• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » Алматы облысында 40 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

    Алматы облысында 40 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

    Пара алу көбейіп барады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облыстық департаментінің мамандары алғашқы жартыжылдықта осындай 45 қылмысты әшкерелеген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. «Өйткені мемлекеттік қызметкерлер мердігерлерден көбіне атқарылған жұмыс актісінің жалпы құнында көрсетілген ақшаның белгілі бір бөлігін талап етеді», – дейді департамент басшысы Данияр Тұрғанбаев. Өткен алты айдың қорытындысы бойынша 89 заңбұзушылық анықталса, соның 80-і жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қатысты. Қылмыстың дер кезінде ашылуының арқасында қазынаға 97 млн теңге қайтарылған. Ведомствода кәсіпкерлер құқының қорғалуына үлкен басымдық берілген. Алматы облысында кәсіпкерлік нысандарының жұмысына заңсыз араласу бойынша 6 дерек тіркеліп, 1 лауазымды қызметкер сотпен жауапкершілікке тартылды. Данияр Тұрғанбаев, СЖҚІҚ бюросы Алматы облыстық департаментінің басшысы: “Жемқорлықтың алдын алу мақсатында 59 жиналыс өткіздік. Негізгі біз парақорлықпен көбірек кездесеміз. Мысалы, биылғы жартыжылдықты айтсақ, 45 факті әшкерелеп отырмыз. Соның өзінде 40 адам, 40 мемлекеттік қызметкер парақорлықпен ұсталып отыр”. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Электрондық сауданың іргесі кеңеюде

    «Қазпошта» мен «Одноклассники» басшылығы қол қойған меморандум бұл саланы тағы да ілгерілетеді7 Мемлекет басшысының тікелей ...