• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » Алматының бұрынғы әкімі Храпунов сотталды

    Алматының бұрынғы әкімі Храпунов сотталды

    Бұрынғы шенеунік оңтүстік шаһарды басқарып тұрғанда едәуір мүлікке иелік етіп үлгерген.

    Мәселен Алматы территориясында олардың меншігінде 5 жер телімі, жеке үй, “Эдельвейс” коттеждер қалашығындағы вилла, шамамен 10 пәтер, Самал ықшамауданында 3 көлік тұрағы мен әл-Фараби даңғылының бойында 16 гараж болған.

    Сот бұлардың барлығын тәркілеуге шешім шығарды.

    Бұдан бөлек Храпуновтарға тиесілі Өскемендегі 4 жер телімі мен кеңселік үй-жайлар, ШҚО-ның Көкпекті ауданындағы 3 жер телімі мен Алматы облысындағы 3 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.

    Аталмыш мүліктен бөлек, ерлі-зайыпты Храпуновтардың шотындағы барлық қаржы тәркіленбек.

    Еске сала кетейік, бүгін Алматыда “Храпунов ісіне” нүкте қойылды. Оңтүстік шаһардың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов 17 жылға, жұбайы 14 жылға сотталды.

    Ұзақ жылға сотталған Виктор және Лейла Храпуновтар пен олардың туысы Айяр Ильясовтың мүлкі тәркіленетін болды. Виктор Храпунов Алматы әкімі қызметінде болған кезде ұрланған барлық мүлік мемлекет меншігіне қайтарылмақ деп хабарлайды ВNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.Kz.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Абзал Құспан: БҰҰ-дан Қазақстан билігіне нота жолдауды талап етемін

    4-қазан күні Қазақстан билігі Сайрагүл Сауытбайға «Босқын» мәртебесін беруден бас тартты. Бұл ресми ақпарат. Бұл ...