• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » Ұлттың асы немесе идеология мен философия

    Ұлттың асы немесе идеология мен философия

    “Нені жейсің-солсың”,-дейді шығыс.”Асына қарап,адамын таны”,-деп те жатады. Қарағандыдағы оқиға орны, шаһар толы капқаз, өзбек, қытай, жапон ресторандары біздің негізгі тұстан қапы қалғанымызды көрсетті. Біз кімнің тамағын жеп жүрміз! Кім бізге асын өткізуде?

    Әрине әлемді жаулаған тамақ концеріндеріне жете алмаймыз.  KRAFT FOODS, Nestle S.A,  Prokter & Qamble секілді шыңдар шаңына көмсе де, өз ішіміздегі нарықты игере алмай жатқанымыз жан ауыртады. Тіпті өзбек ежелгі асы болмаса да,  палауды ала тақиялы туыстар ұлттық брендке айналдырып алды. Долма жөніндегі  “ұлы дауда” әзірбайжан Сталик Ханкишев-әзірбайжан асы екенін дәлелдеп шықты! Қандай  деректер,аргумент, фактілер айтылмады десеңізші!  Бұл мен көрген аса ірі “кухня көсемі”. Қытай әлемге ұлттық тағамының жиырма томын шығарып тастады! Ішінде қазақтың да ас атауы бар! Жапонның фугу балығының құны 300 доллар, дайын асы 1000 доллар тұрады! Оны дайындар шебер 50000 доллардан кем бағаға аспазшы болмайды! “Фугуды жегенде, жемегенде-ақымақ”,- дейді жапондар. Қанша жарнама және экзотика!

    Ал біз “бешбармақ” деген атауға қарсы шыққан Қонысбай аға Әбіловтің қасынан табыла алмадық… Сушиді, пиццаны жерік асындай жер жас ұрпақ-Құнанбайдың сүйікті асы жаубүйректі білмейді. Немесе”харчо”деп ұсынылған әрмен еті-қазақтың еділбайы екенін өзі ғана білер. Асыңды өзің істе қазақ! Келімсек сонда жөніне кетеді. Біз ас саясатын жатқа беріп қойдық.. . Ол біздің ұлт пәлсапамыз еді, енді идеологиямыз

    Серік Елікбай

    “Адырна” ұлттық порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Жын шығарамын деп, өлтіріп алды

    Орда бұзар отызына таяған азамат емшінің қолынан қаза тапты. Оның өліміне күдікті ретінде халық емшісі ...