• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Басты тақырып » Білім және ғылым миниитрлігі ескертті: Мектепте хиджапқа жол жоқ

    Білім және ғылым миниитрлігі ескертті: Мектепте хиджапқа жол жоқ

    Білім және ғылым министрлігі мектептерде хиджабқа тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті.

    Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылы қарсаңында ведомствоның хиджаб киетін оқушыларға қатысты позициясы жайлы айтты.

    “Мектептерде хиджабқа тыйым салынған. Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Балаларды бөлек оқытуға қатысты айтарым, бөлек және діни оқытуды шатастырмаңыздар. Оқыту түрі қандай болмасын, мектеп бағдарламасы бір. Мектептерде кез келген оқу мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары аясында, біз қабылдаған бағдарламалар бойныша жүргізіледі”, — деді Сағадиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

    Министр бұл мәселе барлығына қатысты екенін атап өтті.

    “Қоғам бұған түсіністікпен қарайды деген үміттеміз”, — деді ведомство басшысы.

    Дереккөз: el24kz

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Жын шығарамын деп, өлтіріп алды

    Орда бұзар отызына таяған азамат емшінің қолынан қаза тапты. Оның өліміне күдікті ретінде халық емшісі ...