Home » Айдарлар » Ұлттық тәрбие

Ұлттық тәрбие

Шашыңды қима, бойжеткен, қырсық шалады!

Кісінің көркі болып саналатын шашта кие болатыны бағзыдан айтылатын болжам. Шашқа қатысты ырым, нанымдар да, қазақи тыйымдар да жетерлік. Бұрынырақта аналарымыз белден асқан шашты кеспеген. Ұзын шашты орынсыз кесу үлкен қасіретке ұшыратуы мүмкін деп пайымдаған. «Бір тал түскен шашты кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады» деген де бұрыннан бар тыйым. Ғалымдар осы тыйымның астарында ақиқаттың жатқанын ...

Read More »

Шашбау қыздың абыройын шашпау үшін тағылады

Жақында  біз тұрып жатқан үйдің  қарама-қарсысында орналасқан мектептің  қақпасына  қарай шамамен  4-5-сыныптарда   оқитын екі  қыз бала аяңдап  бара  жатты.  Үстіне  қазақтың  ұлттық киімі –  қос етек  желбірі бар, сарғалдақ түстес әдемі  көйлек киген. Көйлектің  сыртында   қызыл камзолдары бар.  Шамасы  жақында  болатын Наурыз мерекесіне  арнап  көрініс қоятын болуы керек.  Көзге  оттай  басылатыны – шаштарына  таққан шашбауы.  Сыңғыр-сыңғыр еткен  шолпыларына   қастарынан өтіп ...

Read More »

Ер-жігіттер қауымы болашақ жар таңдағанда..

1. Пәк болу – қыздың пәктігі Алла берген ең үлкен қазынасы. 2. Әдепті болу – қыз әдепті болса, көзің қуанып, жүрегің жылиды. 3. Таза болу – бойы таза болмаса, жақсы әйел болмақ ойы да тазармас. 4. Пысық болу – жеті жұт салақпен сегіз, олақпен тоғыз болады. 5. Ұстамды болу – өзін ұстай алмаған, келген бақты ұстап тұра алмайды. 6. Ұқыпты ...

Read More »

“Ұят боладыны” естіп өскен ұрпақпыз!

Менің кітабымды оқыған кейбір әйелдер мені әйелқұмар екен деп ойлайды. Ал менің бөтен әйелдің етегін ашып көрмегенімді, бір бөлмеде оңаша жатқан әйелдің жанына жақын бара алмайтынымды қайдан білсін? Қазақта “Шөккен түйеге міне алмайтын жаман” деген сөз тіркесі бар. Сол тіркес маған да арналып айтылған шығар деп ойлаймын. Менің “жаман” болатын себебім не? Ол менің ҰЯТ деген сөзді өте жоғары бағалайтыным ...

Read More »

Шаш пен тырнақтың қасиеті тағдырға әсер етеді

Әжемнің шашы ұзын болатын. Шашын мұрнының қырымен тарақпен туралап алып, маңдайынан түп-түзу етіп екіге қақ жарып, өріп қоятын. Өргенде де ұшына дейін өретін. Тарқатылып кетпесін дегені. Алдымен ірі жүзді тарағымен, содан соң мүйіз майда тарақпен тарайды. Онысы – арасында бит-сіркелері болса, шаң-тозаңы болса түссін дегені. Ақ орамалды алдына жайып қояды. Соны шұқылап, қарап отырады. Қарап болғасын орамалын пештің алдына апарып ...

Read More »

Шәкәрім атамыздан даналық

🔳 Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. *[ШҮКІРЛІК]* 🔳 Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. *[АМАНАТШЫЛДЫҚ]* 🔳Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын ...

Read More »

Жақсы ана болу үшін…

Әрбір әйелге жақсы отана, адал жар, ең бастысы тамаша ана болғысы келеді. Бірақ күнделікті қарабайыр тірлікпен біз кез келген әйелді нағыз ана деген атқа лайық ететін қарапайым нәрселерді ұмыт қалдырып жатамыз. Біз балаларымызға оларды жақсы көретінімізді айтып, жай құшақтауға да уақыт таппай жатамыз. Қалай дегенмен де, біздің жиі алаңдайтын қымбат репетиторлар, жекеменшік мектептер мен бағалы материалдық игіліктер ана мен бала ...

Read More »

Ауған соғысы тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

Жақында Алматыдағы Орталық кітапханада Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің “Азаматтық борыш” жобасының аясында Ауған соғысы ардагерлері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға жастар мен қоғам қайраткерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Ардагерлер өз кезегінде Ауған соғысының себептері мен өздерінің басынан кешкен оқиғаларды баяндап берді. Бір ардагер ұшқыш болса, екіншісі әскерге қару-жарақ пен дәрі-дәрмек жеткізуге міндетті машина жүргізуші, ...

Read More »

Шортанбайдың «Зар заманы» жастарға ой салады

Шортанбай Қанайұлы – XIX ғасырдағы  қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз. Туған елінің тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарс айрыла жырлаған өз дәуірінің тамаша жырау-ақыны. Ақынның сырлы толғауларының ішіндегі ең айтулысы «Зар заман» өлеңі қай заман үшін де маңызды саналатын түйіткілді мәселелерге толы. Әсіресе, өлеңнен  бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты аса өзекті ойларды көптеп ...

Read More »