Home » Айдарлар » Өнер (page 29)

Өнер

Күй шалқытқан домбырада үш ішекті

Үш ішекті домбыраның тарихи бастауы — сонау қазақтың  ата-бабаларынан  жалғасқан дәстүрлі жол. Үш ішекті домбырада ойналатын күйлер, адамның жан дүниесін елітіп, ерекше бір ләззат пен рухани рахатқа бөлейтіндігімен ерекшеленеді.   Әйтсе де, бұл аспап жайлы арнайы зерттеулердің болмауы, кең түрде насихатталмауы музыка мәдениетіміздегі «ақтаңдақ» беттердің бірі болды. 1960 жылдары осы «ақтаңдақты» жойып  алғаш зерттеген, ел ішіне қайтадан таралуға себепкер болған, жаны ...

Read More »

«Сазгеннің» сазы халықты 30 жыл бойы әлдилеп келеді

Қазақтың көне музыкалық аспаптарын жаңғыртып, дәстүрлі музыкалық мұраларымызды дамытуда «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің алатын орны ерекше. «Сазген» ансамблі профессор Болат Сарыбаев зерттеп тапқан жетіген, шертер, сазсырнай тәрізді көне музыкалық аспаптарды алғашқы насихаттаушы және қазақтың түркі дүниесінен жеткен көне музыка сарындарын дәріптеуші ретінде де халқымызға танымал. Ансамбльдің құрылғанына биыл 30 жыл. Мерейлі мерекеге байланысты «Сазген» ансамблінің алғашқы көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек ...

Read More »

Бұрмаланған «Балқадишаның» шындығы қандай?

«Күйеуің сексен бесте, о шіркін, шал, Қадиша». Бұл жолдарды Алашқа аты мәшһүр Ақан сері бабамыздың «Балқади­ша­сының» эстрадалық әншілердің орындауындағы ел ішіне кең тараған нұсқасынан талай естіген боларсыз. Ақиқат таразысы қашанда әділ. Жоқтан бар жасап, барды күл-талқан еткен кеңестік жойқын машинадан халық композиторларының шығармашылығы да аман құтылмағаны бүгін айқындалып жатыр. Осындай мәтіні өзгеріске ұшыраған әндердің бірі – «Балқадиша». Елдегі танымал топ ...

Read More »

Үкілі Ыбырай

Әншілігімен Алты Алашқа аты шыққан Ыбырай Сандыбайұлы – халқымыздың теңдесі жоқ дарынды ақыны, сұлулық пен жастық шақтың жыршысы. Бас киіміне үкі ағып, жасынан серілік жолға түскен балаң жігіт кейін Үкілі Ыбырай атанады. Ыбырай бұрынғы Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Жалғызтау бөктерінде 1858 жылы дүниеге келген. Ыбырайдың арғы атасы – Сәбден батыр. Аққу – «Гәкку» Әкесі Сандыбай да сегіз қырлы ...

Read More »

Жошы дәуiрiнiң дүбiрiн жеткiзген Қамбар күйшi немесе Арынғазы ханның белдiгi

ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдени өмiрiне   өз жолымен келiп қосылған кезде жазықсыз жаланың құрбаны болған, Ақтөбе топырағында қалыптас­қан күйшiлiк мектептiң iрi өкiлi – Қамбар Медетов. Биыл оның туғанына 110 жыл толды. Ақтөбе облысы қазiргi Мәртөк ауданының жерiнде Ерғожа төренiң шаңырағында дүниеге келген. Елiмiздiң батыс өңiрiндегi әншiлiк мектептiң бiр бұтағын Мұхит Мералыұлы қалыптастырса, заман өзгерiсiмен жинақтала түскен кәсiби күйшiлiк мектептiң бастауында Қамбар Медетов (1901 ...

Read More »

Ардақ Исатаева: Ұлттық өнер ешқашан шоу-индустрия бола алмайды

Бүгінгідей жаһандану дәуірінде ұлттық құнды­лық­тарымызды қайма­ғын бұзбаған қалпы ертең­гі ұрпаққа қалай жал­ғас­тыра аламыз? Шоу-индустрияның механизм­дерімен ұлттық өнерді дамыту қаншалықты мүмкін? Дәстүрлі әнші, ұстаз Ардақ Исатаевамен әңгімеміз осы төңіректе өрбіді.  – Ардақ, дәстүрлі өнер мәселелері туралы аз айтылып жүрген жоқ. Дей тұрғанмен де, сіз қалай ойлайсыз, біз соның нарқын, парқын, тіпті қадірін, шын мәнісінде, жете бағалай алып жүрміз бе?– Ұлттық өнердің ...

Read More »

Дәлел Уәш: Әннің ұлттық нақышына нұқсан келтірмейік

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, жастарды өнер мен білімге баулыған оқытушылардың еңбегі ерен екені даусыз. Ұлағатты ұстаздықты кәсіп еткен, бүгінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жеке ән салу кафедрасының меңгерушісі, доцент, талантты сазгер-әнші, Мәдениет қайраткері Дәлел Уәшпен әңгімелесудің сәті түскен еді. – Дәлел аға, өзіңіздің өмір мен өнер жо­лыңызды оқырман қауымға аз-кем таныстырып өтсеңіз… – ...

Read More »

Айтжан Тоқтаған, күйші: Күй өнері аман болса, қазақ та қазақ болып қала береді

Бүгінде өнерімен төрткүл дүниеге танылып отырған қуатты мемлекеттердің бәрі бірдей бағзы замандардағы болмысын, салтын паш ететін құндылықтарын толық сақтап, мына заманға сол бастапқы күйінде жеткіздік дей алмас. Ал қазақтың қара ағаштан ойылған домбырасы мен оның көмейінен төгілетін, саналы тіршілік иесі адам тұрмақ, ботасы өлген інгеннің де  тас емшегін жібітерлік әуез болып құйылатын күй өнері бүгінгі ұрпаққа еш өзгеріссіз, мінсіз қалпында  ...

Read More »

Құдіретті күйдің анасы

«Ұлылардың туған күні болады, өлген күні болмайды» деген сөз қазақтың дара туған дала композиторы, күй анасы Дина Нұрпейісоваға арналмаса керек. Олай дейтініміз, жасы ұлғайған шақта ұлттық өнерімізді республикамыздан тысқары жерлерге шығарып, екі шекті домбыраның қоңыр үнімен талай жүректерді шымырлатқан күй анасы Дина шешейдің өмірден өткен күні, 31 қаңтарды жұртшылық туған күні деп шатастырумен келеді. Осы күні Дина шешеміздің төл туындылары ...

Read More »