Home » Айдарлар » Өнер (page 28)

Өнер

Ұлттық музыка өнеріне Шәкір әкелген жаңалық

Шәкір ақсақалдың қатарынан озық әрі қарғадай бойы қазына өнерге бай болуы кездейсоқ емес. Оған, біріншіден, киелі ұлылар мекені, Абайдың ақындық ортасы әсер етсе, екіншіден, көрген тауқыметі, Алаш зиялыларымен араласуы сабақ болғандай. Ақындығы, жазушылығынан бөлек, қазақтың ұлттық музыка өнеріне өзіндік қолтаңбасымен келген Шәкір әндері – өз алдына бір мектеп. Сегіз сері, Біржан сал, Ақан мұрасынан бас­тау алған қазақ ұлттық классикалық ән ...

Read More »

Аралбай жырау жырындағы көне сөздер

Қазақ даласында елі алақанына салып құрметтеген ақын-жыраулар, би-шешендер, жыршылар, өнер саңлақтары көп болғаны тарихтан мәлім. Олардың ғажайып шығармашылық өмірлері бүгінгі күн тұрғысынан алғанда терең зерттеуді қажет етеді. Әсіресе, ақын-жыраулардың тілі, сөз қолдану шеберліктері әлі де ашылмай жатқан кеніміз іспетті. Солардың бірі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Маң­ғыстау өңірінде өмір сүрген атақты Арал­бай жырау Оңғарбекұлының шығарма­шылық мұрасы ...

Read More »

Арсланбек Сұлтанбеков: Ноғайлар алтын берсе де Атамекенінен кетпейді

Түрік халықтары өркениеті музыкасындағы ең маңызды аспап – домбыра мен қобыз. Қобыз даланың сарыны болса, домбыра сол даланы еркін кезген түрік қанды халықтардың жүрегінің үні, тұлпарының дүбірі. Осы киелі өнерді қалпын бұзбай сақтап қалған, сарынын сар желдіріп, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнатқан қазақ ұлты болса керек. Қазақ үшін қара домбыраның үні ананың әлдиі іспетті. Ана тілінде сөйлемей, өзге өркениеттің өңешіне жұтылып кеткен әлде ...

Read More »

Айтыскер ақындардың аға сұлтаны Орынбай ақынның 200 жылдығы тойланбай ма?

Ертеден келе жатқан айтыс өнері қазақтың қанында бар қасиетті де киелі өнер екені анық. Суырып салып, бірден тауып айтқан ақындар кезінде бірін-бірі іздеп, алыстан ат арылтып айтыс жасағаны туралы там-тұм деректер бар. Бірақ саусақпен санарлық. Әсіресе, 19 ғасырдағы патша заманында өмір сүрген сал-серілеріміздің өмір жолы бүгінгі ұрпаққа беймәлім дүние. Бұл орайда қазақ елінің әр түкпіріндегі елге белгілі айтыскер ақындар мен ...

Read More »

Бармаққа бұйырған бармақтай бақ

О, құдірет! О ғажап! Оркестрдің қасында: Бүкіл өнер бармақтың ілулі тұр басында! Біле алмадым – дүние ұйқыда ма, ояу ма? Домбырадан шыққан үн айналды мың бояуға!.. Тура осылай таңданыпты Тұяқтың өнерін алғаш көрген Қадыр ақын. Тек Қадыр ақын ғана емес, Қазақстанның Халық әртісі, дүлдүл күйші Тұяқ Шәмеловтің өнерін білетіндердің бүгінгі бағасы осы. Бір қарағанда, Тұяқтың күйші болуының өзі табиғаттың туа ...

Read More »

Жанғали Жүзбаев, Мәдениет қайраткері: Өнерде жолың болуы үшін,біреудің еркесі болуың керек

– Алматыға күнде келе бер­мейтін қонақтардың бірісіз. Мұн­да қандай шаруамен жүрсіз? – Жоғары оқу орындары оқы­тушыларының біліктілігін көтеру бағдарламасы бойынша білімімді арттырайын деген мақ­сатпен келген едім. Менің осын­да екенімді естіп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­серваториясының халық музы­ка­сы факультетінің деканы Кә­рима Сахарбаева, профессор Бі­­ләл Ысқақов сынды әріптес­терім құрметтеп шақырып, сту­денттермен кездесу ұйым­дас­тыр­ды. Консерваторияның кон­церт залын беріп, қолдары­нан келгенше барлық жағдайым­ды жасады. ...

Read More »

Ерлан Рысқали: Әлем ұлттық музыкаға бет бұра бастады

– Есімде, осыдан біршама жылдар бұрын екеуміз сұхбаттасқанда, «енді мен елдегі ешбір ән байқауына қатыс­паймын, тек халықаралық байқауда елімнің намысын қорғаймын, бұйыр­са» деген болатынсыз. Осы сөзіңіз қа­был болғандай, шынында да, бүгін күл­лі қазақ үшін күй атасы Құрманғазы елі Астраханьнан бас жүлдемен ора­лып отырсыз. Еларалық тұңғыш бай­қаудан алған әсеріңіз қалай? – Жуырда Ресейдің Астрахань қала­сында өткен «Голоса Золотых степей» деп аталатын ...

Read More »

Ардақ Исатаева: Өмірдегі әкем — Бекмұрат, Өнердегі әкем — Бекболат

– Ардақ, сізді Құрманғазы атын­­дағы қазақ ұлттық кон­се­рва­ториясы Халық әні кафедра­сыны­­­­­­ң аға оқытушысы ретінде жақсы бі­ле­міз. Бұған қоса Мәдениет қай­раткерісіз. Әншілік қырыңыз да ешкімнен осал емес. Өнер және өмір жолыңыздың қалыптасуына негіз болған, ықпал еткен кісі­лер… – Менің өнерге келуіме се­беп­кер болған ең алдымен ата-анам. Одан кейін алғаш 7 жа­сым­да көрші Хадиша апайдан Нұр­ғиса Тілендиевтің «Ата тол­ғауын» үйренгенім есімде. Анам­ның ...

Read More »

Абдулхамит Райымбергенов: «Мұрагер» бағдарламасына мемлекет назар аударуы тиіс

– «Қазақстан» ұлттық арна­сынан осы маусымда ашылған «Саз толғау» бағдарламасын жүр­гізе бастадыңыз. Жаңа жобаның жаңалығы неде? – «Саз толғау» бағдарла­ма­сына көптен бері телеарнада тер төгіп, осыған дейін «Дала думан», «Аманат», «Сегіз қырлы» бағдар­ламаларын ашқан ұлттық мәде­ниетіміздің жанашыры, музы­ка­танушы, ғалым Сағатбек Қалиев шақырған еді. Өздеріңіз көріп жүргендей, ұлттық классикалық өнерге арналған «Сегіз қырлы» хабарының телевизиялық түсі­рі­ліміне көбіне жастар, студент­тер қатысады. Кейінгі ...

Read More »