• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » Бала зорлаған оқушы 7 жылға сотталды

    Бала зорлаған оқушы 7 жылға сотталды

    Бүгін Шымкентте Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы 7 жасар баланы зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты. Судья Самиддин Темірәлиевтің шешімімен 2002 жылы туған Азамат Амангелді Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша (“Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер”) айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  Жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде өтейді.

    Түркістан облысы,  Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау  бойынша сот ісі Шымкентте қыркүйектің соңында басталған болатын.  Оқушының зорланғаны туралы ең алғаш әжесі хабарлаған болатын. Осы іс бойынша бірнеше жоғарғы сынып оқушылары күдікті ретінде танылды. Баланың зорланғанын дәлелдеу үшін шет елдің сарапшылары 14 зерттеу өткізіп, тек бес айдан соң ғана зорлау дерегі расталды.  12 алқаби қатысқан сот процесі жабық түрде өтті. Басында іс бойынша төрт күдікті болған, алайда оның үшеуіне қатысты қылмыстық тергеу тоқтатылды. Себебі олардың жасы сол кезде 14-ке толмаған.

    “Адырна” ұлттық порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Илон Маскқа Шымкенттен жер бермек

    Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Данат Жумин  Tesla компаниясының негізін салушы Илон Маскқа қалаға аккумуляторлық зауыт ...