Home » Айдарлар » Ұлттық тәрбие (page 8)

Ұлттық тәрбие

Қазақ кейіпкерлері тапшы қуыршақ театры

Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрына балаларымызды алып барудың сәті түсті. Қызылды-жасылды киім-киген түрлі кейіпкерлер балалардың көңілін көтерді-ақ. Алайда ол бірнеше мәселеге көңілімізді аударды: қойылымдарды жеңіл-желпі, даңғырлақ, батыстық үлгідегі әуендермен әрлейтіндігі, яғни балалар санасын әу бастан ұлттық құндылықтардан тыс тәрбиелейтіндігі, одан бөлек, қойылым кейіпкерлерінің интернационалды образдардан тұратындығы, тіпті қазақ ұғымына жат кейіпкерлерден тұратындығы. Қысқасы, театрдың ұстанған репертуарлық саясаты көңілден шықпады. «Үш торай», ...

Read More »

Әмеңгерлiк пен көп әйел алу дәстүрiн жаңғырту қажет

Менi тастанды балалар тағдыры көп толғандырып жүр.Бойжеткендердiң өз болашағына немқұрайдылығынан осындай өзектi мәселе туындап отыр деп ойлаймын. Аңсары ауған адамымен арадағы сезiмiне тоқтау сала алмай көңiл қосып қойып, артынан екiқабат болып қалғанда ағайын-туыстың, елдiң бетiне қарауға ұялғандықтан жарық дүние есiгiн жаңадан ашқан бейкүнә нәрестенi балалар үйiне апарып өткiзетiндерi өкiнiштi-ақ. Оны айтасыз, еш жазығы жоқ шарананы шырылдатып, күл-қоқысқа лақтырып кететiн ар-ұяттан ...

Read More »

Ұлттық психологиясыз ұлт болмайды

Құбығұл ЖАРЫҚБАЕВ, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор: – Еліміздің тәуелсіздігін ары қарай да нық сақтап қалудың алғышарт­та­рының бірі — халқымыздың ұлттық сипа­тын сақтау, ары қарай дамыту екені анық. Оның бір құралы ұлттық педагогика мен психологияға келіп тірелетінін жақсы білеміз. Олай екен, біздің қоғам «ұлттық психология» деген ұғымды қан­шалықты түсініп, көңіл бөліп, зерттеп отыр? – Ұлттық психология — әр ұлттың ...

Read More »

Келін әдебі

Түз адамы деп есептелетін ерлердің ісі – ел, ауыл-үй, шаруашылық қамы болса, үй адамы – әйел затының міндеті – сырттай қарағанда «от басы, ошақ қасы» секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы ...

Read More »

Суррогат ана

Қазіргі ақпараттық қоғамда небір қолдан келер кәсіптердің жарияланып тұратыны белгілі. Ғаламтордағы сайттардан «Балаңызды бағып беремiн» деген жарнаманы күнде көріп жүрсек, бiрақ «Балаңызды туып беремiн» дегенді оқып таңғалыстық. Әлбетте, әңгіме ауаны қоғамда жиі айтылып жүрген қолдан ұрықтандыру тәсілі, яғни суррогат ана турасында болып отырғанын ішіңіз сезген болар. Иә, бұрындары «естімеген елде көп» дейтін едік. Енді естігенімізден көргеніміз көп болып отыр. Суррогат ...

Read More »

«Қазақта алтыншы бала – батыр, оныншы бала ғұлама болған»

Немесе қазақтың саны мен сапасын өсіру үшін не істеуіміз керек? Қазақтың еңсесінің әрі биік, әрі озық болуына өзіндік үлесін қосып, халқының қамын жеп, елі үшін, жұрты үшін аянбай еңбек етіп жүрген айтулы тұлғалардың бірі — Молдағали Матқанұлы. Көп істің біреуі — ұзақ жылдардан бері батыр аналарға «Алтын», «Күміс» алқа тағайындау туралы ұлағаты орасан зор бастама көтеріп, заңдастыра білген ағамен кездесіп, ...

Read More »

Үйлену оңай ма?

Адам қай жаста үйленгені дұрыс? Ертерек пе? Әлде асығудың керегі жоқ па? Америкалық психолог Брунер Александрдың пікірінше 26-30 жаста үйленген дұрыс болады. Неге десеңіз, сол жасқа дейін адам, оң-солын танып, өмірге сергек көзқараспен қарауды үйренеді екен. “Жастардың ерте үйленіп алып, материалдық қиыншылықтарға шыдас бере алмауы да әбден мүмкін” — дейді ол. Ал неміс халқының психолог ғалымы, әрі демографы Лерш Филиптің ...

Read More »

Жеті атаны білуіміз керек

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір ...

Read More »

Келіннің сәлем салуы харам ба?

Сәлем – сөз басы. Қазақта санаға, салтқа сіңген сәлемдесу үрдісі күні бүгінге дейін ізін жойған емес. Сәлем беріп, амандығын сұрасу әрбір адамның міндеті. Сондай-ақ, салтымызда жаңа түскен келінге беташар тойын жасап, ағайын-туысқа бас игізіп сәлем салдыратын да дәстүріміз бар. Тек жаңа түскен келіндер ғана емес, үлкен апа-жеңгелерімізге дейін жасы үлкен кісіге бас июі инабаттылықты, кішіпейілділікті, көрегендікті білдіреді. Алайда, бүгінгі таңда атадан ...

Read More »