• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Өлкетану » Бабаджа хатун кесенесі (ХІ ғ.)

    Бабаджа хатун кесенесі (ХІ ғ.)

    Кесене – Айша бибінің күтушісі болған адамға тұрғызылған. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған. Қабырғаларында сәндік безендірулер жоқ, бірақ сәулеттік құрылыстың  жинақы әрі қарапайым  ою-өрнектері  үйлесім тапқан.

    Кесененің көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан 16 қырлы конус жабыны – Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі. Қасбетінде: «Бұл Бабаджа Хатун  қабірі… Оны салушы» деген жазулар бөлігі сақталған. Кесенені соққан Шебердің  аты-жөні сақталмаған.

    Аңыз бойынша, кесене Айша арудың күтушісі болған, кейіннен бибісі өмірден өткен соң жас қабірдің өмір бойғы шырақшысы міндетін атқарған парыз адамы – Бабаджа Хатунның жер бесігі үстіне орнатылған.


    “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 

    Жамбыл обылсы әкімдігінің мәдениет,

    архивтер және құжаттама басқармасы мен

    “Адырна”ұлттық порталының  бірлескен жобасы


     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    8-аймақта – 8-керемет. VIII ғасырда салынған Ақыртас қамалы

    Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан көне қала сонау VIII ғасырда салынып, белгісіз себептермен құрылысы ...