Home » Айдарлар » Өнер (page 35)

Өнер

«Жұлдызды Жасыбай»

Баянауыл баурайындағы Жасыбай көлінің жағасында музыкалық мереке – «Жұлдызды Жасыбай» III ретро фестивалі өтті. Жыл сайынғы аталмыш мереке әртістер мен табынушылардың бас қосатын орнына айналды. Жасыбай көлінің жағалауына сүйікті әндерін тыңдау үшін мыңдаған қазақстандықтар осымен үшінші жыл қатарынан жиналуда. Шараға өңір басшысы Ерлан Арын қатысты. Биылғы ретро-фетивальда Павлодардың Ертіс-Баян өңірінің дара тұлғалары, белгілі ақын-жазушылары, сазгерлері Майра, Естай, Жаяу Мұса, Иса ...

Read More »

Таласбек Әсемқұлов: Қазіргі күйшілерде қала сарыны сезіледі

Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ, жазушы, кинодраматург, күйші: – Таласбек аға, әдебиет пен өнердің түрлі саласында еңбектеніп жүресіз. Жан-жақтылық туабітті қасиет пе? – Александр Блок «жан таланты бола­ды» дейді. Сонда шын өнерпаз адамның жаны талантты келеді. «Ақын суретші бола ал­май­ды, музыкант жазушы бола алмайды. Әркім өз ісімен ғана айналысу керек» деген қасаң түсінік бар. Мұның бәрі – қате. Адамның жанында өнердің мәйегі болады. ...

Read More »

Ғарифолланың таңдайы

Мен ақиық әнші, феномен Ғарифолла Құрманғалиев атамыздың таңдайын көріп едім. Ол алды-артымызды әлі де толық пайымдап үлгермеген, тұрақсыз, албырт уақытымыз-ды. Сондықтан болар, не нәрсеге де қызығушылық сезімі тез оянып, жылдам басылатын, қадір-қасиетін жете байыптамайтынбыз. Бұл оқиға да жылдар жылжыған сайын көмескі тартып, ұмытыла бастаған. Күтпеген жерден санамызда қайта жаңғырды. Оған себеп: ғалым Е.Жәнібековтың  «Әл-Фарабидің физикалық көзқарасы» атты (Алматы, «Рауан», 1993 жыл) ...

Read More »

«Елік» биін билеген кім?

Жылбек Сенбекұлы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері: – Жақында әлеуметтік желілер арқылы «Елік» биі табылғандығы туралы мәлімет жа­рияладыңыз. Бұл деректі қайдан таптыңыз? – Соңғы кезде тойларда «Қара жорға» биі міндетті түрде қойылады. Оған халық жап­пай ортаға шығып билейді. Біреулер «бұл Қытай қазақтарының биі» деген әңгімені шығарып жүр. Қазақ қай жерде болса да қазақ. Сондық­тан бұл би – ...

Read More »

Рамазан Cтамғазы, әнші: Үлкен жобалар керек…

Баяғыда бір кісі: «Мен суретші, әрші, артист бола алмайтынымды түсіндім!» – депті досына ағынан жарылып. Сонда досы: «Е-е-е… біз де кезінде домбыра дыңғырлатып, бояу баттастырып, рөл ойнағандай болғанбыз. Ал қазір жүрміз ғой…», – депті ішіндегісін ақтарып. «Өміршең өнер туындысын тудыру шын дарынның ғана қолынан келеді» дегенді ел аузынан жиі естиміз. Бірақ сол өнердің бүгінгі хал-жағдайы қалай? Қандай ірілі-ұсақты жаңалықтар бар? ...

Read More »

Қайрат Байбосынов. Мен жалпы қазақтың әншісімін

Қазақ өнері мен мәдениеті, оның ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан дәстүрлі әндері тарихында осы бір есім ерекше аталатыны ақиқат. Тереңге сүңгімей-ақ, бертіндегі Әмірелер салған сара жол, қазақтың болмыс-бітімі мен салт-дәстүріне сай әуені мен сөзі үйлесім табатын бай мұрасы – дәстүрлі әндер қашанда сөз  етуге,  таңды таңға ұрып әңгімелеуге тұрарлық. Елордадағы қазақтың тағы бір талантты қызы Айман Мұсақожаева басқаратын Өнер университетінде ...

Read More »

Ғарифолла Құрманғалиевтың өмірбаяны: өскен ортасы, оның тәрбиелік ықпалы

Ғарифолла  Құрманғалиевтыңорындаушылық  мәнері – этностық  мәденигенофондымызға  қосылған дәстүрліәншілік  мектептің озық  үлгісінің  біріекені  белгілі. Алайда тарихы, бітім-болмысы әлі де жан-жақты зерттелуі, бір жүйеге түсірілуі керек. Өнертану ғылымы үшін сөзсіз үлкен пайда. Кейінгі зерттеушілерге бағыт-бағдар, нұсқа-жол болатыны және анық. Біз де Ғарифолла ата Құрманғалиевқа қатысты тікелей өзіміз куә болған жайттарды,жинақтаған деректерімізді шама-шарқымызша саралап, сұрыптап ұстаз өнернамасына бойлауды жөн санадық. Нәтижесінде «Ғарифола сал» атты деректі хикаят, «Халық композиторы, ақын Мұхит сал ...

Read More »

«Аранжанның шалқымасы»

«Аранжанның шалқымасы» болса, Аранжан батырдың жауды жеңіп келе жатқандағы көңіл-күйіне арналыпты…». А.Сейдімбек.  («Қазақтың күй өнері». 426-бет). Абылдың бұл күйі кейбір жазбаларда «Әрен­жанның шалқымасы» деп аталған. Ал не­гізінде, дұрысы, Маңғыстау шежірелерінде – «Аранжанның шалқымасы» деп айтылады. Біздің қариялардың айтуынша, күйдің та­рихы былай болып келеді. Күннің суытқан күз, қыс айларында Маң­­­ғыстау ойында болып, алты ай жазда Ой­мауыт – Желтау барып, Жем жағалап ...

Read More »

Седат СОЛАҚОҒҰЛЫ, Түркиядағы Қазақ қоғамы домбыра үйірмесінің мұғалімі: ТҮРКИЯДА ДОМБЫРА «МОДАҒА» АЙНАЛДЫ

Түркия көшелерінде келе жатып домбыра туралы ән естісеңіз қайран қалмаңыз. Өйткені домбыра әні – түрік еліндегі басты партияның ұраны болды.  Нақтырақ айтсақ, ноғай әншісі Арсыланбек Сұлтанбековтың «Домбыра» әні. Ноғай тілі мен қазақ тілінде айырмашылық жоққа тән емес пе? Түркиядағы қазақтар Арсыланбектің орындауындағы әнді қайта-қайта тыңдаудан еш жалығар емес. Ал түрікше аударылған нұсқасын түбі бір түркі ағайындарымыз саяси науқан тұсында елдік ...

Read More »