Home » Айдарлар » Өлкетану (page 4)

Өлкетану

Сарыарқаның тағдыры шешілген жер

Май ауданының аумағындағы «Қалмаққырылған» тауының қазақ тарихында алар орны ерекше. Жергілікті азаматтар аталған тарихи орынды «Қазақстанның киелі жерлері географиясының» республикалық тізіміне енгізуді ұсынып отыр.   Бұл – қазақ жерінің бостандығы жолын­дағы бабалар күресінің куәсі болған мекен. Жасыбай, Олжабай, Малай­сары, Баян, Едіге, Сәтен, Шоқпар сынды қазақ батырлары қалмақ қолын ойсырата жеңіп, қазақ даласын жоңғар бас­қын­шылығынан құтқарғанда шешуші шай­қастардың бірі өткен жер. XVIII ...

Read More »

Семей қазақтың Санк-Петербургі еді

Иә, Семей – Қазақтың Санкт-Петербургі, Ұлылар мекенінің, Ұлы бастамалардың күре тамыры. Кәзіргі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы екінші орынды алып жатқан Ертістің екі жағасында орналасқан ірі қала тәуелсіз Қазақстанның туристік саяхат нүктесіне айналар рухани орталығы болуға әбден лайық. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағыты бойынша: «Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады» – дегеніне сүйенсек, нағыз ...

Read More »

Қораға айналған мазар

Аңғарып зерделеген адамға бұл жерде көптеген кесенелер мен күмбездер болғанын білуге болады. Өкінішке қарай, сол тарихи ескерткіштер жайылымдағы жылқының қорасына айналған. Олардың арасында Болған ана мазары да тұр.  Бұл мазар және онда рухы мәңгі сая тапқан ана туралы нақты дерек те, аңыз да көп айтылған, жазылған. Орыс саяхатшысы Николай Рычковтың 1771 жылы жазуынша, одан кейін Шо­қан Уәлихановтың, Ақселеу Сейдім­беков­тің, Бақтияр ...

Read More »

Түбекте туризмді түлетуге мүмкіндік мол

Қазақстан туризмі дегенде «ашық аспан астындағы мұражай» атанған Маңғыстау туризмі тасада қала алмайды. Өңірде қазір бұл бағытта біраз жұмыстар жасалынып, бірқатар бағыттар бағамдалды. Әйтсе де «туризмді түгендей алдық» деп тоқмейілсуге әлі ерте. «Сырт көз – сыншы» дегендей, болашағынан үлкен үміт күттірер өрелі жастардың бірі, түркітанушы, өлкетанушы Бекболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫМЕН Маңғыстау туризмі бағытында сұхбаттасқан едік.  – Бекболат, сіз өңірдің өн бойы­на жиі ...

Read More »

Бөрітастағанның жұмбағын кім шешеді?

Табиғаттың аялы қолымен жаратылған  таңғажайып құбылыстардың бірі – Тарбағатайдағы Бөрітастаған. Өлкенің табиғат жаратқан құпия сырларының әлі де ашылмаған, зерттелмеген құбылыстары кездеседі. Табиғаттың аялы қолымен жаратылған сондай таңғажайып құбылыстарынының бірі – Тарбағатайдағы Бөрітастаған. Ерекше бітімді тастың атауына қатысты бірнеше нұсқа бар: біреулер «Бөрітостаған» десе, кейбірі «Бөрітастаған» дейді. Отыншы жазған ой Ол туралы ел жадында сақталған қиял-ғажайып әңгімелер әлі де айтылады. Кезінде ...

Read More »

Жылқы – қазақтан, қазақ – жылқыдан жерiп кеткен жоқ па екен?

“Қазақ малдың жайын жетiк бiледi”, “Мал бақса, қазақ бақсын!” деген қолпаш сөздердi жиi еститiнiмiз де рас. Бiрақ… Кеңес заманы кезiнде ерiк берiлмегенi де рас, ал ендi қазiр қанша қой, қанша жылқы, қанша сиыр өсiрсең де – өз еркiң емес пе?! Солай бола тұрса да, мыңғыртып мал айдап жүрген қазақты көрмедiм.  “Қарабайдың 90 мың жылқысы…” Бұрын мен мұны “Қозы көрпеш – ...

Read More »

Шоқайтерек

Шыңғырлау ауданындағы жетпіс түтінді Шоқтыбай ауылынан екі-үш шақырым қашықтықта бес адамның құшағы зорға жететін алып терек өсіп тұр. Жергілікті жұрт оны Шоқайтерек дейді екен. Бірақ, неге бұлай аталғандығы жөнінде ешкім нақты мағлұмат айта алмады. Біреулер Шыңғырлау өңірінде бұрындары Шоқай деген батыр болған екен десе, енді бірі алыстан шоқайып көрінетіндіктен «Шоқайтерек» атанып кеткен десті. Алайда, табан тірер тиянақты дерек жоқ. Елбасымен ...

Read More »

Сүгір жыраудың құлпытасы табылды

XVIII-XIX ғасырдағы көне қорымдардағы араб жазулы эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеп жатқан Ақжайық ауданындағы «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!» ғылыми-өлкетану экспедициясы Сүгір жыраудың құлпытасы екенін анықтады.  Экспедиция жетекшісі, өлкетанушы, Алмалы ауылдық округінің Атамекен ауылында тұратын ұстаз Жәнібек Әбілпейісовтің айтуынша, былтыр бастаған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу, яғни көне құлпытастардың орнын анықтап, картаға түсіру, суреттеп жазып, фотосуретке басу жөнінде аз уақытта ауқымды істер атқарылды. ...

Read More »

Арқарлар ауып кетпесін

Сонау қиын-қыстау, аштық заманын­да бір аңшы арқар аулап, бүкіл ауылды аман сақтап қалған кездер де болған. Осыған байланыс­ты аңыз-әпсаналар қазақ фольклорында көптеп кездеседі. Өр мінезді, таудың рухы болып табылатын ай мүйізді арқарымыз туралы сөз қозғамай тұрып, алдымен, адам мен арқарға байланысты мына бір аңызды еске салайық. Ақтабан шұбырынды заманында қазақтар қалмақтан жеңіліп жер ауып бара жатады. Еңбектеген баласынан қартайған кемпір-шалына ...

Read More »