Home » Айдарлар (page 10)

Айдарлар

Алматыда «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27 мамыр күні Ғылым ордасында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Айта кетейік жиын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысымен «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында қолға алынып отыр.  Дөңгелек үстелді «Адырна» ұлттық-этнографиялық    бірлестігінің басшысы Арман Әубәкір ашып, келген қонақтарды таныстырды. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және ...

Read More »

Алматыда “Тарихтан тағылым: ұлттық идея және дін мәселелері” атты конференция өтті

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталған шара «Тарихтан тағылым: ұлттық идея және дін мәселелері» тақырыбының аясында кең ауқымды қамтыды. Айта кетейік, шараның басты мақсаты: жастарды қазақы болмысымыздан ажырамай, ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып дамуға бағыттау. Студент жастар мен конференцияға арнайы келген қонақтардың алдында алғашқы сөз кезегі ақын, этнограф Әбубәкір Қайранға берілді. Әбубәкір аға ...

Read More »

Күршімнің жері Қытайға берілді ме? (видео)

Жақында әлеуметтік желі арқылы ШҚО, Күршім ауданының жері Қытайға сатылып кетті деген ақпарат тарап, жұртты дүрліктірді. Әншейінде анау-мынауға мыңқ етпейтін қазаққа жеріңді сатып жатыр деші. Аяғы не болады екен? Сондықтан осы алып-қашпа әңгіменің нүктесін Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов қойды. Арнайы видео үндеу жасаған аудан әкімі жердің ешкімге де сатылмайтынын, халықты қауесетке сенбеуге шақырды.   “Адырна” ұлттық порталы

Read More »

“Министр мектепке хиджабпен кіргізсін”

Ақтөбеде облыстық соттың алдына жиырмаға жуық азамат талап тілектерін айтып шықты. Олар президенттікке кандидат саясаткерлер мен үкімет басшысы Асқар МАМИН және Білім және ғылым министрі Күләш ШӘМШИДИНОВАҒА хиджаб мәселесін шешуді сұрады. Жиналғандар қыздарымыздың басынан орамал шешкізген білім министрлігі  конституцияға қарсы шығарған бұйрықты өзгертсін дейді. Биыл Ақтөбе облысында  хиджабсыз мектепке барғысы келмеген сегіз оқушы жыл бойы сабаққа қатыспаған. Кейбір ата-аналар балаларын ...

Read More »

“Алашқа тағзым” “Ақ жолдан”

Жақында ғана 9 мамыр Жеңіс күні “Мәңгілік полк” шеруі  бүкіл Қазақстанды аяғынан тік тұрғызып еді. Біреулер қолдап, енді бірі қарсы болып, қазақ қоғамын екіге бөліп тастаған болатын. Осыған қарама-қарсы балама ретінде “Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  үшін «Алашқа тағзым» атты шеру өткізу жайлы ұсыныс тастаған болатын. Бұл ұсыныс қоғамнан қолдау тапқанмен биліктен қолдау таппады. ...

Read More »

Зеленский Саакашвилиге Украина азаматтығын қайтарып берді

Украина президенті Владимир Зеленский Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге Украина азаматтығынан қайтарып берді. Зеленский Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырған жарлықтың күшін жойды. Бұл туралы Украина президентінің сайты хабарлады. 23 мамырда Саакашвили Зеленскийден өзіне Украина азаматтығын қайтарып беруді сұрап, хат жазған. 2004-2013 жылдары Грузияны басқарған реформатор Саакашвили 2015 жылы Украина азаматтығын қабылдап, Грузия азаматтығынан айырылған. Сол кезде оны Украинаның экс-президенті Петр Порошенко Одесса ...

Read More »

Қазақтың қыздарын еркек емес, әйел тәрбиелеген!

Ойпырмай, осында бір апамыздың “қазақ қыздарының тәртібі үшін қазақ еркектері кінәлі” деп өңештеп жүргеніне үш күн болды, үш күн. О заманда бұ заман, қазақ әйелдеріне бұндай “теорияны” кім шығарып беріп жүр? Меніңше, біздің әйелдер қазақ халқының алдындағы өздерінің тікелей міндетін ұмытып, әбден шатаса бастаған сияқты. Егер ата дәстүрді білсеңіздер, қарапайым қазақ қызы үшін қашанда үлкен жауапкершілік алдымен оның шешесі мен ...

Read More »

Қызылбай көтерілісі

Қарағаштың батысында «Қызылбайдың қырманы» деген жер бар. «Бұл жерде Сыбаннан шыққан Қызылбай егін егіп, қырман салған деседі. Кейіннен мал-мүлкі кәмпескеленіп, қызылдарға қарсы көтерілісті басқарған…» деген әңгімені бала кезден жиі естуші едік. Осы кітапты жазу барысында Аягөзде тұратын Қызылбайдың Тұрдыбай атты тікелей ұрпағымен жүздесіп, төмендегідей деректерді алудың реті келді: «Қазақ жерінде 1928-29 жылдары басталған ірі байларды кәмпескелеп, жер аудару және тап ...

Read More »

Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында жергілікті қоғамдық белсенді Ғалы Бақтыбаевты атып кетті. Бұл туралы Фейсбук парақшасында Айсұлтан Жақыпов хабарлады.” “Жаңаарқада Ғалы деген кісі бар еді. Жемқорлықпен күресетін, сотқа дейін баратын адамтын. Қосанов ағамыздың жарнамаларын іліп, жақсы жұмыс істеп жүрген. Сол кісіні түнде атып кетіпті. Жемқорлар тықыр таянғанын сезіне бастады ма? Марқұмның толық аты-жөні Бақтыбаев Ғалы Әдіұлы Иманды болыңыз Ғалы аға! Қаныңыз ...

Read More »