Home » Айдарлар » Өнер (page 5)

Өнер

Домбырамды қолға алмай, ән салмай қалған күнім жоқ… – Бейбіт МҰСА, дәстүрлі әнші, «Мен қазақпын» тележобасының жеңімпазы

Келіскен уақытта кездесетін мекенге де жеттім. Кейіпкерімнің қай бөлмеде екенін табу қиынға соқпады. Дәліздің ең соңындағы бөлмеге дейін домбыраның сүйемелдеуімен шырқалған қазақ әні жетелеп барды. Сөйтіп, бұл жолғы сұхбат берушім әнімен қарсы алды.  Былтыр «Qazaqstan» телеарнасында жарты жылдай «Мен қазақпын» жобасы жүргізілді. Телебайқау дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің басын қосты. Жобада күйшілер Жанғали Жүзбай мен Айгүл Үлкенбаева, композитор Бағдат Естемес, дәстүрлі ...

Read More »

Әйгілі Әміре жайында Париж газеттері не жазып еді?

Бесінші сәуір жұлдызында қазақтың қайталанбас ғажайып әншісі Әміре Қашаубаевтың қиын-шырғалаң тағдыры жайлы баяндайтын «Әміре» атты үлкен киножоба қалың қауымға жол тартады. Фильмнің бұдан үш күн бұрын Астанада өткен жабық көрсетілімі кәсіпқой мамандар тарапынан аса тәуір бағаланғаны белгілі. Трейлер көрермендерге жарқын да сапалы ғажаптарын молынан ұсынбақ. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қанаттанған «Қазақфильм» «Рухани жаңғыру» стратегиясына қапысыз ...

Read More »

Қанағат Мұстафин, режиссер: Фильмдерімде арзан әзілге жол жоқ

“Той любой ценой” фильмі мен күткендей болып шықты “Той любой ценойдың” сценарийін жазып болған соң, оны фокус-группама оқытып алдым. Менің ең бірінші фокус-группам – туған әпкем Аңсаған Мұстафа. Барлық фильмдерімнің сценарийін бірінші сол кісі қарайды. Ол біраз ұсыныстарын енгізді. Басқа да режиссер достарыма, әріптестеріме, сценаристерге оқыттық. Себебі кинода ең бастысы – сценарий. Егер ол дұрыс болмаса, ешқандай режиссер де, актерлер ...

Read More »

Әлемге танылған Әміре туралы көркем фильм көрерменге жол тартты

Қазақ елінің рухани-мәдени өмірін­де ерекше уақиға – ұлтымыздың ұлы әншісі, әйгілі өнерпаз Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл толуына орай түсірілген көркем фильм көрерменге жол тартты. Елорда мен Алматы кино­театрларында қазақтың біртуар әншісі туралы «Әміре» фильмінің тұсауы кесіліп, жалпыұлттық прокатқа шықты. ХХ ғасыр басында қазақ әншісінің дауысы Еуропа төрінде шарықтаса, бір ғасырға жуық уақыт өткенде Әміре бейнесі кино тілімен көрерменді жауламақ, ...

Read More »

Ақұштап Бақтыгереева. Дала өзін сүйген ұлды далаға тастамайды

– Күйіне келтірілген домбыраның қос ішегі саусақ тисе күмбірлеп кететіні сияқты, ақын Жарасқанның бүкіл болмысы, мінезі – пернелерден жаратылғандай сезімтал да секемшіл болатын. Мен оны алғашқы албырт «Ақ бұлақтар» атты өлеңінен бастап оқыдым да, таныдым да. Кейін бір үйде, бір подъезде көрші тұрдық. Жолыға қалсақ, бір шумақ өлең оқитын. Ол – қолы тимейтін әйел-ақынның намысын жану болатын. Мен одан төрт ...

Read More »

Ұлы Арман.

«Тарихта ізі қалған дара тұлғалармен кездесудің киелі орны  – Театр сахнасы»  – дейді. Расымен, театр өткен, болған оқиғаны шынайы түрде көрсетеді. Қойылымды тамашалағанда құтты бір сол кезеңде жүрген сияқты сезінесің өзіңді… . Нағыз актер саған өмірде актердың бар екенін ұмыттыру керек.  Тіпті, өзіңнің көрермен екеніңді ұмытасың.. Сен  тура сол сәттің куәгері болғандай әсер аласың.. Шынайы кейіпкерлер, дауыс – барлығы көз ...

Read More »

Біз салафит ақындарды айтысқа қатыстырмаймыз

Шымкентте 23 наурыз күні «Наурыз көктем – Шымқала» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Алайда биыл 12-ші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі айтысқа қарапайым халық қызығушылық танытпаған көрінеді. Мұның себебін Сара Тоқтамысова «айтыстың жарнамасы аз болған соң, халық аз жиналды» деп түсіндірген екен. Шын мәнісінде айтысқа көпшіліктің қызықпауының астарында өзара дау жатса керек. Өйткені бұған дейін айтыстың негізін қалаған Жүрсін Ерман «Айтыста радикал ...

Read More »

Алматыда музыкалық олимпиада өтеді

Биыл 10-жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байқау Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 1 ай көлемінде  өтеді. «Бұл байқауда музыкалық білім алып жатқан 500-ге тарта студент өнердің 7 бағыты бойынша «аспапта ойнау», «дирижерлік (хор)», «вокал өнері», «дәстүрлі музыкалық өнер», «композиция», «арт-менеджмент», «музыкалық білім» бақ сынасатын болады»,- деді консерваторияның баспасөз қызметінен. Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория мен Қазақ Ұлттық Өнер институтының мамандары кірген қазылар алқасы жастардың ...

Read More »

Даңқы кеткен алысқа – Жоламан әнші алпыста!

Жасымда болдым балдырған, Талайды əнге қандырған.  Сол балдырған кезімде, Ғашықтық отын жандырған.  Мәжілісімді көркейт деп, Төрелер қалап алдырған. Алпысқа келіп əн салып, Атын бір қойдым “Қалдырған” Үкілі Ыбырай Бір өзі бір консервотория, бір өзі бір филармония – Жоламан Құжиманов ағамыз асқаралы жас – алпысқа келді. Бір өзі бір консерватория дейтінім, осы күнгі қолына домбыра ұстап жүрген кейінгі буын əншілердің Жоламаннан ...

Read More »