• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Өнер » Астанада ақындар айтысы басталды

    Астанада ақындар айтысы басталды

    Астанада 2018 жылдың ең басты айтысы ­– «Алтын домбыра» басталды.

    Бұл аламанда Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансуров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділов, Серік Қуанған, Ершат Қайболдин сияқты   жыл бойы республиканың әр өңірінде өткен айтыстардың жеңімпаздары ғана қатысып жатыр.

    Жетінші рет өткелі жатқан айтысты Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Айта кетейік, осыған дейін «Алтын домбыра» сөз сайысында Мұхтар Ниязов пен Жандарбек Бұлғақов екі реттен оза шапса, Балғымбек Имашев пен Аспанбек Шұғатав бір-бірден жеңімпаз болды.


    Жасұлан Наурызәлі,

    “Адырна” ұлттық порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Қазақ киносы қашанғы күттіреді

    Кино… Бұл бір сыйқырлы әлем. Кино қаншама жанның жүрегін жаулап, баурап алды десеңізші?! Көзіңізді бір ...