• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » “Ақылды қоян”- балаңыздың жан досы!

    “Ақылды қоян”- балаңыздың жан досы!

    “Ақылды қоян”  қазақ балаларының интеллектуалдық деңгейін көтеруге арналған электронды оқу құралы.

    Жақында досымның үйіне қонаққа барып, тамаша дүниенің үстінен түстім. Досымның кішкентай баласы қоян ойыншықпен ойнап отыр. Басқа балалардай смартфонда, планшетте шаруасы жоқ. “Ақылды қоян” деп аталатын ойыншығы жан серігі екен. Сонымен ойнайды, бірге тамақтанады. Қойнына алып ұйықтайды. Ең бастысы, баланы ана тілінде, салт-дәстүрге тәрбиелейді екен. Содан менде де қызығушылық пайда болып, осы қоян туралы жан-жақты сұрастыра бастадым.

    Ойыншық жоғары сапада, балаларға залалсыз, бағасы қолжетімді. «Ақылды қоян» интеллектуалдық оқу құралы жаңа туған сәбиден бастап -12 жас аралығындағы  балаларға арналған екен.

    Көлемі 800 шумақтан тұратын 88 түрлі тақпақ, қазақ халық ертегілері мен шетел халықтарының ертегілерін қамтыған 120 ертегі, қазақ халқының әдет-ғұрып, ұлттық дүние танымға қатысты 1500-ге жуық атауға түсінік берілген. Сонымен қатар, мақал-мәтел, жаңылтпаш, ырымдар мен тыйымдар, Абай өлеңдерін қамтыған 500-ге жуық мазмұн мен 200-ден астам қазақша, ағылшынша,  әндер қамтылған.

    Бай мазмұнына жараса, құрылғы да балалардың эстетикалық талғамына шақталып жасалған. «Ақылды қоянның» түсті шырақтарынан шыққан құбылмалы нұр түнгі аспанды елестетіп, балаларды қиял көкжиегіне бастаса, бүктеліп ұстауға икемді құлақтары балалардың назарын өзіне аударып, бірден баурап әкетердей әсем жобаланған.

    Аталмыш құрылғыға енгізілген дыбыстарды Қазақ радиосының белді жүргізушісі – Жанар Сайлаубекқызы, Шыңжаңдағы Қазақ радиосының «күміс көмей» дикторы – Қайникамал Жолымбетқызы, Шыңжаң телеарнасының белді дыбыс актерлары – Серғазы Төлеуханұлы мен Жайна Ғинаятқызы, Шыңжаң қазағына танымал композитор, әнші Ғизат Сәкенұлы дыбыстаған

    Жоба авторы – ұзақ жылдары ағарту саласында тер төккен педагог, белгілі ақын Қанатқан Әбілғалиұлы. Ағарту ісінің қыр-сырын қанық білген жоба авторы талмыш құрылғының ішкі сапасы да жан-жақты ойластырып, білікті мамандардың «сүзгісінен» өткізіпті.

    “Ақылды қоян” ойыншығы әрі оқу құралы жас ұрпақтың бойына қазақы дүниетаным қалыптастырып, бойларына қазақы «қан жүгіртуді» көздеген бірегей өнім! Бүгінгі таңда қазақстандықтардың сұранысына ие электронды ойыншыққа айналып отыр.

    Оңғар Жомартұлы

    “Адырна” ұлттық порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Илон Маскқа Шымкенттен жер бермек

    Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Данат Жумин  Tesla компаниясының негізін салушы Илон Маскқа қалаға аккумуляторлық зауыт ...