• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Өнер » Айгүл Елшібаева: Жыраулық өнерді сөз қадірін білетіндер ғана бағалай алады

    Айгүл Елшібаева: Жыраулық өнерді сөз қадірін білетіндер ғана бағалай алады

    – Айгүл, сіз Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенттік мә­де­ниет орталығының ән­ші­сі­сіз. Осы ұжымда жұмыс іс­те­­ге­ні­ңіз­ді іштей болса да мақ­тан ете­тін боларсыз…
    – Астанаға алғаш келгенде еңбек жолымды Ев­ра­зия ұлт­тық универ­си­те­тін­дегі Му­зыка ка­федрасының «Дәстүрлі му­­зы­калық өнер» бөлі­мінде оқы­ту­шылық қыз­мет­тен бас­та­­ған­мын. Сол кез­дегі оқу ор­­­­­­да­­­­­сының рек­торы Мырзатай Жо­л­­­дас­бе­ков ағамыздың бас­та­­ма­сы­мен, қол­дауымен ұлт­тық клас­­си­ка­лық өнерді на­си­хат­тап, дамыту мақ­сатында «Дәс­түр­лі му­зы­ка­лық өнер» бө­лімі ашылып, тәп-тәуір жұ­мыс жүріп жатқан бо­ла­тын. Кейін басшылық ауыс­қанда төл мұрамызды да­мы­ту мен дә­ріп­теу біреулердің та­қи­я­сы­на тар­ келді ме, «Ас­та­на­ғ­а Му­зыка ака­демиясы да же­теді» деп, жал­пы білім бе­ре­тін мек­тептегі му­зыка пәнінің оқы­тушыларын дайын­дайтын 40 жылдық та­ри­хы бар Му­зы­ка ка­федрасын жау­ып тас­тады. Со­нымен, әр­қай­­сымыз жан-жақ­қа кеттік.
    Қазір өзіңіз айтып отыр­ған­дай, Президенттік мәде­ниет ор­талығының «Ұлт­тық дәс­түр­лер» театрында жұ­мыс жасай­мын. Мырзатай аға­мыз ұлттық өнердің шын жа­нашыры ғой, бү­гінгі таңда Пре­зиденттік мә­де­ниет орта­лы­ғы руханият ор­да­сына ай­на­лып отыр десем қа­телес­пей­мін. Қа­зақ деген ха­лық­тың ру­хани өне­­рі мен мә­де­ние­ті­не, тарихы мен дәс­тү­рі­не шө­лір­кеп жүр­ген­­дерді осы ор­та­лық­қа ша­қы­ра­мыз. Кел­ген­дер ру­­хани су­сы­нын қан­ды­рып, ән­-жы­­­­ры­мыздан рух­­­та­нып ке­­тіп жатса, онда еңбегімізді мақ­­тан ету­ге әб­­ден болады.
    – Барлық мадақ-мақтаулар Ал­лаға тән. Дегенмен мақ­тан­ған­ды демей-ақ қояйын, жал­пы мақтауды сүйесіз бе?
    – Қалтай Мұхамеджанов «Мақ­тағаннан өлген адамның мо­­ласын көрген жоқпын» деп­ айтқан екен. Біз жаны­мыз­ды салып дәріптеп жүрген, ата­дан-балаға мирас болып келе жат­қан дәстүрлі өнердің киесі бү­гін­­гі ұрпақтың рухын оятып, са­бақтастық тауып жатса, ұмыт қалмай жанданып, өсіп-өр­кен­де­се онда кім мақтаса да еш айы­бы жоқ. Лайықты дү­ние­ні ба­ғалап, қолпаштаса ғана адам­ның жан дүниесі ра­хат­та­на­ды, өн­ер жалғасады деп ой­лай­мын.
    – Президенттің гранты бой­ынша Құрманғазы атын­да­ғы ұлттық консер­вато­рия­ның аспирантурасын бітіріп, 50 жыр-термені нотаға түсіріп, жи­нақ­тағаныңыз, әрине, мақ­тан тұтарлық, ауыз толтырып ай­татындай үлгі етерлік жұ­мыс деп есептейміз…
    – Бойыма азды-көпті өнер да­рытқаны үшін, Аллаға мың қай­тара шүкіршілік етемін. Осы өнерім арқылы Елбасының ықы­ласына бөленіп, оқуыма қол­дау жасалған соң, жыр-тер­ме­лерді жинақтауға ша­быт­та­нып кірісіп кеттім.

    Ақиқатында, ала­штың арыстары Сәкен Сей­фул­лин мен Ахмет Байтұрсынов қа­зақ­тың 1000 әнін Затаевичке ат басындай алтын беріп, но­та­ға түсірткен екен. Мен ұлты­м­ның өнерін шексіз сүй­ген­дік­тен, көзімнің қарашығындай қас­терлегендіктен, келешек ұр­пақ­қа аманаттап насихаттау мақ­сатында шын ри­за­лы­ғым­мен осы істі қолға алған едім. Нә­т­ижесінде жыр-термелерді но­таға түсіру арқылы, өнертану ғы­лымдарының докторы Болат Қарақұловтың жетекшілігімен қазақтың жыраулық дәстүріне теориялық сараптамалар жаса­лын­ды.

    Бұрын кеңестік дәуірде, му­зыка теориясын білетін ма­ман­­дар домбыра аспабын тарта ал­мағандықтан, аспапты-во­кал­ды жанрлардың қо­сын­ды­сы­нан тұратын жыраулық дәс­түр­дің интонациялық қыр-сырларын игере алмай, жыр­ларды нотаға түсіре ал­мап­ты. Екіншіден, сол уақыт­та­ғы тоталитарлық жүйе «Бұ­лар мұсылман дінін на­си­­хаттайды» деген желеумен дом­быра тартып, жыр жыр­ла­ған­дарды аса жақтыра қой­маған. Тіпті халық жауы деп, ит­жек­кен­ге айдатып та жі­бер­ген. Сондықтан бұл кітапты му­зы­калық өнер мектебінде оқи­тын оқушылар мен жоғары оқу орындарындағы оқы­ту­шы­лар мен студенттерге арналған ме­тодикалық оқу құралы ғана емес, қазақ мәдениетіне қо­сыл­ған үлкен үлес деп қа­был­дау­ға болатын шығар.
    Құдай қаласа, «Қазақтың жыр мақамдары» атты мо­но­гра­фиялық кітабымды Тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылдық мер­ей­тойы­на тарту етпекпін.

    – Сіз дәстүрлі әншісіз. Сү­гір­дің термесін орындағанда алдыңызға жан салмайсыз. Эст­радалық концерттерден де кө­ріп қаламыз. Жыраулық өнері­ңіз тағы бар. Бір адамның құ­шағына осынша өнер қалай сый­ып жүр?
    – Шекті Қарақұл батыр:
    Қорықпай шаншысаң — батыр боласың,
    Тура айтсаң- би боласың.
    Тауып айтсаң — шешен бо­ла­сың,
    Аямай берсең- мырза бо­ла­сың.
    Оның адамның бір басына сый­май­тындай несі бар?!» де­мек­ші, Алла тағала адамға дауыс­пен қоса сезіне алатын жү­рек, табиғи мүмкіндік берсе, оның несі қиын?!
    Алланың бойыма шақтап бер­ген өнері арнасына сыймай ба­ра жатса, концерт қойып, халықтың ықыласына бөлен­ген­де бір жеңілдеймін. Ондай мүм­кіндіктер жасалынып жат­са, кәнекей.
    Жыраулығым жайында ай­тар болсам, Алмас Алматов бір тер­месінде:
    – Қаз орнына қарғадай,
    Біздер жеттік бүгінге,
    Сулы жерде сүйрік бар,
    Бәйгелі жерде жүйрік бар,
    Жырауың жоқ деп түңілме! — дейді. Жыраулық көнеден ке­ле жатқан тегімізде бар өнер ғой. Өзім де аздап игі жақ­сы­лар­ға жыр арнап жүрген жайым бар.
    Алғаш Әбдіжәміл Нұрпейі­сов ағамыздың тойында:
    – Түсірдің келін Әб-аға,
    Сексенге келген жасыңда.
    Көңілің жасып жүр еді,
    Бақыт құс қонды басыңа.
    Мұны да Алла көрсетті,
    Бұдан да былай жасыма.
    Келіннің жолы құтты боп,
    Жасың жетсін ғасырға.
    Сол кезде де жан апам,
    Жарқырап жүрсін қа­сың­да…
    деп мерейін тасытқан едім. Ал­ла аузымызға сөз салса, ал­да­ғы уақытта да көре жа­тар­мыз.
    – Кейде маған дәстүрлі ән­ші­лерді ұстаздық қызмет асы­рай­тын сияқты көрінеді… Сіз қа­лай ойлайсыз?
    – Студент кезімде кон­сер­ва­тория ректоры Жәния Әу­бә­кі­рова ханыммен бір лауа­зым­ды қызметтегі адамның ме­рейтойына барып, терме айт­қаным бар. Сол кеште көр­нек­ті қаламгер, білікті эт­но­граф-ғалым Ақселеу Сей­дім­бе­ков­пен танысудың сәті түсті. Тағы да басқа қазақтың маң­дай­ы­на басқан, әр саланың мен деген марқасқалары мен ға­лым докторларын көріп, таң­да­нып тұрсам керек, Ақселеу аға әңгімеге тартып «Айна­лайын, Айгүл, талантты Құдай бе­реді, сен соны ұштай біл. Көп жазып, көп еңбектенген адам ғылым докторы мен про­фес­сор бола алады. Құдайдың бой­ы­ңа бергенін бағалай біл» деп мені ойландырып тастаған еді.
    Абай атамыздың «Ұстаздық ет­кен жалықпас, үйретуден ба­ла­ға» деп айтқаны тағы бар. Сон­дықтан Астанадағы Өнер ака­демиясындағы кафедра мең­герушісі Қайрат Бай­бо­сы­нов ағамыз оң көзімен қарап жат­са, дәріс беруге әрқашан да дайын­мын.
    – Осыдан бес-алты жыл бұ­рын белгілі жырау, фоль­к­лор­танушы Берік Жүсіп бір сұх­батында «Жыраулық өнер жо­ғалып барады» деген еді. Қа­зір бұған негіз жоқ сияқты. Қа­лай ойлайсыз?
    – Әр ұлттың жаны, рухы ұлт­тық музыкасынан орын ал­ған. Қазақ ұлтының жаны-ру­хы ол ән мен күйі, жырында жа­тыр. Осы өнердің қазіргі таң­да насихатталуының өз биі­гі­не шыға алмай жүргендігі, тәуел­сіздік алған қазақ ұл­ты­ның классикалық өнерінің да­муы­на кедергі жасаушылар, орыстілді кеңестік заманның құл­дық психологиясынан шы­ға алмай жүргендердің ке­сі­рі деп білемін. Айтыс өнері сияқ­ты жыраулық дәстүр де тың­даушының айызын қан­ды­рып, өмірдің сұрақтарына ша­ри­ғат талаптарымен жауап бе­ре­тін халықты тәрбиелеуші құ­рал.

    Бірде марқұм Ақселеу аға­мыз экспедициялық сапа­р­мен үс­тірт­ке барғанын әң­гі­мелеп бе­ріп еді. Сонда Нау­рызбек жы­рау­ды естіп отыр­ған бір тың­­даушының сөзi сүйе­гінен өт­кені сондай, жыр­дың легіне шыдай алмай ішін ба­сып, ай­қай­лап жылаған кө­рі­неді. Ме­нің­ше, жыраулық өнер­дің құ­нын сөздің қадірін бі­летіндер ға­на бағалай алады.

    Бұл — қа­зақ­тың нағыз клас­си­ка­лық өне­рі. Кейде шетелдік са­пар­лар­­да домбырамен ән сал­ға­ның­­да жат жерде жи­нал­ған­дар тік тұрып қошемет көр­се­тіп, қай­­та-қайта сахнаға ша­қыр­­ғанда ұлттық өнердің өз еліңде халыққа қадірі болса да, қол­даушысы жоқ екен­ді­гі­не қар­ның ашады. Мәселен, опе­­ра-балет қазаққа кірме өнер еке­ні белгілі. Солай бола тұ­ра, сол опера мен балеттің ірі қала­ла­рымыз бен облыс ор­­талық­та­рында бірнеше же­ке театры бар. Ал қазақтың ке­шегі Күләш, Ғарифолла, Құр­ман­бек­тер айтқан ұлттық дәс­түрлі му­зы­калық театрын Қазақстан­ның қай бұрышына барсаңыз да таба алмайсыз. Күләш Бай­сей­і­т­ова атындағы опера және ба­лет театрынан қазақы қоңыр үн­ді есту мүмкін емес. Ал мына тұр­ған көрші Қытай мем­ле­ке­тін­де Ұлттық өнер консер­ва­то­рия­сы мен Еуропалық өнерді дә­ріптейтін консерваториясы бар. Ендеше әлем танитын Қа­­зақ­стан мемлекетінде тұ­рып, Қа­зақтың ұлттық дәс­түр­лі өнер консерваториясын неге аш­пасқа? Мен қазір осы оймен арпалысып жүрмін. Ғайыптан тайып, ойымдағы орындалып жатса, осы кон­сер­ваторияны ашып, дамыту жол­дарында бой­ым­дағы бі­лі­мім мен қай­ра­тым­ды, күш-жі­ге­рімді аямас едім. Әзірше, бар­лығы арман бо­л­ып тұр.
    – Әр сөзіңізден қайсарлық бай­қалатындай… Жолыңыз жі­ңіш­ке болғанымен, дауы­сы­ңыз да жуан тәрізді… Әлде қате­лесеміз бе?
    – Адамның дауысы сөй­ле­­ген­де алдамшы болуы мүм­кін. Жал­пы, дәстүрлі әншінің дауыс ырғағы, екпіні адамның бол­­мысын байқатады. Дәс­түр­лі өнер­де аты қалыптасқан адам­­дар өз қажыр-қай­ра­ты­мен кім екенін дәлелдегендер. Кез кел­ген өнерге қайсарлық, та­бан­ды­лық керек. Маң­дайың­нан шү­мектеп тер ағы­зып, өзің із­де­ніп, өзің еңбек­тен­бесең, айың­ның өздігінен оңы­нан туа қа­луы неғайбыл.
    – Отбасыңыз туралы біл­сек…
    – Өмірлік серігім Нұрбек Рес­­публикалық Ұлан құрылы­мын­­да қызмет істейді. Жұ­байым отбасымның қорғаны, қан­дай сәтте де басымды сүйер аза­матым, өнерімнің қол­дау­шы­сы, сахнада орын­дау­шылық өне­рімнің бағасын дөп басып ай­тар сыншым.
    Көңілім жабырқаған сәтте жа­­нымды жадыратар қос жа­на­рым, Тәуелсіз Қазақстан­ның болашағы Ақсұңқар атты қы­­зым, Ерасыл атты ұлым бар. Сах­нада — өнер адамы, от­­ба­сын­да үйдің береке-бір­лі­гін кел­тіріп отырған, табаға бауыр­са­ғын пісіріп, қазанға етін асып, отқа шайын қайнатып, қо­нағын күткен қазақтың бір әйелімін.


    Әңгімелескен Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ,

    «Айқын».

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Той емес, ой қуған Төлеген

    Ғылымнан, оқытушылықтан кейін қарай сырғыңқырап, қазақтың ұлттық өнеріне, оның ішінде, ақындық пен жазушылыққа, дәстүрлі әнге ...