• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » Билік халықты асырап отыр ма? Халық билікті асырап отыр ма?

    Билік халықты асырап отыр ма? Халық билікті асырап отыр ма?

    Күні кеше ғана Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көп балалы аналарға 16 мың теңге көп деп қоғамды шулатқан болатын. Сөйтсек, ол он алты мың теңгенің өзін әр балаға емес, бәріне бірдей беретін көрінеді.

    Сосын,  2018 жылдан бастап төрт және одан да көп бала үшін ай сайынғы берілетін  жәрдемақы жоқ екен. Бірақта,  тұрғын үй алуға кезекке тұрған кезде тезірек алуға мүмкіндік беретін көрінеді.

    Аты-жөнін атамауды сұраған көп балалы ананың айтуынша, төртінші баласын туғаны үшін өкіметтен жүз алпыс мыңға жуық ақша алыпты. 2018 жылға дейін төртінші баласын туғандықтан ай сайын он мың бес жүз теңгеге жуық ақша алады екен.

    “Төрт баланың кенжесі екіге толмаған себепті жекеменшік бала бақшаға барғаны үшін 25 мың теңге төлеймін ай сайын. Одан үлкені мемлекеттік бала бақшаға барады. Оған 18 мың теңге төлеймін. Үлкен екеуі ай сайын математика мен ағылшын тілі пәнінің үйірмесіне барады. Әрқайсысы үшін 10 мың теңге. Сонда екеуіне екі үйірме үшін айына 40 мың теңге төлеймін. Аптасына 6 мың теңгеге памперс аламын. Айына 24 мың теңге кетеді. Сонда ай сайынғы балалардың тамағы мен киімін, оқулығы мен дәптерін есептемегенде жүз мыңнан аса ақша кетеді. Мемлекеттің беретін жәрдемі памперсқа да жетпейді” дейді көп балалы жас ана.

    Ал, бес балалы әке 2018 жылдан кейін көпа балалы жанұя статусы алынып тасталғандықтан биліктен ешқандай жәрдем ақы алмайтынын айтты.

    Бала біздің болашағымыз дейміз. Біздің ғана емес, мемлекеттің болашағы. Өз болашағымыздан өзіміз аясақ біз қандай қоғам болғанымыз?

    Жұрттың бәрінің уайымы ай сайынғы төлейтін несиесі. Ресми мәлімет бойынша халық банктерге 6 триллиондай ақша қарыз екен.

    Былтырдан бері несиенің көлемі 14 пайызға көбейген. Орта есеппен әрбір борышкер банкке 900 мың теңгеден қарыз.  Бірақ, елімізде 1 жарым миллионнан астам адам несиесін уақытылы төлей алмай жүр екен. Ал, қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі әлі де еселенеді деген сарапшылар,  қарыз көлемінің ұлғаюы тұрмыстық жағдаймен тығыз байланысты дейді.

    КТК арнасына берген сұхбатында экономист Айдар Әлібаев “6 триллион теңге көңіл қуантарлық жағдай емес. Елімізде тұрмыс деңгейі құлдырап, жұмыссыздық жайлап жатыр. Сондықтан табысы шығысына жетпеген қарапайым халық банктерден қарыз алуға мәжбүр болады. Мойындарына екі-үштен тұтынушылық несиені арқалағандар бар” деп пікір білдірген болатын.

    Несиеден бөлек әкімшілік айыппұлдар да халықтың қалтасын қағып тұр. Мысалы, жол патрульдік полициясының ең төменгі айыппұлы 1 айлық есептік мөлшерінің  көрсеткіші болып табылады. Ол дегеніңіз 2525 теңге. Соңғы кезде бюджеттің жыртығын жамап отырған да осы айыппұлдар.

    Бұдан да қиын күні тойға барғанбыз деген халықтың психологиясы мен барға шүкірлігі мемлекеттің негізгі ұстынын ұстап тұр. Билік пен халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірігіп іс қылмаса, сыртқы факторлардың ішкі саясатқа әсер етері сөзсіз.

    Оңғар Қабден

    “Адырна” ұлттық порталы

     

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Қазақты…қазақ бағала!

    Бірін-бірі тілдеп жатқан қандастарымызды көргенде, жан ауырады… Бұл-құлдық танымның бір көрінісі… Римде құлдар бір ғана ...