• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Көкейкесті » Тарихтан тұжырым шығару керек

    Тарихтан тұжырым шығару керек

    Алматы қаласы Аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығында профессор Хангелді Әбжановпен кездесу өтті. Бұл кездесуді  «Адырна» ұлттық бірлестігі Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Тарихтан тағылым» жоба аясында өткізді.

    Ғалым жастарға қазақ халқының басына түскен нәубеттер туралы айтып берді. Қолдан жасалынған ашаршылық пен саяси репрессиялардың зардабы туралы өзі зерттеп, мұрағаттардан тапқан көптеген құнды деректермен бөлісті. Осы зұлмат жылдар миллиондаған қазақтардың өмірін үзгенін, адамдардың ашаршылықтан туған жерінен босып кеткенін, тіпті адам етін жеуге дейін барғанын, сол кездегі КСРО билігінің осының бәрін біле отырып ештеңе істегісі келмегенін, Қазақ зиялылары қанша хат жазса да орталықтағы басшылардың бұндай ескертулерге көңіл бөлмегенін тарихшы ретінде нақты дәлелдер келтіре отырып әңгімеледі. Осындай немқұрайлықтың себебінен бүтін бір ұлттан тартып алынған мал аштан қырылып үйіліп жатты. Тамақтан ашып-арыған халықтың саны күрт кеміді.

    Ғалымның әңгімесін жастар үлкен ынтамен тыңдады. Хангелді Әбжанов  ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің Қазақстанға әсерін айта келіп КСРО билігінің қазақ еліне бірнеше рет түрлі ауыртпалықтарды қолдан жасағанына баса тоқталды. Түрлі ұлттарды депортациялап Қазақстанға көшіруі мен тың жерлерді игеру деген мақсатпен басқа ұлт өкілдері көшкінінің тағы да бірнеше толқынын тоғыту мақсатының қазақтарды өз елінде азайтуға жетуді көздегенін ашып айтты. Сол тың жерлері игерілген кезде 1400 қазақ мектебінің әдейі жабылғанын мұрағаттан тауып баспасөз бетінде жариялағанын айтты.

    Жастар ғалым ағаның КСРО билігінің қазақ ұлтына әдейі жасаған зұлымдықтарына халықаралық деңгейде әлі баға берілмегенін айта келіп, алда осындай үлкен істі жүзеге асыру керек екеніне жастардың назарын баса аударды.

     

    Өз кезегінде жастар көптеген сұрақтар қойды. Хангелді Әбжанов қойылған сұрақтардың бәріне толыққанды жауап берді. Кездесу соңында жастар ғалыммен бірге естелік суретке түсті.

     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Поэт Абай и другие казахские акыны признавали Тенгри

    Уважаемые соотечественники! По моим наблюдениям в данное время казахи разделились на две группы в свете ...