Home » Айдарлар » Ұлттық тәрбие (page 5)

Ұлттық тәрбие

Неке түні пәк болмай шыққан қыз қалай жазаланған?

Қазақ халқында алғашқы неке түні жігіт пен қызды жеке отауға кіргізіп, өздеріне төсек салып алаңсыз, жайлы жатуына жағдай жасайтын әйел, әдетте, жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға бақыт тілеумен бірге, әзіл-қалжыңды араластыра жүріп, алғашқы төсек ләззатының жөн-жосығын, әдет-ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің пәктігіне де осы жеңге куәлігін береді. Бұл күн – жұптың, некелік өмірдің ұмытылмас сәттерінің бірі. Сондықтан бұл түнді көңілді әрі жайлы ...

Read More »

Жақсы жезде – әкедей

Қазақ халқының тұрмысында туыстық атауы бойынша ұзатылған қыздың күйеуі оның сіңлілері мен інілеріне жезде болады. Жезде мен балдыз, қайын інілер бірін-бірі қатты сыйлайды, бір-біріне қалтқысыз қамқорлық жасайды. Бұл – ежелден ұрпақтан ұрпаққа үзілмей беріліп, орнықты қалыптасқан үрдіс. Балдыздар жезденің құлағынан тартып ойнаса да ерсілігі болмаған. Балдыздың әйелі жездеге келін болады, бірақ оның да «жезде» деп әзілдесуге хақы бар. Туыс-ағайындар бас ...

Read More »

Академиктер әулетi

Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенова. Бұл қос есім сонау мектеп жасынан-ақ бізге аса таныс. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын әр 1 Қыркүйекте қолымызға тиер оқулықтың алғашқы бетін асыға ашқанымызда, ең бірінші көзге түсетіні де осы есімдер болатын. Оқушы күнімізден жарыса оқып, танымымызды өсіріп, көкжиегімізді кеңейткен осынау оқулықтардың авторымен жүзбе-жүз кездесу бала ұғымы үшін ертегілер елінде болатын қиял-ғажайыптай көрінетін. Ойласақ болды, көз ...

Read More »

Әр қазақтың төрінде электронды үй тұрса…

Екі адам болып бас қоса қалсақ, саясат соғамыз. Әңгімеміздің соңында налимыз, өзегіміз өртене уһілейміз келіп… Кіжінеміз, әлдебіреулерді сынға аламыз, «неге бүйтпейді, неге сүйтпейді?» деп баяғы. Әй, өзіміз ұлт үшін бірдеңе жасаймыз десек, қолымызды қағып жатқан кім бар? Анаған бір ренжіп, мынаған тағы өкпелеп уақыт өткізіп жүрген кезімізде өзге елдің мықтылары Айдан жер меншіктеп жүрген жоқ па? Ең құрығанда «болар елдің ...

Read More »

Жадыраған жаны гүлдей жеңеше-ай…

Жеңге – туыстық атау, ағаның әйелі. Бірге туған бауырлардың жасы үлкенінің әйелі іні-қарындастарына жеңге болады. Қазақ халқының дәстүрінде жақын болмаса да, өзінен үлкеннің әйелін жеңге, жеңеше деп атай береді. Кейде жеңгенің қайны, қайын сіңлілерінен жасы кіші болуы да мүмкін. Жасы үлкендер үшін келін, кішілері үшін жеңге аталатын бұл адамның ауыл, үй, тәлім-тәрбие үшін орны ерекше. Ол, әсіресе, өзінен кіші қайнылары ...

Read More »

Хабиба ЕЛЕБЕКОВА, ҚР еңбек сіңірген артисі:«Жүсекеңнің жылағанын көрдім, «елге сәлем айт» – деп үзіліп кетті…»

Ғасыр-ғұмыр иесі Хабиба Елебекова есімі мұқым қазаққа мәшһүр.Бар өмірін Жүсіпбек Елебековтей ән алыбының айнымас адал жары, ұрпағының ардақты анасы болуға арнаған апамыздың өнер саласында салып кеткен сара жолы да тағылымды. Өнерімен ғана емес, өмірімен де ұлылықтың биік үлгісін паш етіп келе жатқан ғасыр тағылымындағы ғибратты ғұмыр иесі бүгін 96 жасқа толып отыр. Осы мерейлі күнге орай апайдың шаңырағына арнайы барып, ...

Read More »

Арулар клубы ашылды

Қызды қырық үйден тыйып, келінді босаға аттағаннан-ақ тәрбиелейтін отбасының діңгегі соңғы жылдары босап барады. «Бетінен қақпай» өсірем деп бетімен жіберіп алғандар да бар. Ақтөбеде осы олқылықтық орнын толтыру мақсатында «Руханият» мұражайы жанынан «Сырласу» клубы ашылды. Клуб бойжеткендер мен келіндерге арналған, болашақ ана мен бір отбасының ұйытқысы болатын отананы тәрбиелейді. Қазақ қызы мен келінінің болашағын ойлаған ақтөбелік мамандардың жоспары үлкен. «Сырласу» ...

Read More »

Жас келін төркініне сәлем салушы ма еді?

Мисыз бастың қауқары бар ма? Майсыз жіліктің құнары бола ма? Болмаса нұрсыз жанар көрікті ме? Әрине, жоқ. Бүгінгі қоғамдағы қазақы салт-дәстүрдің ахуалын көргенде дәл осылай құлазымасқа амал жоқ. Құр қаңқасы қолымызда қалғаны болмаса, біз көбінің мән-мазмұнын жоғалтып алыппыз. Ең өкініштісі де сол: біздің осы жоғалтуды көрмей,  сезінбей отырғандығымыз. Бір қарағанға, қазақылық қайта жаңғырып жатқан сияқты… Шілдехана, бесіктой, сүндеттой, беташар жасап, ...

Read More »

«Елім менің» отбасылық ойынға айналды

«Елім менің» жобасында өздерінің ел туралы білімдерін көрсеткісі келетін адамдардан қатысуға деген сұраныстар көптеп түсіп жатыр.  Қаншалықты патриот екендіктерін ел алдында сынға салмақ. Тіпті, спортшы Ардақ Назаров жары  журналист Маржан Болатқызына, ал «Ұлытау» тобының қатысушылары Ержан Әлімбетов әріптесі Алуа Махановаға қарама-қарсы топта бағын сынады. Сонымен қатар, олардың  топтарында белгілі журналист Назира Бердалы,  эколог және саясаткер Мэлс Елеусізов тартысты ойын көрсетті. ...

Read More »