Home » Айдарлар » Өнер (page 10)

Өнер

Үш ішекті домбыра

 Бүгінгі таңда үш ішекті домбыра туралы көп әңгіме айтылып жүр. «Қазақта мұндай музыкалық аспап болмаған», «ойдан шығарылған» дегендей пікір бар. Белгілі күй зерттеушісі Рүстем Нүркенов осы сауалдарға толыққанды жауап береді.   ХХ ғасырдан орта тұсынан бастап қазақтың дәстүрлі музыкасы кеңінен зерттелді. Деректер ғылыми жолға салынып, әртүрлі еңбектер жазыла бастады. Оның ішінде ертеректе өмір сүрген күйшілерге биографиялық зерттеулер, күйлеріне талдаулар жүргізілді. Алайда ...

Read More »

“Қыз Жібек” Тарихи жыр және тарихта болған кейіпкерлер

«Қыз Жібек» жырында тартыстың екінші басын ұстайтын шекті елінің сипаты мен бұл елдің адамдарына да едәуір орын берілген. Лиро-эпоста Жібектің әкесі Сырлыбай – алты тайпа шекті елінің ханы, шетінен бөрі алты ұлы бар, солардың ортасындағы ең кенжесі Жібек сұлу. Ұлдарының кішісі Жиренбайдың отауы сол жылы түскен екен (жыр дерегі бойынша, Жібек те, Жиренбай да баланың ең кенжесі). Жібектің әкесі 9 ...

Read More »

Домбыра аспабының шығу тегі жайында

Қазақ халқының аспаптық  музыка саласы сан ғасырлар бойы  қаншама тарихи кезеңдердің рухани нәрін бойына жинап, өзіндік айрықша үнмен, өзгеше нақышпен, шебер шыңдалып, кемел дамып, ұлттық дара сипатта қалыптасты. Әсіресе домбыра аспабының қазақ  халқының руханиятында алар орны ерекше. Қазақ домбырасының түп тамыры көне замандардан бастау алады. Көне түрік дәуірінен бері талай ғасырлардың талқысынан өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып жеткен домбыра – қазақ халқының баға жетпес ұлттық рухани құндылықтарының ...

Read More »

Дәстүрлі өнерге сатқындық жасай алмаймын

Өмір дегеннің өзі өлшеулі ғұмыр. Кімге қанша ғұмыр берілетіні бір Аллаға мәлім. Ал өмірдің әрбір сәтін, әрбір күнін тек қана жақсылыққа арнап, сыйластықпен өткізуді жөн көретін жандар да жетерлік. Дәстүрлі әнші, қазақ өнерінің майталманы Сәуле Жанпейісова осындай ерекше жан. – Бүгінде дәстүрлі әншілер эстрада әншілерінің көлеңкесінде қалып қалды. Мәселен, Айгүл Қосанова дәстүрлі әнші болғанымен, халыққа эстрада арқылы кеңінен танылды. Сіз ...

Read More »

Халықтық кино

 Кеше Алматыда  «28 Панфиловшы» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмнің Қазақстандағы көрсетілімін Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асырады. Айта кететін жайт, бұл фильмді қазан айында Астанада өткен екі мемлекеттің аймақаралық ынтымақтастық форумында Қазақстан және Ресей Президенттері – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қараған болатын. Мемлекеттердің басшылары Алматы қаласында құрылған және қарсыластардың танктеріне Мәскеуге кіруге жол бермеген дивизияның ерлігі өскелең ұрпақтардың ...

Read More »

Хабиба апаның арманы

Қазан айының жаңбырлы күндерінің бірінде, Алматыда, ғасыр жасаған Хабиба Елебекова дүниеден озды. 100 жыл мағыналы ғұмыр кешіп, қазақ театр өнерінің кейуанасы атанған қария дүниеден өтер алдында Мәдидің Қарқаралысын айтыпты. Кәдімгідей «Атыңнан айналайын, Қарқаралы» деп әлсіз дауысымен, сөзінен жаңылмай күңіреніп отырыпты. Марқұм – өзінің асыл жары Жүсіпбек Елебековтің Совминнің ауруханасында саусақтарын әлсіз қимылдатып, домбыра пернелерін басып жатқандай болып үзілгеніне таң қалып ...

Read More »

«Алтын қордың» ахуалы алаңдатады

Қазақ радиосының дауыстар музейі саналатын «Алтын қорында» қазіргі уақытта 111 мыңнан астам шығарма мен арнайы хабарлар бар. 2003 жылдан бері сандық тәсілмен СD-форматқа өтуде. Бүгінде 35 пайыздан астамы сандық үлгіге түсірілген. Өткен жылдың қаңтарынан бастап түпнұсқа жаңа сандық форматқа ауысуда. Осы уақытқа дейін тың тәсілмен 13115 дана фономатериал көшірілген. Осы және «Алтын қордың» мұнан да басқа түйткілдері туралы бізге Қазақстанның ...

Read More »

Ақтастағы Ахико

Жас драматург Мәдина Омарованың пьесасы бойынша белгілі режиссер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Асхат Маемиров «Ақтастағы Ахико» қойылымымен М.Әуезов театрының репертуарын мәнді де мағыналы дүниемен байытты. Тарихтың тірі куәгері – Ахико Тецуроның өмір жолына үңілген ұжымның бұл жұмысы тәуелсіздіктің 25 жылдығына тартылған тартуларының бірі. Ахико Тецуро – Қарағанды облысына қарасты Ақтас деп аталатын ауылдың тұрғыны. Ұлты – жапон. Қазіргі таңда ...

Read More »

Театрдың 91-маусымы ашылды

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 91-ші маусымын ашты. Кезекті демалысынан кейін қалың көрермендерімен қауышуға асыққан театр ұжымының  жаңалықтары жетерлік. Театр басшылығы жыл сайынғы дәстүрге сай өткен маусымын қортындылап, алдағы жоспарларымен бөлісу үшін БАҚ өкілдерімен жүздесті. Баспасөз мәслихатына театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл, театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов, директордың кеңесшісі, Қазақстанның халық әртісі ...

Read More »