• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Ұлттық тәрбие » Ауған соғысы тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

    Ауған соғысы тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

    Жақында Алматыдағы Орталық кітапханада Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің “Азаматтық борыш” жобасының аясында Ауған соғысы ардагерлері қатысқан дөңгелек үстел өтті.

    Бұл жиынға жастар мен қоғам қайраткерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Ардагерлер өз кезегінде Ауған соғысының себептері мен өздерінің басынан кешкен оқиғаларды баяндап берді.

    Бір ардагер ұшқыш болса, екіншісі әскерге қару-жарақ пен дәрі-дәрмек жеткізуге міндетті машина жүргізуші, енді бірі медицина қызметкері, мина залалсыздандыратын саперлер, бәрі де өз естеліктерімен бөлісті.

    Жиналған жұртшылықтың көз алдында шынайы оқиғалар бірінен соң бірі зуылдап ұшқан оқтардай тез өтіп жатты. Кездесуге келген ардагерлердің бәрі де өмір мен өлімнің арасында от кешкен азаматтар еді. Әрі өздері көзімен көріп, жүрегімен сезінген жағдайлары айту оларға да оңай соқпады. Соғыс болған соң құрбандықсыз болмайтыны тағы да белгілі. Әсіресе ардагерлердің айтуға қиналған кездері қарулас достанының қаза тапқанын айту еді.

    Жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігі деп назардан тыс қалған жоқ. Ауғанстан даму жағынан Қазақстан әлде қайда кешеуілдеп келе жатқан ел. Әрі діни ағымдар да өз дегенін істеп жатты.

    Ардагерлердің бәрі де бір ауыздан жастарға айтқаны, күмәнді діни ағымдарға еріп кетпеңдер, деді. Жиынға жиналған жастар ардагер ағаларының нақылын түсіністікпен тыңдады.

    Дөңгелек үстелге қатысушы ауған соғысы ардагерлері әлемдегі терроризмнің себептерін жан жақты ашып,нақтылап түсіндіріп берді. Жастарға абай болу керектігін түсіндірді.

    Жиын соңында «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің басшысы Арман Әубәкір сөз алып жастармен кездесуге келген ардагерлерге алғысын жеткізіп, сый-сияпатын ұсынды. Әр адагерге жастарды тәрбиелеуге арналған жиындарға белсене қатысқаны үшін марапат қағаздары тапсырылды.

     

     

     

     

     

     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қазақ тыйымдары не үшін керек?

    Ұлы далада өмір кешкен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің қыр-сыры өте көп болған. Тыйымдардың дәл қай заманда ...