• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Ұлттық тағам » Немістер қымыздан балмұздақ жасап жатыр

    Немістер қымыздан балмұздақ жасап жатыр

    Қытай халқы қымыздан дәрі-дәрмек жасаса, Германия мен Ресейде 50 қымыз өндіруші кәсіпорын бар. Тіптен немістер қымыздан балмұздақ та жасап шығарып жатыр.

    ҚазАқпараттың хабарлауынша, қытай­лар­дың 75 пайызы қымыздың қаншалықты пай­дасы бар екенін біледі. Қытайлық БАҚ мәліметтеріне қарағанда, мұндай нәтижені халық арасында жүргізілген сауалнама көр­сеткен. «Қытайлар қымыз ашыту әдісте­рін адамдар жіберіп, арнайы зерттеп, зер­де­леп жатыр», – дейді Абай атындағы Қа­зақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Гүлия Әлиханқызы.

    Жалпы, қы­мыз­­ға қызығушылық білдіріп отырған ел – тек Қытай халқы ғана емес. Германия қа­зір қы­мыздың ұнтағын ғана емес, таб­лет­ка тү­рін де шығарып жатыр.

    Сонымен қатар одан балмұздақ жасап, косметикалық та­у­ар­­лар өндіруге кіріскен. Ал қытайлар қы­мыздың көп ауруға ем екенін зерттеп, дә­рі­лер өндіруге бет бұруда. Қымыздың адам­ға ерекше қуат, асқан төзімділік бере­тінін қытай тарихшысы Сыма Цянь б.з.д. ІІ ғасырда айтып кетіпті. Ал орыс ғалымы В.Даль: «Қымыз ішуді әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан гөрі оның артықшылы­ғын сезінесің. Осынау шипалы сусын аш­тық пен шөлді бірден басады, денені сал­қын­датады. Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Ден­­саулығың түзеліп, тынысың жеңілдейді, жү­зің жарқырап шыға келеді. Оны басқа қорек түрлерімен еш салыстыруға болмай­ды», – депті.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қымыздың бізге беймәлім қасиеттері

    Қымыздың қасиеттері: 1.Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. 2. Қымыздың құрамында ...