАҢДАУДЫҢ ТӨРТ ТИІМДІЛІГІ немесе МЕРИТОКРАТИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ

  Қадірлі достар! Бәріміз бір сәтке тоқтайықшы! Тоқтайық та, алдағы тоқтам туралы ойланайықшы! Дұрыс таңдау жасаудан жаңылмайықшы! Тура жолымыздан адаспайықшы! Болашақ Президентімізді елге сіңірген еңбегіне, талантына, мінезіне, білім-біліктеріне, қабілет-қарымдарына байланысты сайлағанымыз жөн деп санаймын. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көп сөйлемейтін, бірақ әр қадамын ойланып, толғанып барып басатын, әр сөзін таразылап барып алға тартатын НАҒЫЗ ДИПЛОМАТ, ӘЛЕМДІК САЯСАТТЫҢ БІРДЕН-БІР ...

Read More »

Алматыда «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27 мамыр күні Ғылым ордасында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Айта кетейік жиын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысымен «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында қолға алынып отыр.  Дөңгелек үстелді «Адырна» ұлттық-этнографиялық    бірлестігінің басшысы Арман Әубәкір ашып, келген қонақтарды таныстырды. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және ...

Read More »

Алматыда “Тарихтан тағылым: ұлттық идея және дін мәселелері” атты конференция өтті

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталған шара «Тарихтан тағылым: ұлттық идея және дін мәселелері» тақырыбының аясында кең ауқымды қамтыды. Айта кетейік, шараның басты мақсаты: жастарды қазақы болмысымыздан ажырамай, ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып дамуға бағыттау. Студент жастар мен конференцияға арнайы келген қонақтардың алдында алғашқы сөз кезегі ақын, этнограф Әбубәкір Қайранға берілді. Әбубәкір аға ...

Read More »

Күршімнің жері Қытайға берілді ме? (видео)

Жақында әлеуметтік желі арқылы ШҚО, Күршім ауданының жері Қытайға сатылып кетті деген ақпарат тарап, жұртты дүрліктірді. Әншейінде анау-мынауға мыңқ етпейтін қазаққа жеріңді сатып жатыр деші. Аяғы не болады екен? Сондықтан осы алып-қашпа әңгіменің нүктесін Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов қойды. Арнайы видео үндеу жасаған аудан әкімі жердің ешкімге де сатылмайтынын, халықты қауесетке сенбеуге шақырды.   “Адырна” ұлттық порталы

Read More »

“Министр мектепке хиджабпен кіргізсін”

Ақтөбеде облыстық соттың алдына жиырмаға жуық азамат талап тілектерін айтып шықты. Олар президенттікке кандидат саясаткерлер мен үкімет басшысы Асқар МАМИН және Білім және ғылым министрі Күләш ШӘМШИДИНОВАҒА хиджаб мәселесін шешуді сұрады. Жиналғандар қыздарымыздың басынан орамал шешкізген білім министрлігі  конституцияға қарсы шығарған бұйрықты өзгертсін дейді. Биыл Ақтөбе облысында  хиджабсыз мектепке барғысы келмеген сегіз оқушы жыл бойы сабаққа қатыспаған. Кейбір ата-аналар балаларын ...

Read More »

“Алашқа тағзым” “Ақ жолдан”

Жақында ғана 9 мамыр Жеңіс күні “Мәңгілік полк” шеруі  бүкіл Қазақстанды аяғынан тік тұрғызып еді. Біреулер қолдап, енді бірі қарсы болып, қазақ қоғамын екіге бөліп тастаған болатын. Осыған қарама-қарсы балама ретінде “Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  үшін «Алашқа тағзым» атты шеру өткізу жайлы ұсыныс тастаған болатын. Бұл ұсыныс қоғамнан қолдау тапқанмен биліктен қолдау таппады. ...

Read More »