Home » Айдарлар » Әдебиет (page 4)

Әдебиет

Әбубәкір Қайран. Күмән мен Күнә. (новелла)  

Әмісе, әйел жұмбағын Әулие де шеше алмас.                         Тәмсіл  Кербез де кеуделілеу жігіт Мәуленнің соңғы күндердегі өзгерісі басқаларға байқалмаса да, үй ішіндегілердің бәріне үрей туғыза бастағандай еді. Мырзалығы мен жомарттығын маңайындағы жұртқа қашанда көрсеткісі келіп жүретін мақтаншақтау азамат өзінің әйелінің сұлулығынан бастап, хан сарайындай алты бөлмелі үйі барлығын, қымбат көлік мініп жүргенін, аудан орталығындағы ең жаңа мектептің директоры екендігін санамалай ...

Read More »

Мұхтар ШЕРІМ. СЕКІРІП ӨЛЕМ!

Президент сайлауы қарсаңында секіріп өлгім келді. Анығын айтсам, суцид жасап, қоғамды дүр сілкіндірмесем де, тітіркендіргім, билікке наразылығымды білдіргім келді. Бірақ мен кіммін? Мен о дүниеге аттанғанда, аспан жыртылеп–жыртылеп кетер ме? Үлкен көпірдің үстінде тұрмын. Ойланып. Толғанып. Секірсем бе, секірмесем бе? Бір кезде көпір қоршауынан аяғымды асып, бұтымды көтере бергенімде, шатым шым ете қалды. Бұрылып қарасам, бір әдемі келіншек тұр. Санымнан ...

Read More »

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. Есіңде ме, Шағанай, Қарауылда

БАҚЫТ ҚОШЫ Есіңде ме, Шағанай, Қарауылда, Үшінші рет екеуміз кезіккенде, Шыңғыстау да нажағайлы бұлт оранды! Құлпырады солайша мый ғана аңқып! Радиоторап үйі алды – гүл, тораңғы… Сөз сөйлеуге қақысыз тіл қараңғы!.. Сонда, Жаңбырстан алапат күркіреген! Торғайкөзді тамшылар дүркіреген!.. Жапырақтарында құбылып жасыл уақыт, Бізді құшып жайқалды-ау шіркін емен!.. Сонда, Үр қызынікіндей қызарып арай-түрің, Үлгердің бе меңгеріп тоғай тілін!.. Мен де сонда ...

Read More »

Есенғали Раушанов. Жаз не деп еді

Жаз не деп еді Ол өксіген қарс айырып көкірегін: «Үйренісіп өзіңе кетіп едім, Маған қиын болады жалғыз қалу, Қалшы осында, қала ғой, өтінемін». Өмірі үшін, о мейлі құмары үшін, Ол қимады жанының жұбанышын: «Маған қиын болады жалғыз қалу, Ей, тас жүрек, сен соны ұғамысың?». Ал сен кетіп қалдың… Құшағында жаз қалды қоңыр түннің, Көз алдыңда көйлегі оның күлгін. Сары шаш ...

Read More »

БІР ӘТЕШТІҢ ТАҒДЫРЫ

Жалғанда әтеш болып дүниеге келген соң, не окарочка, не грил болмаған күнде кәуәп болып өлу деген де бақыт па деймін. Мұнда тапа-тал түсте түздегі әжетханаға құлап өлген әтештің тағдырын ешқандай құстың басына бермесін. Оқиға былай болды: Баққожа Мұқайдың “Өмірзаясын” оқып жатып маужырап кетіппін. Тапа-тал түстің дәл үш кезі еді, көршінің әтеші тереземнің тұсына келіп алып, “қақ-қақ-қақуууу” деп шақырып қоймады. Ұйқылы ...

Read More »

Хамит Есаман: “Жүрегіме жұлдыз түсті тамды өлең”

Хамит Есаман 1986 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген. Тараз педагогикалық институтының түлегі. 2008 жылы «Жалын» баспасынан «Ағаштың бүрі», 2013 жылы «Жазушы» баспасынан «Қараша хаттары» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» (Поэзия) аталымы бойынша екінші орын иегері. Ендеше назарларыңызға Жамбылдық жас ақынның жеңімпаз болған бір өлеңін ұсынамыз.   ...

Read More »

Нұрлан Мәукенұлы: Өлінің қамын тірі жер, Тірілер бірін-бірі жер

Нұрлан Мәукенұлы (1960-2003) – 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. 1984 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы КИМЭП-тің саясаттану бөлімін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. «Ана тілі» — »Жалын» бірлескен басылымы бас редакторының орынбасары болып істеді. «Аудитория», «Қарлығаш» жыр топтамаларында өлеңдері жарияланған. 1995 жылы «Бойтұмар» жыр жинағы жарық көрді. « Сұңқарбұлақ» атты поэзиялық кітабы шықты (2008). Бірнеше ...

Read More »

Серік ЕЛІКБАЙ. Мадақ жыры

Ер Мамай бастаған ауыр қол Кәрі Донның жоғары басына келіп тоқтады. Сансыз сарбазды ләшкердің, салмақты, суық жасақтың алдында кейінгі тарих Шик-Мамай деп атаған Шидақ, Көшімдермен қатар аталар Мамай бек тұрған. Күлуге бейімі жоқ биік қабақ, қиық көз, ұзын бұрымды Насрат-дин-Әбу-әл-Фатих өзін қоршаған қарашы, аталықтарға қарап ер Доспамбет қайда деді. – Оң қанатта. – Паң шатырға келсін. Дешті Қыпшаққа аты кеткен, ...

Read More »

Гүлімай Қуанышова. Құлап түссем! ӨЛЕҢГЕ!!!

Қуанышова Гүлімай Әбіщқызы. 1970 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аяққұм ауылында дүниеге келген. Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. “Ай қызы – арман”, “Дат, тақсыр тағдыр” жыр жинақтарының авторы.   Қызғалдақтың бүршігіне тығылып мүсəпірлеу сезімім, жабығынан сығалайды жаһанның… нəті-діріл,көзі-мұң. Түні бойы иінағашпен бұлт көсіп іздеп жүрген төзімін Айдың қызы қайда кетті таң ата? …Ол – мен! Соның өзімін!   ***   ...

Read More »