• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » Қырғызстандағы тасқұламадан зардап шеккен туристерді құтқаруға тікұшақ аттанды

    Қырғызстандағы тасқұламадан зардап шеккен туристерді құтқаруға тікұшақ аттанды

    АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Республикалық жедел құтқару жасағының тоғыз құтқарушысы мінген “Қазавиақұтқару” кәсіпорнының тікұшағы Қырғызстандағы туристерге жәрдем беру үшін аттанды.

    Хан Тәңірі

    Бастапқы мәлімет бойынша, Скрябин мұздығының ауданында теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер таудан құлаған тастар астында қалған.

    Қырғызстан аумағында болған тасқұлама салдарынан Қазақстан мен Ресей туристері зардап шегіпті.

    “Зардап шеккендердің төртеуі – Қазақстан азаматтары. Біреуі қаза тапты. Тағы бірі ауыр хәлде жатыр”, — деп хабарлады сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.

    Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Балтабек Нұрғалиев президенттің қызына да өлең арнады

    Естеріңізде сала кетейік, 2018 жылғы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың бірін ҚР пезидентінің қызы ...